9 тақырып (2 сағат)
Дәрістер жоспары:
9. Пайдалы кенді байыту.
Негiзгi жыныстар бойымен оқпандар бұрғылап-жару әдiсiмен жүргiзiлгенде келесі операциялар орындалады: теспелерді бұрғылау, оларды дәрiлеп жару, жарылыстан соң желдету, оқпан жағдайын қадағалап қарау т.б. Оқпан тереңдеген сайын уақытша тіреу қойылып, кейiн ол түпкiлiктi бекітпеге ауыстырылады. Ұңғылау барысында оқпан жекелеген учаскелерге бөлiнедi. Әр-бiр учаскеде ең алдымен жынысты қазып, уақытша тіреу қойылады, ал соңынан уақытша тіреу тұрақты бекітпемен ауыстырылады. Учаске ұзындығы жыныстардың геологиялық жағдайларына байланысты, көлбеу жатса 30 - 50 м, ал тiкелей жатса одан қысқалау болып өзгереді. Ағаш тiреулері оқпандарда учаске мөлшерi 5 - 20 м құрайды.
Түпкiлiктi бекітпе тiрек тәжiнен бастап төменнен жоғары қарай қойылады (1-сурет).
1 - сурет. Бетон құрсауының тiрек тәжiсi: 1- айналма қуыс; 2 - бөренелер; 3 - уақытша құрсау; 4 - аспау; 5 - бөренелер; 6 - ағаш сөрелерi; 7 - құрсау
Әрмірлеу жұмысы, оқпандарды толық тереңдiгiне шейін өткізгеннен кейiн, немесе жекелеген құрамдарға бөлшектенiп жасалынады. Тік оқпандар өткізер алдында транспортпен, электр қуатымен, сумен, және қажетті ғимараттармен қам-тамасыз етiлген құрылыс алаңы дайындалады. Оқпан өткізу процесі оның аузынан басталады. Оқпан аузы деп, оның жер үстiмен негiзгi жыныстар арасында жатқан бөлігін айтады.
Оқпан ауызын кеңейту кезінде топырақ қазу жұмыстары тікелей грейфермен немесе ұрғы балғамен орындалады, ал оны жер бетіне көтеру – автокранмен әлде экскаватормен атқарылады. Негiзгi жыныстарда оқпан өткізу әдетте бұрғылап жару әдісімен орындалады. Дөңгелек қималы оқпандарда, теспелер дөңгелек шеңбер бетімен орналасады (2 а-сурет).
О мыртпа теспелер еңкiштiгi 50 - 900 етiлiп бұрғыланады. Теспелердің пайдалану коэффициентiн (ТПК) жоғарлату мақсатында омыртпа теспелер басқа теспелерден 150 - 200 мм тереңiрек бұрғыланады. Оқпан қабырғасынан 15 - 40 см қашықтықта сыртқы нобайы бойынша пішіндеуші теспелер бұрғыланады. Омыртпа және пішіндеуші теспелер арасында бiр-екi шой теспелер орналасады (2 б-сурет). Оқпанды өткізгенде кеншiлер мен сайман құралдарды және материалдарды түсiрiп, көтеру үшiн көтергiш дің (копёр) құрылады. Оған жататындары: көтергiш машина, көтергiш сауыттар, бағыттағыш құралдар мен қырдағы қабылдағыш алаң т.б.
2 - сурет. Шақты оқпанын өткізердегі теспелердің орналасу схемасы:
а) дөңгелек қиықты; б) тiк қиықты
Достарыңызбен бөлісу: |