Кіріспе (2 сағат)


Фронталді-флангалы талғап қазу технологиясы



бет24/27
Дата03.11.2023
өлшемі5,62 Mb.
#121640
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Лекция

Фронталді-флангалы талғап қазу технологиясы

1976 - 85 жылдары - кендіңгектерді, әр түрлі шоғырланған учаскелерді, күрделі жатқан тақталарды қазып алу үшін ВМФ-2, ВМФ-4, ВМФ-4Н, ВМФ-4КН сияқты көмір қазу машиналары өндірістік сынақтардан өтті (10-сурет) [19, 40].


ВМФ типті қазу машиналары – кейін, талғап қазатын манипуляторлары деп аталған. Бұл машиналарда ПК-3, ГПК және тағы басқа үңгілеу комбайндардың орындаушы құралдары пайдаланылған. Үштік ерік дәрежелі атқарушы құралдармен құрылған қазу манипуляторлары күрделі тақталарды талғап алу мүмкіншілігіне ие болды. Бұндай қабілет, қазіргі қолданылып жатқан комбайндарда жоқ.

10-сурет. Қазба манипуляторларының түрлері: а – ВМФ-2 (ВМФ-3), б – ВМФ-4 (ВМФ-4Н), в – ВМФ-4КН, г – ВМФ-5: 1 – орындаушы құралдың мойны, 2 – орындаушы құралдың коронкасы, 3 – айналмалы тұғыр, 4 – жылжытқыш механизм, 5


май багі, 6 – тоқ жалғастырушы, 7 – кернеуші гиродомкрат

Қазба манипуляторлардың комбайндар алдында келесідей артықшылықтары бар:


орындаушы құралдың талғаушылығы;
орындаушы құралдың қопару қаблетінің жоғарылығы;
машинаның салмағының жеңілдігі;
жұмысының ептілігі (маневрлігі);
энергиямен төмен қарулануы;
металл сыйымдылығының төменділігі;
бағасының арзандығы;
өндіріске шығару үндестігі.
Осы техникалық қабілеттерінің арқасында қазба манипуляторлары шоғырланған күрделі учаскелерді қазып алуға өте қажетті жабдық екендігін дәлелдеді. 1977, 1978, 1985 жылдары жылдары ВМФ-2, ВМФ-4 (ВМФ-4Н) және ВМФ-4КН машиналары «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігіне жататын Долинск пен Топар шақтыларында өндірістік сынақтардан өтті. Долинск шақтысында Д-6 көмір тақтасының екі діңгегі және Топар шақтысында К-10 күрт құлама тақтасының күрделі учаскесі қазылып алынған.
Сынақтардың техника-экономикалық нәтижелері 4.4-кестеде келтірілген.
4-кесте. ВМФ типті қазба манипуляторларының өндірістік нәтижелері





Көрсеткіштер

1977 ж.

1978 ж.

1985 ж.

1

Қазба учаскенің түрі

кендіңгек

кендіңгек

күрделі құлама тақта

2

Өндірістік бірлік

«Қарағандыкөмір»

3

Шақтының аты

Долинск

Топар

4

Көмір тақтасының белгісі

Д-6

К-12-2

5

Тазартпа кенжар ұзындығы, м

44

60

100

6

Қазба алабының ұзындығы, м

125

110

150

7

Тақтаның қалыңдығы, м:
- толығы
- қазылатыны

4,5-5,0
3,2



4,6
2,7



2,2-2,3
2,2-2,3



8

Тақта құрылысы

күрделі, 6-7 жыныс қабатшаларынан тұрады

2-3 жыныс қабатшалары

9

Құлама бұрышы, градус

8

13-16

35-40

10

Қазба манипуляторларының түрі

ВМФ-2

ВМФ-4

ВМФ-4КН

11

Кенжар тіреуі

2М-81Э механикаланды-рылған бекітпесі

жеке дара ағаш тіреулері

12

Сынақ кезінде қазылған көмірдің жалпы көлемі

28227

33850

9000

13

Кенжардың тәуліктегі жоғарғы көмір табысы, т

490

510

168

14

Ауысымдағы жұмысшылардың саны

2-4

2-4

2-5

15

Тәуліктегі ауысымдар саны

1-2

1-2

2

16

Экономикалық тиімділік, мың рубль

173,3

384,1

19,3

Ол уақытта, жер қойнауындағы пайдалы кендерді толық және құнттап алу тау-кен өндірісінің өзекті саясаты болғандықтан, кендіңгектерді, нешетүрлі шоғырланған учаскелерді алу маңызды мәселе болып саналатын. Күрделі таугеологиялық жағдайда 300 - 500 т шамасындағы кенжардың тәулік қуаты тәуір көрсеткіш деп білінген. Осындай талаптар бойынша қазба манипуляторлары өздерінің жұмыс істеу мүмкіншіліктерін дәлелдеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет