7 тақырып (2 сағат)
Дәрістер жоспары:
Құрлыстық тау-кен жыныстарын қазып өндіру.
Шақтының барлық қазбаларын шақты оқпанымен қосуға арналған қазбалар шоғырын - оқпан албары деп атайды. Оқпан албарынан барлық шақтыдан шығарылатын және жер бетiнен түсiрiлетiн жүктер өтедi. Сондықтан оқпан албары жүк алмастыруға ыңғайлы болуы керек. Оқпан албарындағы көп қоймалар су тартуға, транспорттарды даярлауға т.б жағдайларға қолданылады. Ашу жүйесiн таңдағанда, оқпан албарын тұрақты жыныстардың арасында орналасуын қарастыру керек. Оқпан албарының жүк тасу мүмкiншiлiгi, шақтының жылдық өнiмiне сай болуы керек. Оқпан албарындағы рельс жолдары жүк жүру бағыттарына сай қылып өткізiледi. Оқпан албарындағы қазбалардың аумақтары оқпандардың орналасуына, көтергiш құбырлардың түрiне, ашу жүйесiне, тақталардың жатыс жағдайына, жер бетiндегi темiр жолдардың орналасуына байланысты жасалуы керек. 7.1-суретте, оқпан албарының, пайдалы қазбаны тiк оқпанмен ашқандағы орналасуы көрсетiлген. Оқпан албарындағы барлық камераларда, қауiпсiздiк ережесiне сәйкес, өздерiнiң атқаратын жұмыстары болады. Мысалы, шақтыны тосыннан су басып кетпеу үшiн, насосты камераларға, электр станцияларына үш жүрiс жолдары өткізiледi. Оның бiреуi шақты оқпанына, камерадан жоғары 7 м биiктiкте қосылады, ал басқалары, тығыз жiктi есiктермен жабдықталып, оқпан албарына шығады. Орталық электр станциясының камерасы және басты су шығаратын камералар, оқпан албарындағы рельстерден 0,5 м жоғары орналасуы керек. Насос камерасынан 5,5 м төмен су жинағыш (шұңқыр) жасалынады, барлық шақтыдан шығатын су осында жиналады. Су жинағыш екеу болады, олар кезек-кезек жиналған, ластанған суларды тазалап тұрады. Басты су жинағыш камерасы 4 сағат бойындағы суды жинауға есептелiнедi.
Қауiпсiздiк ережесi бойынша, шақтының әр горизонтында өрт сөндiргiш поезд және өрт сөндiруге керек материалдар сақталынатын қойма болуы керек. Поезд және қойма оқпан албарында орналасуы керек. Қосалқы оқпанға келетiн қазбалар, өрт жiбермес есiктермен қамтамасыз етiледi. Көп шақтыларда жүк тасуда аккумляторлы электровоздар қолданылады, сондықтан аккумуляторды зарядтайтын станциялар және оларды жөндеу шеберханасы салынуы керек. Кеншiлер жұмыстан кейiн қырға шығу үшiн аялдама камерасына жиналады. Егерде шақтыда iстейтiн кеншiлердiң саны 500 ден асса, онда медпункт ашылады. Жүктер тасылған және шоғырланған жерiнде диспетчер бөлiмi болу керек.
7.1 – сурет. Оқпан албары: 1 – скипті оқпан; 2 – клетті оқпан; 3 – ЖЗ қоймасы; 4 – ЖЗ қоймасын желдететін түйіліспе; 5 – зарядтау камерасы; 6 – жөндеу шеберханасы; 7 – электртасымалдаушы тұратын жер; 8 –
алмастыру станциясы; 9 – жыныстар түсіретін шұңқыр; 10 – көмір түсіретін шұңқыр; 11 –
медпункт; 12 – туалет; 13, 14 – орталық электрстанциялары; 15 – су жүретін жүрісжол;
16 – кеншілердің поезға мінетін жері; 17 – насос станциясы
Достарыңызбен бөлісу: |