Шақтының жерүстіндегі технологиялық комплексi. Шақтының техникалық және шаруашылық мұқтаждарын қанағаттандыратын жер бетiндегi құрылыстар, үйлер, кен көтергiштер - шақтының жерүстілік комплексi деп аталады. Бұл комплекске жататындары жерүстiндегi құрылыстар, діңдер, көтергiш машиналар т.б. Бұл құрлыстарға жүк итергiштер, пайдалы қазбаны сақтайтын бункерлер және темiр жол вагондарына, арнаулы қоймаларға тиейтiн, ленталы конвейерлер жатады. Пайдалы қазбалар, темiр жол бункерлерiне тиелмей тұрып, iрiктелiп, сортталып, не болмаса байыту фабрикасына жiберiледi. Әрбiр шақтыда әкiмшiлiк-тұрмыстық комбинат салынады. Комбинаттан қосалқы оқпанның сөресiне қатынасу жабық галарея, не болмаса туннель арқылы атқарылады. 7.2-суретте, салынатын шақтылардағы жербетi құрылыстарының блоктанған түрi көрсетiлген. Рудниктердегi жер бетiндегi құрылыстар, көмiр шақтыларындағы құрылыстарға ұқсас келедi.
7.2 - сурет. Шақты маңайы
7.3-суретте шақтыдағы өндiрiс алаңының негiзгi (бас) жоспары көрсетiлген.
Жер бетiндегi құрылыстардың және оқпан албарының жоспарлануы бiрiмен-бiрi байланысты болуы керек. Жаңа салынған шақтыларда, жер бетiндегi технологиялық процестердi механикаландыру, автоматтандыру үшiн, жер бетiндегi құрылыстар бiрiмен-бiрi қосылып топтасуы керек. Шақтыларда, жер бетi құрылыстарының топтамасы үш блоктан тұрады: бас оқпан блогi; қосалқы оқпан блогi; әкiмшiлiк - тұрмыстық комбинаты.
7.3 - сурет. Шақты құрамының жобасы:
1 - негiзгi және қосалқы оқпан блоктары; 2 - байыту қондырғысы; 3 – жылыту орны; 4 – көмiр қоймасы; 5 - желдетпе қондырғылары; 6 - электростанциялар; 7 - тiреу материалдары қоймасы; 8 - әкiмшiлiк-тұрмыстық комбинат; 9 – көмiр тиейтiн жер
8 тақырып (4 сағат)
Дәрістер жоспары:
Пайдалы кенорындарын қазып өндірудің айрықша тәсілдері.
Дәстүрсіз көмір қазу технологиялары
Жоғарыда айтылған қазу жүйелері мен технологиялардан бөлек, таугеологиялық шарттары күрделі тақталарды, түрлі кендіңгектерді, пішіндері күрделі шоғырланған учаскелерді алуға арналған фронтальды-флангалы талғап қазу технологиясы, дайындау үңгілерді алдынан ала өткізусіз, тазартпа кенжарларды керіс бұрып қазу сияқты дәстүрсіз технологиялар белгілі [15, 19, 24, 40].
Достарыңызбен бөлісу: |