Механикаландырылған комплекстерді керіс бұрып қазу технологиясы
Шақты өндірісінде бір қазба алабы қазылып болған соң, келесі алабты бастағанша біраз уақыт өтеді. Ол, монтаждық-демонтаждық жұмыстарымен, кезекті қазба алабтың дайындығымен және тағы басқа себептермен байланысты.
Осындай жағдайдың әсерінен комплектсердің пайдалану тиімділігі төменделеді. Комплекстердің тиімділіктерін жоғарлату мақсатында технологиялық жүйелерді жетілдірілуі басталып, нәтижесінде жаңа технологиялық жүйелер пайда болды. Соның бірі, механикаландырылған комплекстерді 180 градуска керіс бұрып қазу технологиялық жүйесі.
Бұл жүйе бойынша магистралді үңгіден (бремсберг, еңіс, бас штрек сияқты) екі шектес бағаналардын дайындығы бірлесіп
Техника-экономикалық көрсеткіштер
№
|
Көрсеткіштер
|
Шамалар
|
1
|
Тазартпа кенжардың ұзындығы, м
|
160
|
2
|
Көмір тақтаның қалыңдығы, м
|
2,5
|
3
|
Тақтаның құлама бұрышы, градус
|
14
|
4
|
Механикаландырылған комплекстің түрі
|
2ОКП70
|
5
|
Комбайнның жұмыс істеу әдісі
|
екіжақтық
|
6
|
Төбе қысымын игеру тәсілі
|
толық құлату
|
7
|
Комбайн көмір қазу жылдамдығы, м/мин
|
0,88
|
8
|
Тәуліктегі циклдар саны
|
6
|
9
|
Кобайнның алқым ені, м
|
0,63
|
10
|
Көмірдің тығыздығы, т/м3
|
1,5
|
11
|
Кенжардың тәуліктегі жылжымы, м
|
3,78
|
12
|
Кенжардың тәулік қуаты, т/тәулік
|
2117
|
13
|
Кеншінің шығыс өнімділігі, т/шығыс
|
45
|
1-сурет. 2ОКП70 Механикаландырылған комплекспен жабдықталған тазартпа кенжардың планограммасы мен техника-экономикалық көрсеткіштері
Техника-экономикалық көрсеткіштер
№
|
Көрсеткіштер
|
Шамалар
|
1
|
Тазартпа кенжардың ұзындығы, м
|
180
|
2
|
Көмір тақтаның қалыңдығы, м
|
3,2
|
3
|
Тақтаның құлама бұрышы, градус
|
12
|
4
|
Механикаландырылған комплекстің түрі
|
КМ130
|
5
|
Комбайнның жұмыс істеу әдісі
|
Біржақтық тазалаумен
|
6
|
Төбе қысымын игеру тәсілі
|
толық құлату
|
7
|
Комбайн көмір қазу жылдамдығы, м/мин
|
1,3
|
8
|
Комбайн құрқайту жылдамдығы, м/мин
|
5-6
|
9
|
Тәуліктегі циклдар саны
|
6
|
10
|
Кобайнның алқым ені, м
|
0,63
|
11
|
Көмірдің тығыздығы, т/м3
|
1,4
|
12
|
Кенжардың тәуліктегі жылжымы, м
|
3,78
|
13
|
Кенжардың тәулік қуаты, т/тәулік
|
3048
|
14
|
Кеншінің шығыс өнімділігі, т/шығыс
|
54,4
|
2-сурет. КМ130 механикаландырылған комплексімен жабдықталған тазартпа кенжардың планограммасы мен техника -экономикалық көрсеткіштері
Техника-экономикалық көрсеткіштер
№
|
Көрсеткіштер
|
Шамалар
|
1
|
Тазартпа кенжардың ұзындығы, м
|
200
|
2
|
Көмір тақтаның қалыңдығы, м
|
3,5
|
3
|
Тақтаның құлама бұрышы, градус
|
11
|
4
|
Механикаландырылған комплекстің түрі
|
КМ130
|
5
|
Комбайнның жұмыс істеу әдісі
|
Біржақтық тазалаумен
|
6
|
Төбе қысымын игеру тәсілі
|
толық құлату
|
7
|
Комбайн ж/керпешті қазу жылдамдығы, м/мин
|
|
8
|
Комбайн т/керпешті қазу жылдамдығы, м/мин
|
|
9
|
Тәуліктегі циклдар саны
|
4
|
10
|
Кобайнның алқым ені, м
|
0,63
|
11
|
Көмірдің тығыздығы, т/м3
|
1,45
|
12
|
Кенжардың тәуліктегі жылжымы, м
|
2,52
|
13
|
Кенжардың тәулік қуаты, т/тәулік
|
2558
|
14
|
Кеншінің шығыс өнімділігі, т/шығыс
|
48,3
|
3-сурет. КМ130 механикаландырылған комплексімен жабдықталған тазартпа кенжардың планограммасы мен техника-экономикалық көрсеткіштері
Бағаналар жазылым бағытпен алынатын жағдайда, қатарынан үш штрек өткізіледі. Ортаңғы штрек конвейерлік ретінде,
бір тазартпа кенжар ұзындығы бойына қысқаландырылып өткізіледі. Одан жоғарыдағы мен төмендегі – желдетпе штректер болады. Желдетпе штректері алабтың шекарасында, тазартпа кенжардың ұзындығына тең радиуспен айналмалы үңгі арқылы бір-бірімен қосылады. Учаскенің желдету процесін оңайлату мақсатымен панелдің шеттерінде желдетпе жүрістері өткізіледі. Бұл шешім жоғары категориялы көмір тақталарын да қазуға мүмкіншілігін тудырады. Таңдалған бағананың бірінен (жиі жоғарғысынан) бремсберг (еңіс) діңгегінің маңайынан тілме пеш дайындалып, тазартпа комплекс жинақталады. Бастапқы бағананы алуда комплексті бұру мәселесін таңдау керек – үстіден төменге немесе астыдан үстіге бұру сияқты. Бірінші бағана (І) - тік, екінші (ІІ) - керіс бағытпен (тәртіппен) қазылып алынады.
4-сурет. Механикалндырылған комплексті 1800 керіс бұрып қазу технологиялық жүйесі
Тазартпа кенжардың көмірі конвейерлік штрек арқылы тасымалданады. Штректі тұрақты жұмыс жағдайында сақтау үшін, оның қазылған жағынан арнайы органдық тіреулер орнатылады. Желдетпе штрек кенжардың артында жойылып отырылады. Конвейер штрегінің шетіне 6 - 7 м қалғанда, монтаждық-демонтаждық жұмыстар орындалусыз біртіндеп механикаландырылған комплекстің (тазартпа кенжардың) бұрылысы басталады. Толық бұрылыс 180 градусқа орындалған соң тазартпа кенжар жаңа бағананы керіс бағытпен қазып алуға дайын болады. Бұл бағана қазылып алынып болған соң комплекс таратылады (бөлектенеді). Бұл жолы конвейерлік штрек тазартпа кенжардың соңынан жойылып тұрады. Желдетпе штрек келесі тазартпа жұмыстарында қайта пайдалану үшін сақталуы мүмкін.
Бұл технологиялық жүйенің келесідей түрлері болуы мүмкін: 90 градусқа бұрылу (мүмкін басқа бұрыштармен де), құлама - өрлеу бағытпен істеп бұрылу, бірнеше бағаналарды (3 - 4 дейін) қатарлап бұрылумен қазып алу, көптеген бұрылыстармен күрделі учаскелерді қазып алу.
Комплекстерді бұрып қазу технологиялық жүйелері, бұрыштары 12 градустан аспайтын, қалыңдықтары 0,9 - 4,0 м аралықтарындағы көмір тақталарында пайдаланылуы мүмкін. Бұл жүйелер Кузнецк көмір бассейнінің «Распадская», «Полысаевская», Қытай шақтыларында жақсы көрсеткіштермен жұмыс істеген. Бұл жүйелердің негізгі артықшылықтары - механикаландырылған комплекстердің мүмкіншіліктерін толық пайдалану мен тазартпа жабдықтардың монтаж-демонтаж жұмыстары шығындарын төмендетумен байланысты. Кемшіліктері: қазба алабтардың бұрылыс бұрыштарындағы көмір жоғалымдарының өсуі және бұрылыс кезіндегі көмір табысының төмендеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |