Кіріспе (2 сағат)



бет6/27
Дата03.11.2023
өлшемі5,62 Mb.
#121640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
4 - тақырып (8 сағат)
Дәрістер жоспары:
4. Көмір кенорындарын жерасты қазып өндіру


4.1 Қазу жүйелері жөнінде негізгі түсініктер

Нақты көмір тақтасының таугеологиялық жағдайы мен кенқазу жабдықтарына айқындалған, кеңістік және уақыт бойынша бір-бірімен қалыптастырылған дайындау және тазартпа жұмыстарының орындалу тәртібі мен ретін - қазу жүйесі деп атайды.


Қазу жүйелеріне мынандай басты талаптар қойылады: орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігі, тиімділігі, жер қойнауының құнттылығы, қоршаған ортаның қорғалуы және тағы басқалар.
Тау-кен жұмыстары қауіпсіз жағдайда өту үшін міндетті түрде келесідей талаптар орындалуға тиісті: тазартпа кенжардан ең аз дегенде екі шығыс жолы қалдырылады, кенжарлар үздіксіз желдетіліп тұрады, жерасты жұмыс орындары берікті бекітіледі (тіреуленеді), шаң шығуын, көмір - газ кенетті лақтырылыстары мен тау-кен қозғалыстарын ескеру үшін алдын ала арнайы шаралар қолданылады.
Жоғары тиімділікке жету үшін қазу жүйелердің қаржы, еңбек, энергия, материалдар шығындары төмен деңгейде болуға тиісті. Жұмыс үдірістерін механикаландыру мен автоматтандыру, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру, қазу жүйелерін дұрыс таңдау, ұтымды конструктивтік шешімдерді қолдану – бұлардың барлығы еңбек шығындарын төмендетуге бағытталған қажетті ұмтылыстар. Жоғары еңбек өнімділігі – барлық қазу жүйелерін тиімді қылдыратын жағдай, өйткені оған дәлел болатыны: 1 тонна қазылған көмірдің өздік құнында еңбек ақысына жататын үлесі 40% дейін құрайды.
Жер қойнауын қорғау мәселесі мемлекет заңында тәртіптелген. Пайдалы кен жоғалымы мемлекет пен халыққа үлкен зиян әкелетіндігі айқын. Жерастында көмір жоғалымы шақтыны жобалау кезінде де, ұтымды қазу жүйені де таңдауда міндетті түрде ескеріледі. Бүкіл көмір өндірісінің, шақтылардың техника-экономикалық көрсеткіштері осы мәселемен байланыстырылады: мысалы, көмір жоғалымы жоғары болған сайын кәсіпорындарға айып салынады, көмірдің өзіндік құны мен бағасы өседі, шақтының қызмет мерзімі қысқарады. Сондықтан бұл талапты орындау барлық басшылар мен мамандардың борышы.
Дұрыс таңдалынған қазу жүйесі өндірістік процестерді комплекстік механикаландыру мәселесіне, тау-кен жұмыстарын шоғырландыруға (бір тазартпа кенжарға, тақтаға, панелге, горизонтқа, шақтыға жоғары өнімділікке жол ашу), жұмыс беріктігігіне мүмкіншілік тудыруға тиісті.
Қазу жүйесінің бойындағы тау-кен жұмыстары қауіпсіз, тұрақты және өнімді болу үшін даярлау және тазартпа жұмыстары тәуелді өткені жақсы, одан транспорт пен желдету процестерінің орындалуы жекеленеді, тау-кен қазбаларын қорғау жұмысы жеңілденеді, газдану қауіптігі азаяды және тағы басқа ұтымды жағдайлар туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет