Кіріспе (2 сағат)


Кенорнын қазудағы ұстанымдар



бет8/27
Дата03.11.2023
өлшемі5,62 Mb.
#121640
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
Лекция

4.3 Кенорнын қазудағы ұстанымдар

Пайдалы қазбаны қазғанда және жалпы тау-кен қазбаларын жүргізгенде жер астында қуыстар пайда болады. Осы қуыстардың жоғары жатқан жыныстардың тұрақтылығына жасайтын әсеріне қарай, кенорнын қазуды негізгі төрт бағытқа бөлуге болады:


1) кендіңгектер қалдыру арқылы;
2) босаған кеңістікті толтырумен (толтырмалармен бекіту);
3) жоғары жатқан жыныстарды құлатумен.
Кенорнын кендіңгек қалдыру арқылы қазудың мағынасы мынада. Пайдалы қазбаны алғанда бос кеңістіктің арасында пайдалы кеннің алынбайтын бөлшектері қалдырылады, оларды кентірек немесе кендіңгек деп атайды (4.1-сурет).
Босаған кеңістіктің көлемі көп болған жағдайда, жоғары жатқан және жер бетіне дейінгі жыныстардың салмағы кендіңгектерге түседі, сондықтан осы салмақты ұстап тұру үшін, діңгегтердің көлемі осыған байланысты есептелінеді.

4.1-сурет. Пайдалы қазбаларды кендіңгектер қалдырып қазу:
а – тау-кен үңгілері; б - кендіңгектер

Кеңістікті толтырмалармен бекітіп қазуда, босаған кеңістік тығындағыш материалдармен толтырылады: бос жыныстармен, зауыттардан шыққан шлактармен, байыту фабрикаларының қалдықтарымен және тағы басқа.


Құлатып қазуда бос кеңістіктен жоғары орналасқан жыныстар кендіңгектермен, толтырмалармен ұстап тұрылмайды, олар өз салмағымен құлап, кеңістікті толтырып отырады (4.2-сурет)

4.2-сурет. Бос жыныстарды өз салмағымен құлатып қазу

Босаған кеңістіктен жоғары, жыныстар қысымына байланысты аймақтар құрылады, одан, жыныстардың жарылуы, айырылуы, бөлек бөлек кесектер пайда болуы байқалады. Бірте бірте бұл аймақтың көлемі көбейіп босаған кеңістіктің көлеміне сай болады, осыдан кейін бұл құбылыс тоқталады. Бірақта, құлаған жыныстар жоғары жатқан жыныстардың салмағымен тапталадыда, жоғары жатқан жыныстар ептеп төмен қарай жылжиды, сөйтіп құлайтын аймақтан жоғары иілме аймақ пайда болады. Кейде босаған кеңістіктен жоғары жатқан иілме кеңістік бітедіде, одан жоғары жатқан жыныстар ешқандай жылжу күшіне душар болмайды. Ал, босаған кеңістіктің аумағы үлкен болса, онда жарылыс пайда болған иілме аймақтан жоғары жатқан жыныстар жарылмай жай майысады. Бұндай аймақты жай майысу аймағы дейді.


Жербеті, құлатып қазу әдісін қолданғанда, үш жағдайда болуы мүмкін:
1. Құлатылған аймақ жер бетіне дейін жетуі мүмкін. Егерде қазылатын кен орындарының көлемі өте үлкен болса, бұндай жағдайда тау-кен жыныстарының жылжуы өте екпінді байқаладыда, жер беті жарылып түсіп кетеді, ал кейде бұндай түсіп кеткен жердің көлемі өте үлкен болуыда мүмкін.
2. Жер бетіне тек майысу аймағы ғана жетеді. Бұндай жағдайда жер байсалды түсіңкіреп, не болмаса тек майысады да қояды.
3. Жер беті құлайтын аймақтан жоғары болып, жылжу әсері байқалмайды, ал егер ептеп жылжу әсері болса, оны тек әдейі арналған құралдар арқылы байқауға болады.
Кенорнын қазудағы көрсетілген үш ұстанымдық (принцип) – кендіңгектермен, толтырмалармен және құлатумен, әрқайсысы жеке жеке, ал кейде араласа қолданылуы мүмкін. Көп жағдайларда, жыныстарды ұстап тұрған пайдалы қазбалар қалдырылмай алынадыда, олардың орнына жыныстар құлатылады.
Тіреулердің, толтырма сілемнің, кендіңгектердің атқаратын жүмыстары - тау-кен қазбаларын (үңгілерді) жыныстар қысымынан, бір сөзбен айтқанда, тау-кен қысымынан сақтау.
Сонымен, тау-кен қысымы дегеніміз, тау-кен қазбаларын қоршаған жыныстардың күші (салмағы). Бұл күштердің әсерінен тау-кен қазбалары бұзылмау үшін, қазбаларды сақтауға, тіреулерден бөлек тағы басқа тіректер қолданылады.
Қолданылатын шаралар – тіреулерді орнату, толтыру, кендіңгектер қалдыру, жыныстарды құлатып ұстау, осының барлығы тау-кен қысымының келтіретін зиянын жою, не болмаса одан келетін зияндарды азайту. Бұл жүргізілетін жұмыстарды тау-кен қысымын игеру деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет