f = s / 100 .
Қаттылық коэффициент 0,3 тен 20 дейiн өзгереді. Мысалы, жұмсақ тас көмiрдiң қаттылығы 0,3 тең болса, ал тығыз және қатты кварцит, базальттардың қаттылығы 20-ға дейiн барады. Темiр рудаларының қаттылығы 6–12 аралығында.
Профессор Протодьяконовтың қаттылық коэффициент шкаласы дегенiмiз келiсiмдi өлшем.
Пайдалы кенді алу және алынған кен орнын тiреу процестері кен жұмысы деп аталады
Кен жұмыстарын атқару барысында жыныстар арасында қазба атты қуыстар пайда болады.
Қазбалар - орны, атқаратын жұмыстары, формасы және жату тереңдiгi бойынша әр түрлi болып келеді. Атқаратын жұмысына байланысты өткізілетін қазбалар, пайдалы кенді iздеп тауып, анықтауға арналса - барлаушы, ал кендi қазып алуға арналса – пайдаланушы қазбалар деп аталады. Жер бетiндегi ойылымдар ашық қазба, ал одан төменгілері жерастылық болып саналады. Жерастылық қазбалардың жер бетiне шығатын тұсын - ауызы деп атайды. Қазбалардың кен жұмыстарын жүргізуге байланысты жылжып тұратын бетiн кенжар дейді. Жерасты орналасу бағытына байланысты қазбалар - тiк, құлама, жазық болып бөлiнедi.
Тiк қазбалар қатарына жататындары - оқпан, тұйық оқпан, шурф, өрлеме, гезенк (3.1-сурет).
Оқпан – тікелей, жер бетiне шығатын қазба. Атқаратын жұмысы - қазып алынған кендi жер үстіне шығару, ауа алмастыру, кеншiлердi, материалдарды түсiрiп шығару т.б. Басты оқпан - тек қазып алынған кендi жер үстіне шығару функциясын атқарса, қосалқы оқпан арқылы кеншiлердi, материалдарды, басқа да жабдықтарды көтерiп-түсiру, шығару үшiн қолданылады.
Тұйық оқпан - тiк бағытты, жер бетiне шықпайтын және төменгi горизонттар кенiн жоғары көтеру үшін механикаландырылған көтергiшпен жабдықталатын қазба.
Шурф (шыңырау) - жер бетiнен бастап тiк (сирек құлама) өтетiн, жаппай жару кезiнде жарылғыш заттарды орналастыратын, шақтыларға жел жiберу, тiреу, материалдарды түсiрiп-шығару үшін қолданылатын қазба.
Гезенк (оқпақ) - жер асты жыныстарын жоғарыдан төмен түсiретiн, ауа алмастырып, кеншiлердi, материалдарды, жабдықтарды жеткiзетiн құлама (тік) қазба.
Жазық қазбаларға - штольня, квершлаг, штрек, жапсырмақаз және орт жатады.
Штольня (тауашар) – тікелей жер бетiне шығатын және жерасты жұмыстарының бар мұқтажын қамтамасыз етуші қазба. Оның барлаушы, пайдаланушы түрлерi болады.
3.1 - сурет. Тау-кен қазбалары: 1, 2 – тік оқпандар, 3 - тұйық оқпан, 4 - гезенк, 5- шурф, 6 – көлбеу оқпан, 7 - бремсберг, 8 - еңес, 9 – құлама қазба, 10 - жүрiс жол, 11- орт, 12 – көлбеу шурф, 13 – штольня (тауашар), 14 - штректер, 15- квершлагтар, 16 - жапсырмақаз, 17- тiлме қазба
Квершлаг (қылует) - жерастылық көмiр тақталарының жазылым жатысына кесе көлденең өтетiн, жүк тасып, кеншiлердi қатынастыру және ауа алмастыру жұмыстарын атқаруға арналған, жер бетіне шықпайтын жазық қазба.
Штрек (қуақаз) - жерастылық пайдалы қазбаның жазылым бойымен, не жанасты өтетiн, ауа алмастыру, адам-жүк тасу жұмыстарын атқаратын қазба. Штректердiң екi түрi кездеседі: бiрiншiсi - тасыма штрегi, екiншiсi - желдетпе штрегi.
Жапсырмақаз (просек) - жерастылық жазық көмiр тақтасы бойынша өткізiлiп, ауа алмастыру және жұмысшылар қатынасын қамтамасыз ететiн қосалқы қазба.
Орт - жерастылық қалың көмiр қабаттарына көлденең өтетiн, барлау, ауа алмастыру, жүк тасу жұмыстарын атқаратын қазба.
Қөлбеу қазбаларға жататындары – қөлбеу оқпан, көлбеу шурф, бремсберг, еңес, құлама, жүрiс жол, тiлме қазба және түйiлiспе.
Көлбеу оқпан атқаратын жұмыстары тiк оқпан мен тiк шурфтың атқаратын жұмыстары. Айырмашылығы олардың құлама орналасқандығы.
Бремсберг (өрлейқаз) - пайдалы қазбаны жоғарыдан төмен түсiретiн, жер бетiне шықпайтын қазба.
Еңес (уклон) – пайдалы қазбаны төменнен жоғары шығаратын, жер бетiне шықпайтын қазба.
Құлама (скат) - пайдалы қазбаны жоғарыдан төмен түсiретiн, жер бетiне шықпайтын қазба.
Жүрiс жол (ходок) - жұмысшылар қатынасуына, ауа алмастыруға, түрлi жабдықтарды жеткiзуге арналған құлама (кейде жазық) қазба. Жүрiс жол әрқашан бремсберг, еңестерге жанаса өтетiн, көбiнесе жұмысшыларды тасу үшiн механикаландырылған қазба.
Тiлме қазба (печь) - кен қабатымен өткізiлетін, жер бетiне шықпайтын қазба. Атқаратын жұмысы - жұмысшылардың қатынасуы, ауа алмастыру, жүк тасу, материалдарын жеткiзу.
Түйiлiспе (сбойка) - ауа алмастыру үшін арналған құлама, не жазық қазба. Жоғарыда келтірілген қазбалардың барлығында көлденеңдiгiнен ұзындығы артық, ал ұзындығы мен көлденеңi шамалы қазбаларды – камералар (кенүңгір) деп атайды.
Камераларда машина, механизмдер орналасады, әр түрлi материалдар сақталынады. Камералар көбiнесе оқпан маңайында орналасады. Камералар атқаратын функциясына байланысты - аялдама камерасы, электровоз гаражы, насос станциясы, диспетчер, медициналық пункті, су жинағыш т.б. түрлерге жіктеледі
Кен қазылатын орынды тазартпа кенжар деп атайды. Жерастылық кен алатын ұзын кенжарды - лава деп те айтады. Қазба өткізу жұмыс орнын ұңғыма кенжар дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |