4.4 Тау-кен қазбаларын (үңгілерін) сақтау және қорғау әдістері
Тазартпа кенжарлардың жұмысы ұтымды болу үшін маңайдағы дайындау үңгілердің жағдайлары жақсы болғаны қажет. Үңгінің мөлшері, қима ауданы, тіреулердің жалпы техника-технологиялық жағдайлары көпке дейін жұмыс қалыбында болуы, тек ғана, жүйелі түрде сақтаумен, қорғаумен және уақытысында жөндеумен байланысты.
Үңгілерді сақтап қорғауға әр түрлі факторлар әсерін білдіреді:
табиғаттық – тақтаның қалыңдығы мен құлама бұрышы, айналасындағы жыныстардың тұрақтылығы және тағы басқалар;
өндірістік - үңгілердің түрлері, өлшемдері мен пішіні, тіреу материалы, тазартпа жұмыстардың таяулығы, қорғау тәсілі, жұмыстардың тереңдігі және тағы басқалар.
Өндірістік факторларды дұрыс игеру әдістері табылса, тау-кен үңгілерін жөндеусіз сақтауға болады. Бірақта, табан жыныстарын сыдыру, тартпаларды және тіреудің тағы басқа элементтерін айырбастау, сияқты, ұсақ жөндеу жұмыстары қашан да болсын табыла береді.
Үңгілерді жөндеусіз пайдалануды келесідей әдістермен қамтамасыз етуге болады:
үңгілерді тақта ішінде немесе жыныстар арасында дұрыс орналастыру – мұның арқасында уақытша мен тұрақты тіреу қысымдарының әсері төменделеді;
жұмыс істеу мерзімі ұзаққа жобаланған үңгілерді далалы түрде өткізу (жыныстар ішінде);
үңгілердің көлденең қимасын үлкендетіп өткізу – формасы өзгерген жағдайда өлшемдері ереже талабтарының шегінен асып кетпеу үшін;
икемді тіреулерді пайдалану – төбе жыныстарының жалпы отыру мөлшері тұрғылықты тіреулердің технологиялық икемділік шегінен аспауға тиісті (бестізбекті аркалардікі - 700 мм);
қазба алабтарының өлшемдерін анықтауда, тау-кен жыныстарының физикалы-механикалық қасиеттерін, үңгілердің өткізілу қарқыны мен тазартпа кенжарлардың жылжымын, тіреулердің мүмкінді икемділігін ескеру.
Осы аталған талаптар мен шараларды жаңа үңгілерді өткізуде ғана жүзге асыруға болады. Бұрында өткізілгендер жөндеу арқылы сақталады. Уақыт бойынша да, ұзындықпен санағанда да, үңгілердің 85 пайызының сақтау жағдайлары әр түрлі болады.
Штректің ұзындығы бойынша тау-кен қысымының білінуін үш аймаққа бөлуге болады, Бұл аймақтар, әсіресе, жаппай қазу жүйелерінде және кендіңгектерсіз технологиялардың бағаналы қазу жүйелерінде анық байқалады. Бағаналы қазу жүйелерде, қазба үңгілері қайта пайдалану үшін, қазылған кеңістікте сақталынуы (4.3,а,в-сурет) немесе жаңадан ескіге жанастырылып өткізілуі (4.3,б-сурет) мүмкін.
Бірінші аймақ І (тау-кен жыныстарының алғашқы кернеулі жағдайының аймағы) 15 - 20 м тазартпа кенжардың алдында орналасып штректің кенжарына дейін жайылады. Бұл учаскеде штрек көмір сілемінде орналасқандықтан, тіреулері қатты қысымға ұшырамайды да, деформацияларға берілмейді.
Екінші аймақ ІІ (белсенді тау-кен қысым аймағы) бірінші аймақтың шетінен басталып, 100 - 150 м тазартпа кенжардың артында аяқталады. Бұл аймақта қазылған кеңістіктегі жыныстардың жаппай опырылуы мен отыруы өтіп жатады, сондықтан, бұнда тіреулердің деформациялары ең көп болады.
а
б
в
4.3-сурет. Кендіңгектерсіз қорғалатын үңгілердегі тау-кен қысымының көріністері: а – үңгіні қайта пайдаланып, жасанды тіреулермен қорғауда; б – жаңа үңгіні қазылған кеңістікке жанастырып өткізуде; в – қазылған кеңістік арасында сақталатын
үңгіде
Үшінші аймақ ІІІ (тұрақталған тау-кен қысым аймағы) екінші аймақтан басталып штректің қалған ұзындығына жайылады. Бұл учаскеде төбе жыныстарының отыруы біртіндеп азаяды, жасанды қорғаулар тығыздалынады, штрек тіреулері тұрақтылынған қысымның астында ісін атқарады. Таугеологиялық және таутехникалық шарттарды ескеру негізінде тіреулеудің орынды әдістерін таңдау үшін тазартпа кенжар мен штректердің шектесті жерлері бес аймаққа бөлінеді (4.4-сурет). Әр аймақ өздік заңдылықтарымен сипатталады.
1′, 1 аймақтар – тазартпа кенжардың алдындағы тасыма мен желдетпе штректердің сүйеніш қысымның әсерініен пайда болатын қауіпті деформацияларға икемді учаскелер. Оның ұзындығы 10 м дейін, бұл аймақтағы тіреуді күшейткен қажет.
4.4-сурет. Тазартпа кенжар мен штректің шектесіндегі ерекше аймақтар: 1-5 пен 1′-5′ - желдетпе мен тасыма штректердің шектес-
теріндегі аймақтардың нөмірлері
2′, 2 аймақтар – тазартпа кенжардың жұмыс кеңістігіне жарма орналасқан штрек учаскесі. Бұл аймақта көтеріңкі жүктеме жоғары болады және штрек тіреулерінің сүйеу қаблеттері төменделеді. Темір аркалы тіреулер тұтастығы бұзылады. Бұл аймақ өте қауіпті жерлердің бірі. Сондықтан бұл жерде арнайы тіреулерді қолданған жөн. Штректердің үздіксіз тіреулерлері істен шығатын болғандықтан, олар уақытша іргелес бекітпе тіреулерге ауыстырылады. Іргелес тіреулердің түрлері 4.5-суретте көрсетілген.
а б
4.5-сурет. Тазартпа кенжар мен штректердің жоғарғы (а) және төменгі (б) шектес орындарын тіреу әдістері: 1 – күнқағары ұзартылған секциялар; 2 – релістік тіреу; 3 – темір әлде ағаш
тіректері; 4 – айдағыш ағаш; 5 – іргелес тіреудің секциялары
3′, 3 аймақтар – кенжар қуысы маңайындағы учаске. Бұл жерде төбе жыныстарының жарықшақтығы жоғары болып, тұрақтылығы төмендейді.
4′ 4 аймақтар – төбенің түрімен байланысты, ұзындығы 50 - 140 м дейін созылатын, төбе жыныстары белсенді жылжымдармен сипатталатын, тазартпа кенжардың артындағы штрек учаскесі. Бұндай жағдайда қазылған кеңістік жағынан жыныстар штрекке қарай аунап түспеу үшін қоршаулы тіреу орнатып бұрыңғыларды күшейту қажет.
5′, 5 аймақтар – тау-кен қысымы мен төбе жыныстарының жылжымдары тұрақталынған тазартпа кенжардың артындағы штрек учаскесі. Қосымша орнатылған күшейту тіреулерді алып, штректі әрі қарай үздіксіз тіреулермен ғана сақтауға болады.
Тақталы штректерді қорғау әдістері табиғаттық пен өндірістік мәселелермен байланысты. Оларды - кендіңгектер, тас және жасанды қорғандар, арнайы тіреулер (органдық тізбек тіреулер, айқастыра қаланған бөрене ағаштар, темір-бетон тумбалар және тағы басқалар), қазбаны жанастыра өткізу арқылы және толтырмалармен қорғап сақтауға болады. Таңдауда әр әдістердің өзгешектіліктерін ескеру керек. Мысалы, тас қорғандар, кендіңгектер және сілемнің шеткі жақтары тіректі қысымның әсерінен дәрежелері әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Тас қорғандардың деформациялары, сілем мен діңгекке қарағанда, әлдеқашан қарқынды болады (тақта қалыңдығымен салыстырғанда 50 пайыздан асуы мүмкін). Тіреулердің бұзылуы да бір келкі емес. Осы себептен, тас қорғандар, жұқа көмір тақталарды қазып алуда ғана қолданылуы мүмкін.
Діңгектермен қорғау әдісі тау-кен жұмыстары 400 - 500 м тереңдікте, жұқа және орташа қалыңдықты кен тақталарын қазып алуда пайдалануға болады. Бұдан астам тереңдікте кендіңгектердің өлшемдері шұғыл өсіп, кен жоғалымдарының көбеюіне әкеліп соғады. Мұндай жағдайда үңгілерді тау-кен қысымы төмендеп тұрақталынған аймақта, қазылған кеңістікпен жанастырып өткізу әдістері қабылданады. Бұл әдісте табан мен төбе жыныстарының жылжымдары 5 - 8 есе төменделеді. Бірақта, опырылған жыныстармен жанастырып өткізу әдістері қалыңдықтары 1,8 метрден жоғары, төбе мен табан жыныстарының тұрақтылығы әр түрлі, жазық тақталарда ұсынылуы мүмкін.
Ақырғы, 20 - 30 жылдар бойы, кендіңгектерсіз қазу технологиялары кең жариялануда. Бұл технологиялардың ерекшелігі: қазба үңгіні тазартпа кенжардың артында сақтап қорғау мәжбүрлігі. Бұл жағдайда екі қиындық кездеседі – жалғызданған үңгінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және табан жыныстарының ісінуімен күресу. Штректер мен бремсбергтердің (еңістердің) тұрақтылығын - үздіксіз бен уақытша күшейтуші тіреулердің кедергі қаблеттерін ұлғайту, үңгілер мен кенжардың шектес орындарының бүкіл тіреулерінің тұтастығын сақтау және жыныстардың ісінуіне бөгет жасау арқылы жақсы жағдайға жеткізуге болады.
Темір-бетон, гидравликалық күшейту тіреулерді үңгілердің бүкіл ұзындығымен, аркалардың араларынан, уақытша тіректі қысым аймағында, 20 - 50 м тазартпа кенжардың алдынан қойылып, артында 50 - 80 метрден кейін қалған соң алынып тұрады. Бұл шарттарды жұқа және орташа тақталарда уақытша тірек (сүйеніш) қысымы үлкен шығын келтірмейтін жағдай да ғана қолдану ұтымды.
Ауыр опырылатын, үлкен ауданда консолі 10 метрден асатын ілмелі төбе жыныстары болатын тақталарда үңгілерді жаңадан өткізу немесе сақтап қайта пайдалану әдістері қолданылуға келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |