Кіріспе (2 сағат)



бет5/27
Дата03.11.2023
өлшемі5,62 Mb.
#121640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Лекция

Т ө ж , жыл, (3.1)

мұнда Т - шақтының қызмет iстеу мерзiмi, жыл; ө - пайдалы кеннің өнеркәсіп қоры, т; Аж - шақтының жылдық өндірістік қуаты (өнiмділігі), млн. т жылында.


Технологиялық жобалау нормаларының талаптары бойынша шақтылардың жылдық өнімділік көрсеткішітеріне сай шақтылар келесідей топтарға бөлінеді:
ұсақ шақтылар - жылдық өнімділіктері 1,8; 2,1 млн. тоннаға дейін;
орташа деңгейдегі шақтылар - 2,4; 2,7, 3,0 млн.тонна;
ірі шақтылар - 3,5 млн. тоннадан жоғары.


3.2 Шақты алабын даярлау тәсілдері

Шақты алабын ашу кезінде пайда болатын тау-кен қазбаларын (үңгілерін) - негізгі, ал кен қазуға дайындық кезіндегілерін - даярлау үңгілері деп айырады.


Шақты алабын даярлау дегеніміз – ашылған алабты бөлшектеп, көмір қазуға қажетті тау-кен үңгілерін өткізу.
Шақты оқпаны, шақты алабының орта тұсынан өткізiлiп, жазылым бағыты бойынша, оны, екi қанатқа бөледi. Олар, магниттік бағыттауышқа сәйкес шығыс - батыс немесе оңтүстік - солтүстік қанаттары деп аталады. Мөлшерi бiрдей қанаттар - тең қанатты, одан өзгешелері - теңсiз қанатты шақты алабтары деп бөлінеді.
Шақты алабының орта деңгейінен жоғарғы жағы - өрлеме (бремсберг) алабы, ал төменгісі - құлама (еңіс) алабы деп аталады.
Даярлау тәсілдерін таңдауда - тақталардың құлама бұрыштары, кенорнының геологиялық бұзылыстары, тақталар мен жыныстардың сулылығы және газдылығы, шақты алабының мөлшері, шақты желдетілу тәсілі сияқты факторлары елеулі әсер етеді.
Даярлау тәсілдері келесідей жіктеледі:
даярлау үңгілері атқаратын тақталар сандары бойынша – жекелеп және топтап даярлау;
негізгі даярлау үңгілердің орналасуына сәйкес – тақталық және далалық даярлау. Ал бұларға қатысты үңгілерді тақталық және далалық даярлау үңгілері дейді.
Тақталы даярлауда - үңгілердің барлығы көмір өндірілетін тақталар бойынша өткізіліп, қорғалады. Ұзақ мерзімге арналған даярлау үңгілерін бүйір жыныстары тұрақсыздығы мен басқа факторлар әсерінен тақта ішінде қорғау үлкен қиындыққа түсуі мүмкін. Ондай үңгілердің қатарына күрделі және панелдік бремсбергтер мен еңістер, негізгі және магистралді тасыма штректері жатады. Осындай себепті ескере отырып оларды жыныстар арасында өткізген дұрыс. Бұл далалық даярлау тәсілі деп аталады. Далалық даярлау үңгілерін қатты жыныстар бойынша, тазартпа жұмыстары ықпалынан тыс аймақтарда орналастырған ұтымды.
Далалық даярлаудың кемшіліктері: шақты үстіне шығарылатын бос жыныстар көлемінің өсуі; тақта жатысын алдынан ала зерттелуінің болмауы; ақша қаражат шығынының артуы.
Жекелей даярлауда әр тақта сайын үңгілер өткізіледі. Олар тақта немесе жыныстар бойынша өткізілуі мүмкін. Топтап даярлауда, негізгі даярлау үңгілері бірнеше тақталарға топтастырылып ортақтаса өткізіледі. Тақталарды топтастыруда бүкіл ұзындық бойынша топты үңгілер ғана сақталып тұрады.
Топтап даярлаудың артықшылықтары: қорғалып сақталуға тиісті үңгілердің саны мен көлемінің азаюы; көлік жұмысы тиімділігінің өсуі; желдету жағдайының жақсарылуы.
Топты үңгілер тақта тобының жатыс бүйірі жағында - төменгі тақта бойында немесе жыныстар ішінде орналасуы мүмкін. Ал, ол үңгілер, топты тақталар аралығында орналастырылатын болса, онда оларды астынан қазып алудан сақтау қажет. Аралық квершлагтар немесе гезенктер мен топтастыру әдісі тіке аралықтары 40 метрден аспайтын жақын жатқан жазық және көлбеу тақталарда қолданылады. Одан жоғары аралықтағы тақталарды топтастыру мәселесі техникалық-экономикалық есеп арқылы дәлелденеді.
Шақты алабын даярлау және кен қазу жұмыстарын біркелкі тәртіппен ұйымдастыру үшін шақты алабы қанаттар, бремсберг - еңіс алабтарымен қоса этаждарға, панелдерге, құлама бағаналарға, блоктарға бөлінеді.
Осы бөлшектердің аттарына сай даярлау тәсілдер түрлері пайда болады (3.3-сурет).


3.3-сурет. Шақты алабын даярлау тәсілдері: а - этаждық; б - горизонттық; в - панелдік; г - блоктік; 1 - басты (скиптік) оқпан {оның жанында 1' - қосалқы (клеттік) оқпан}; 2 - желдетпе оқпан (шурф); 3 - тазартпа кенжар; 4 - күрделі бремсберг (оның жанында 4' - адамдар жүретін жол); 5 - этаждық тасыма штрек; 6 - этаждық желдетпе штрек; 7 - күрделі еңіс; 8 - басты (магистралді) штрек; 9 - желдетпе бремсберг; 10 - конвейрлік бремсберг; 11 - ярустық тасыма штрек; 12 - ярустық желдетпе штрек; 13 - панелдік бремсберг; 14 - блоктік ауажібергіш оқпан





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет