Кіріспе (2 сағат)


Аршу және өндіру жұмыстары. Механикаландыру құралдары



бет18/27
Дата03.11.2023
өлшемі5,62 Mb.
#121640
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
Лекция

Аршу және өндіру жұмыстары. Механикаландыру құралдары. Пайдалы кенорындарын ашық игеруде негізгі екі тәсіл бар: экскаваторлық және гидравликалық, көбіне экскаваторлық тәсіл қолданылады. Аршу жұмыстары деп – пайдалы кенді жауып тұрған бос жыныстарды алуды айтады. Аршу жұмыстары тілме оржолмен басталады. Аршу көлемі қазып өндірілетін тақталардың тереңдігіне байланысты. Абсолюттік және салыстырмалы аршу көлемі болып бөлінеді, олар аршу коэффициентін сипаттайды. Аршу коэффициенті дегеніміз – пайдалы кеннің бірлік көлемін (м3) қазып алу үшін карьер шегінде не одан тыс қашықтыққа қаншалықты бос жыныс көлемін тасымалдау керектігін көрсететін шама.
Ашық тәсілмен өндіру кезінде өндірілген 1 т көмірдің өзіндік құнының жерастылықпен теңесу тереңдігі карьердің соңғы тереңдігі немесе ашық өндіру шекарасы болып саналады яғни аршу коэффициентінің соңғы шамасын сипаттайды.
Өндіру жұмыстары: Тау-кен жұмыстарын өндіруге дайындау бұрғылап-ату тәсілімен немесе экскаватормен жүргізіледі. Атылғыш заттар ретінде аммонит қолданылады. Карьерлерде қолданылатын экскаваторлар: біршөмішті және көпожаулы болып бөлінеді. Көмірді қазып алу кезінде шөміш көлемі 2 ден 8 м3 дейін, ал аршу жұмыстарына шөміш көлемі 4 тен 25 м3 дейінгі экскаваторлар қолданылады. Карьерлерде тау-кен жыныстарын тасымалдау теміржол, автотрактор, конвейер және гидравлика көмегімен жүзеге асады. Вагондардың үш түрі қолданылады: өздігінен төгетін (думпкарлар), дондық тиегіш (хопперлер) және бітеу кузовты (гондолдар). Үйінді деп – бос жыныстарды жоспарлы түрде жинауды айтады. Үйінділер ішкі және сыртқы болып бөлінеді: ішкі үйінді сол карьердің қазылған кеңістігіне, ал сыртқы үйінді – оның аумағынан тыс орналасады.
Кенорнын ашу. Кенорнын немесе карьер алаңын ашу жұмысшы кенжармен пайдалы кенді тиеу пунктерімен бос жыныстарды жербетіне шығаруға тасымалды жасау үшін жүргізіледі. Карьер алаңы, жербетінен кенорнына жол ашатын күрделі оржолмен ашылады, карьер алаңын өндіруге дайындау тілме оржолмен жүргізіледі. Күрделі оржол ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Ішкісі карьер жағдауымен оның нұсқасында орналасады, ал сыртқы – карьердің нұсқасынан тыс орналасады.
Ашу жеке, топтық және жалпылама күрделі оржолдармен және де жерасты үңгілері: тауашар, тік және көлбеу оқпандармен іске асуы мүмкін.
Әрбір кемерді жеке (ішкі немесе сыртқы) оржолмен ашу тақталары жазық немесе көлбеу жатқан өте тереңде орналасқан кенорныдарын қазып өндіру кезінде қолданылады.
Топтық оржолмен ашудың мәні үш-төрт кемер тобын олардың жалпы саны төрт-алты кезінде бір сыртқы немесе ішкі оржолды өту. Көбіне топтық үңгінің біреуі жыныстық келесісі өндірістік кемерлерді ашуды қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл қалыңдығы үлкен едәуір тереңде жазық және көлбеу жатқан тақталарды өндіруде қолданылады.
Карьердің барлық кемерін бір ғана жалпылама оржолмен ашу (3– сурет) терең кенорындарын немесе таулы өлкеде орналасқан кенорындарында қолданылады.
Нақтылы жағдайлаға байланысты оржолды жүргізудің әртүрлі тәсілдері қолданылады: тасымалдық – үйіндіге жынысты жеткізу; тасымалсыз – оржол жағдауына жыныстарды орналастыру; аралас.

3 – сурет Карьер алаңын жалпылама бір ғана оржолмен ашу






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет