Кіріспе Ахмет Байтұрсынов –Ұлт ұстазы


Зерттеудің мақсаты мен міндеттері



бет3/4
Дата09.03.2022
өлшемі36,9 Kb.
#27320
1   2   3   4
Байланысты:
Жоспары

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері «Әдебиет танытқышты» ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиеттану ғылымының аясында зерттеу еңбектің теориялық орнын белгілеуден туындап отыр. Осы мақсаттан туындаған міндеттердің жүйесі төмендегідей болып келеді:– «Әдебиет танытқышты» ХХ ғасыр басындағы әлем әдебиеттану ғылымындағы әдеби-теориялық пайымдармен қатар талдай отырып, ондағы ортақ тұжырымдардың ұқсастықтарын анықтау. Сонымен қатар, еңбектегі теориялық тұжырымдармен бүгінгі әдебиет теориясының да арақатынасын анықтап белгілеу.

– «Әдебиет танытқыштағы» «сөз өнерінің ғылымына» (теориялық поэтика ғылымы) қатысты әдістемелік ұстанымдарды нақты синхрониялық және диахрониялық әдісті басшылыққа ала отырып жүйелеу.

– «Әдебиет танытқыштағы» әдеби категориялар, теориялық тұжырымдар мен терминдер жүйесінің семантикасын анықтау.

– Ахмет Байтұрсынұлының теориялық тұжырымдарына ХХ ғасыр басындағы Роман Якобсон, Борис Эйхенбаум, Виктор Шкловскийлер негізін салған формалистік мектеп ұстанымдарының әсері мен теориялық поэтика мен лингвистикалық поэтиканың ара-жігіне қатысты қағидаларды айқындау және талдау.

Әдебиеттану ғылымының негізін салушы, қазақ әліппесін (төте жазу) жасаушы, оқу құралының авторы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымында алар орны орасан зор. Қай еңбегін алып қарасақ та, «Қазақ!», - деп жаңғырып тұрғаны тайға таңба басқандай. Сол еңбектерінің арасында қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап, сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып берген, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салуға арқау болған асыл мұрамыз да бар.

1. Негізгі бөлім

1.1.Әдебиет танытқыш ұлттық әдебиеттегі тұңғыш ғылыми еңбек

«Әдебиет танытқыш» тұңғыш қазақы трактат. Қазіргі таңда әдебиетімізде қазақ терминдерінің сөздік қоры жоқтың қасы. Ал Ахмет Байтұрсынұлы осы еңбегінде оның әр қайсысына тоқталып, жіктеп берген. Ендеше, ұлт жанашырының бұл еңбегін неге қолданбасқа? Мұның өзі әдебиеттану саласында әлі де түйіні шешілмеген мәселе. Қазақ филологиясының әдебиеттану саласында Ахмет Байтұрсынұлының бұл еңбегі ерекше маңызды. Аты әйгілеп тұрғандай, кітап әдебиет әлемін, көркем сөз табиғатын, сырын, мазмұны мен ерекшелігін, қоғамдағы рөлін көптеген мысалдармен дәлелдеп, байсалды түсіндіруге арналған. Ахмет атамыз: «Өнердің ең алды сөз өнері деп саналады. «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білген соң айтқан. Бірден айту керек, «Әдебиет танытқыш» — Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының орны ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек Ұлттық әдебиеттану ғылымы қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет әдебиеттану, өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан.Ғасырлар тоғысындағы қоғамдық-экономиканың қалыптасуы, жаңа үкіметтің орнығуы, халықты жаппай сауаттандыру үшін оқу-ағарту шаралары жедел жүзеге асырылған кезең. А.Байтұрсынұлының әдеби-эстетикалық тұжырымдары мен әдебиеттегі жүйелеуге қосқан үлесі туралы әдебиеттанушы-ғалымдар: «ХХ-шы ғасырдың басында әдебиеттану салада нақты іс атқарған, өзгелерге үлгі көрсеткен А.Байтұрсынұлы болды» дейді.Оның «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі-ұлттық әдебиеттанудың әлемдік ғылымдағы зерттеулерге-деңгейлес, әдеби ұғым түсініктердің тұңғыш рет ұлттық ұғымға лайықталған, арнайы «пән сөздері» жарияланған ғылыми зерттеу екенін айтады. Академик З.Қабдолов 1988-ші жылы ғалым есімі, ақталғаннан кейін, А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы хақында «Әдебиет танытқыш» — тұңғыш қазақы трактат, әдебиет теориясының басы» екенін, кітаптың қадірі мен қасиеті, тарихи мәні мен маңызы кешегі кеңес кезінде бұрмаланғанымен, әлем ғалымдары арасын-да ғылыми тұрғыдан мойындалған ғылыми зерттеу еңбек екендігін ашып жазды, бүгінгі таныммен талдап таратты [50, Б. 70–80; Б. 38–41].Академик Р.Нұрғали «Күлтегін» баспасынан жарық көрген өзінің «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атты зерттеу-еңбегінде «Әдебиет танытқыштың» қазір Алматыда сақталған кітаптарының соңғы беттері

жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей отыр.Зейін салған кісі, аңғарса керек, А.Байтұрсынов былай дейді: «ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс; 3)әуреленіс. Осылардың біріншісі — әлектеніс пен үшіншісі әуреленіс тал-данады, ал екіншісі — азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап бойынша болашақта «Әдебиет танытқыштың" толық текстін табу міндеті тұр, тағы бір мәселе әр түрлі жанрлық формаларды талдап болғаннан кейін А.Байтұрсынов әр жерде бұларды нұсқалықтың пәленше нөмірлерінен қара деп ескертеді. Ендеше „Әдебиет танытқыш“ оқулық, оның хрестоматиясы — нұсқалығы да болған ғой. Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны [201.]. Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі „Әдебиет танытқыш“ төңірегінде әлі-де көп зерттеулер жүргізу керек» деген толғақты ойын әдебиеттанушы ғалымдарға арнайды [52, 35-б.].Шындығында, қазақ әдебиеттану ғылымына негіз болған бұл зерттеу еңбектің келешекте арнайы кешенді түрде зерттейтін өзекті тақырып. Еңбектегі әдеби терминдер бұл күні әдбен халықаралық терминдерге бой алдырған әдебиеттану ғылымының сөздік қорын қазақыландыруға септігі тиер еді.

Академик Р.Нұрғалиұлы: «Әдебиет танытқыш әдебиеттанудың әлем терминология стандарт деңгейкөтеріліамай ымды, ықшамды, бір-бірімен сабақтас, ұйқас, ұялас ұғымдардың тұтас ұлттық қазақы жүйесін жасап берді.Олардың басым көпшілігі автор репрессияға ұшырап, кітаптың тыйым салынғанына қарамастан әдеби тілге кіріп кетті. Интернационализм дегенді желеу етіп, шет тілді зорлап ендіру науқаны тұсында әдебиеттанудың да шұбарланғаны анық.Әрине қазір роман, лирика, драманы ұзақ әңгіме, толғау, айтыс-тартыс деп өзгерту мүмкін болмас, бірақ А.Байтұрсынұлы жасаған бірталай терминдер, сөздер қолдануға сұранып тұр» дейді«Әдебиет танытқыш» – көркем өнер­дің болмысы мен құрылымын, қазақ әде­биетінің ерекшелігі мен сипатын, әдеби үде­рістің мәнін, жанрлар қалыптасуының қоғам тағдыры мен талғамына қатысын, сөздің – өнерге, өнердің – пән ғылымына айналу жолын, сөз жүйесі мен ой жүйесінің мәйегін, өлең мен қара сөздің пішіндік, мазмұндық құрылысын, ауыз әдебиет пен жазу әдебиеттің дара соқпағын, басты жанрлар мен оның ішкі бөліністері қағидаттарын, әдебиет пен дәуір, әдебиет пен сана, әдебиет пен діл, әдебиет пен ой, әдебиет пен мүдде қарым-қатынасы жа­йын жік-жігімен түсіндіріп беретін ұлттық білім, таным, ғылым, әдістеме, әдіснама кешені.



1.2. Әдебиет танытқыш еңбегінің құндылығы

«Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынов туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде- бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты деп жазды Сырбай Мәуленов өз сөзінде.Бұл баяндамада А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі мен З. Қабдоловтың «Сөз өнері» еңбегін басшылыққа ала отырып, екі еңбектің ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын қарастырдым. Жалпы, әдебиет сөзін А.Байтұрсынов «асыл сөз» деп атаса, З.Қабдолов «сөз өнері» дейді.

Әлбетте, А.Байтұрсынұлы әдебиетта­ну­шылық айналасы орыс, татар немесе аударылған әлем классиктері еңбектерімен ғана өлшенбесе керек. Мұны осы «Әдебиет танытқыштың» өзіндегі мына жолдар айқын аңғартады: «Екінші тілдерде екпін буыны сөздің бәрінде бірыңғай бір орыннан табылады. Мәселен, пырансоз, шеқ* тілдерінде екпін буыны аяғына келеді... Екпін буыны аяғына келетін сөздерімен қазақ тілі пырансоз тіліне ұқсас, екпін буыны аяққа таяу келетін сөздерімен полак* тіліне ұқсас» (*1926 жылғы кітап нұсқасында осылай). Сонда Ақаң француз, чех, поляк тілі, көркем өнері ерекшелігін білген болып шықпай ма?

Біз Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» мазмұн жағынан ұлттың көркем өнер ерекшелігін толық аша алға­нын айтуға мүдделіміз. Ақаң осы еңбек хатқа түсіп жатқан кезеңде ел ақын-жазу­шы­ларының басын қосуды жоспар­лағанын, бірақ ол объективті-субъективті жағдай­ға байланысты өтпей қалғанын түсінді­ріп «Қалам қайраткерлері жайынан» атты мақала жазды («Еңбекшіл қазақ» газеті, 08.07.1922 жыл). Осында қаламгер: «Қазақ мәдениеті жәуіт, неміс, орыс, қатта ноғай мәдениетіндей болса, «қазақ», «қазақ» деп қайыра сөйлеп, ауыз ауыртып әуре болмай-ақ «көппен бірдей көрер» деп қояр едік. Қазақ айрықша сөз болатыны – халі айрықша болатындықтан», деп жазады.



1.3.Ғылыми еңбектегі басты ойлар

Ахмет Байтұрсынов сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі, олар: 1. Ақылға. 2. Қиялға, 3. Көңілге. З.Қабдолов біріншіден, сезімге; екіншіден, бақылауға; үшіншіден,қиялға; төртіншіден, интуицияға; бесіншіден, өмірбаянға; алтыншыдан, парасатқа; жетіншіден, шеберлікке; сегізіншіден, шабытқа негізделеді деп қарастырған. Сондай-ақ, Ахмет сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Тіл көрнекі болу үшін дерексөз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жетуі үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді: Көріктеу, Меңзеу, Әсерлеу. Бұл турасында З.Қабдолов «Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл – құбылту, яки троп – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп кейде тіпті перделеп таныту» дей келіп оның түрлерін атап көрсетеді.



А.Байтұрсынов меңзеудің өзін теңеу (белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеу; Мысалы, От орнындай тұяқтым, Омыртқаң бар оқтаудай. Жауырынына қарасам, Сыпыра шапқан тақтайдай «Ер Тарғын »жыры), ауыстыру (арасында түк ұқсастық жоқ, екі нәрсенің ететін әсері бірдей болса, біріне қас ғамалды, екіншісіне ауыстыруы), ауыстырудың бір түрі – алмастыру (арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту; Мысалы, «Анау үйдің құдасы келіп жатыр» дейміз. Құда үйдікі емес, ол үйдегі адамдікі, үй мен үй арасы жақындығынан бірінің орнына бірін айтамыз.), кейіптеу(Аптығып асау інің келді, ақсақал! Тау-тасқа адамзатқа салып жанжал),троптың бұл түрі жансыз табиғат құбылыстарын жандандыра суреттеу, бернелеу (бір нәрсенің, көбінесе адамның мінезін, құлқын, ғамалан екінші нәрсенің мысалында көрсету,мысалдарда жиі ұшырасады.) деп бірнеше топқа бөледі. Осы бернелеу Қабдоловтың тілінде пернелеу немесе аллегория болып айтылады. Әсерлеу – бір нәрсені өте асырып, я өте кемітіп айту.Мысалы, Астындағы буырылдың, жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп...Әсірелеудің бір түрі – мезгеу (Бір ұғым орнына екінші ұғым айтылуы,Мысалы, шаңыраққа қара – үйге қара ). Мегзеу, синекдоханы Қабдолов былайша түсіндіреді: бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану. Мысалы, мысалы, Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық, Ауа мен күнге, ай менен нұрға малшынып. Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы, Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық! Мұндағы М.Мақатаевтың тал шыбығы да,кішкентай жүрегі де – өзінің сәби бөбегі. Әсерлеу, ол дегеніміз – сөздің әсерін күшейтіп сөйлеуді айтамыз. Әсерлеудің көбінесе айтылатын түрлері мыналар: арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кескіндеу. Ахметтің осы әсерлеуге жатқызған құбылтудың түрлері Қабдоловта «айшықтау» яки фигураның түрлерінде қарастырылады. Арнауды А.Байтұрсынов 3 ке бөліп қарастырады. Сұрай арнау,зарлай арнау, жарлай арнау. З. Қабдолов та арнау туралы айтқанда ғалымның осы сөзіне жүгінеді. Қайталақтау – бір сөзді яки лебізді қайта-қайта айту. Мысалы, Ой деген у- Ауызға алсаң қандырад, Ой деген у- Жанды есінен тандырад. Қабдолов қайталауды жай қайталау, еспе қайталау, әдепкі қайталау (анафора), кезекті қайталау ( эпифора) деп төртке бөледі. Шендестіру – екі нәрсе қатар яки қарама-қарсы келгенде, арасындағы айырым көзге көбірек түседі. Мысалы, ...Ішінде топ қарғаның бір бүркіттей, Көзіме көрінесің келген жерден. Осы шендестіруді З.Қабдолов антитеза деп береді. Мысалы, Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр, Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де, бетім көр. Әдебиет танытқышта дамытуға мынадай анықтама береді: пікіріңді сөйлегенде, алдыңғы сөзіңнен артқы сөзіңнің қуаты асып отырса, дамыту болады. «Сөз өнерінде» де тап осындай анықтама берілген және мысалдары да бірдей «Қобыланды батыр» жырынан үзінді келтірілген. Жырда «Қара жерге қар жауар, Қарды көр де етім көр. Қар үстіне қан тамар, қанды көр де бетім көр.» Бұдан шығатын қорытынды Қабдолов осы еңбегін жазу барысында Байтұрсыновтың еңбегін басшылыққа ала отырып жазған деген тұжырымға келесің. Сондай-ақ Байтұрсыновтың еңбегінде көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді.

1.4.Әдебиет танытқыш және фольклор

Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады. А.Байтұрсынов бөлген «діндар дәуірдегі» айтыс пен «сындар дәуірдегі» айтыс-тартыс екеуі екі бөлек нәрсе, тек айтыс деген аты жағынан ғана ұқсас. «Айтыс бастапқы кезде шын екі ақынның айтысқаны болса да, соңғы кезде айтысты ақындар өз ойынан шығаратын болған. ... Сөйтіп айтыс шын айтыс емес, тек шығарманың түрі» болуға айналғандығын және «бара-бара айтыс өлеңде айтылатын келіссіз істерді, мінездерді алаң айнасына түсіріп көрсететін көбінесе өмір жүзінде, адам арасында болатын ұрыс-керіс, талас-тартыс, алыс-жұлыс, қуаныш-қайғы сияқты түрлі халдар болған себепті сөз өнерінің бір түрі Европа тілінде тек «Айтыс-тартыс, арпалыс» [1, 105-б] – теориялық тұрғыдан келгенде драматургия жанрына яғни театр өнеріне тән нәрсе. «Айтыс (драма) – сөз өнерінің бір түрі ... қазақта ауыз әдебиет түрінде болғанмен, айтыс-тартыс, түрлі шығарма ауыз әдебиетінде жоқ» деп, ғалым «ақындар айтысы» мен «айтыс-тартыстың» айырмашылығын осылай анықтады. Сондай-ақ «Әдебиет танытқышта» қазақ ауыз әдебиетінің дамуы, қалыптасуы «жұмсалатын орнына қарай»: «Сауықтама» (сауық үшін) – «Ермектеме» (ертегі, ертегісімек, аңыз әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш); «Зауықтама» (ертегі жыр-батырлар жыры), тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, үміт өлең, толғау, терме); «Сарындама» (салт сарыны) – Салт сөзі: мысал, ділмәр сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел, жұмбақ; Ғұрып сөзі: той бастар, жар-жар, беташар, неке қияр, жарапазан, бата; Қалып сөзі (тұрмыс қалпында): жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыры деп бөлінеді. қазақтың ұлттығы мен егемендігін бүгінгі таңда бүкіл дүниежүзі танып, мойындап отырған тұста ғасырдан ғасырға жеткен мәдени мол мұраларымыз ел игілігіне айналуда. Ұлтқа сіңірген ұшан-теңіз еңбегінің басқасын айтпағанда, осы бір ғана ісі үшін де Ахаңа мәңгі тағзым етіп өтуге тұрады. Әуезенің түрлерін А. Байтұрсынұлы ертегі жыр, ұлы әңгіме яки роман, әуезе жыр, тарихи жыр, ұзақ әңгіме, аңыз өлең, әңгіме, көңілді сөз, мысал деп аңғартады. Бүгінгі күнде бұларды роман, повесть, поэма, новелла деп жүрміз. Ғалымның жанрлық түрлерді жіктеуінен ол ұстанған үшінші принципті аңғаруға болады. Мәселен, қазіргі әдебиеттануда поэма делініп жүрген жанрды А. Байтұрсынұлы ертегі жыр, тарихи жыр, әуезе жыр, аңыз өлең дейді, яғни мұнда ең алдымен идеялық мазмұн және шығарма пафосы бірінші қатарға шығарылады, осындай ұстанымды толғауды ішкі түрлерге таратуынан да байқаймыз. Бұл, ХХ ғасырдағы әдебиеттануда бар принцип. Әдеби жанрды осындай мазмұны мен пафосына қарай бөлу, мәселен, Г.Н.Поспеловтың белгілі еңбегінен көрініс берген болатын /6/. Ахаңның әуезенің түрлерін таратудағы еңбегін жоғары оқу орындарында оқытылып жүрген «Әдебиеттануға кіріспе», «Әдебиет теориясы» пәндерінде жанрлық түрлерді түсіндіру барысында қолдануға әбден болады.Толғауды ішкі түрлерге ажыратуда «Әдебиет танытқыш» авторы тағы да идеялық мазмұн мен шығарма пафосын негізгі арқау етеді. Мұнда айта кететін мәселе қазақ лирикасын еуропалық қалыпқа салып элегия, идиллия, ода, дума дей бермей ұлттық ұғымға лайықты әрі атауынан мазмұны бірден аңғарылатын марқайыс, налыс, ойламалдау, күліс деген сияқты сөздерді термин етіп енгізу жағын қарастырудың еш сөкеттігі жоқ сияқты. Шынын айтсақ, олар Ахаңның «Әдебиет танытқышында» негізделген ұлттық әдеби-теориялық ой-пікір арнасының тарихи және ғылыми заңды жалғасы болып табылды. Оны академик З.Қабдоловтың: «Ақаң жоқта біздегі әдебиет теориясы басы жоқ кеуде секілді еді. Ал басы жоқ кеуде бола ма? Қайтейік, болды деп келдік. Мәселен, айшықтаудың (фигураның) арнау деген түрі бар. Бүкіл дүниежүзілік әдебиет теориясында арнау деген бірақ түр: шауып шықса, бұған шешендік сұрау қосылып қана ажарлануы мүмкін. Ал қазақ поэзиясында Ақаң осының үстіне үш түр (сұрай арнау, зарлай арнау, жырлай арнау) тауып қосып, құлпыртып әкетеді. Бірақ амал не, бұл жаңалықты тапқан Ақаң екенін кезінде ашып айта алмадық. Батырлар жырының азайып бара жатқанын автор қазақ арасында сауықтың кемігенімен сабақтастырып, олардың бірте-бірте өлең түрінен айырылып, ертекке айналатынын, рухы, көркі жоғалып, құр сүлдесі қалатынын ескертіп, сондықтан жыршылар жоғалмай тұрғанда батырлар жырын жазып алуды ел ішіндегі азаматтардың халық алдындағы борышы деп көрсетеді. “Қарақыпшақ Қобыланды батыр”, “Нәрікұлы Шора”, “Алпамыс батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Сайын”, “Едіге”, “Қамбар” қазақ арасында көп айтылатын жырлар ретінде көрсетіледі. “Тарихи жыр” деп тарихта бар, мағлұм оқиғалар турасында өлеңмен шығарған сөздері айтылады” деп анықтама беріледі де, мысалға “Орақ-Мамай”, “Абылай”, “Кенесары-Наурызбай”, “Ерназар”, “Бекет” жырлары алынады. Айтыс өлеңдердің ерекшелігін екі палуанның күрескенімен, екі батырдың жекпе-жек ұрысқанымен салыстыра түсіндіреді, тақырып ретінде жұрттың, ұлттың, рудың, елдің кемшілік-олқылығы, осал-оңтай жерлері алынатындығы, жазу жайылған сайын айтыстың азаятыны аңғартылады. “Кеншімбай мен Ақсұлу”, “Жанақ пен бала”, “Есентай мен Балық”, “Жарылқасын мен Айқын” айтыстарының жалпы сипаты көрсетіледі.Толғау, терме – қазіргі әдебиеттануда бар терминдер, ал үгіт өлең, үміт өлең – Ахмет Байтұрсынов әдебиет материалы негізінде дәл де айқын тұжырымдаған ұғымдар. Сарындама сөздерді салт сөзі, ғұрып сөзі, қалып сөзі деп үшке жіктеп, әрі қарай тағы да таратады. Зерттеу барысында ғалым басқа елдер әдебиетін де ескереді: “Орыстың асқан ақыны Пушкин жазған өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен. Орыстың асқан ойшысы, сөз өнерпазы Лев Толстой шығарған сөздерін баспаға беріп қойғаннан кейін де талай түзетіп, талай өзгертеді екен. Бұл ойындағы, қиялындағы, көңіліндегі нәрсені тілмен айтып жеткізу қиын екендігін көрсетеді”, — дейді “Сөз өнері” тарауында. Бұдан басқа Эзоп, Федр, Лафонтен, Крылов есімдері айтылады, жапон, француз, поляк әдебиеттеріндегі өлең құрылысы сөз болады. Абылай, Шоқан, Ақан сері, Торайғыров, Ядринцев, Потанин есімдері кездеседі.“Әдебиет танытқыш” алғаш 1926 жылы шықты, 1989 жылы “Жазушы” баспасы, 1991 жылы “Жалын” баспасы шығарды. Соңғы басылымда бұрынғы жариялануда кеткен бірталай селкеуліктер жөнделді, олар – кейбір шатасқан сөздердің, баспа кінәсінен кеткен қателіктердің бұрмаланған текстердің түзетілуі. “Әдебиет танытқыштың” қазір Алматыда сақталған кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей отыр. Зейін салған кісі аңғарса керек, А.Байтұрсынов былай дейді: “Ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс; 3) әуреленіс”. Осылардың біріншісі — әлектеніс пен үшіншісі әуреленіс талданады, ал екіншісі – азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап бойынша болашақта “Әдебиет танытқыштың” толық текстін табу міндеті тұр. Тағы бір мәселе әр түрлі жанрлық формаларды талдап болғаннан кейін А.Байтұрсынов әр жерде бұларды нұсқалықтың пәленше номерлерінен қара деп ескертеді. Ендеше, “Әдебиет танытқыш” оқулық, оның хрестоматиясы — нұсқалығы да болған ғой. Қазіргі дерек бойынша, ол жарияланбаған секілді. Әлде қолжазба күйінде архивтің бірінде жатыр ма? “Мәдениет тарихы” деген еңбек бітіргені белгілі – ол да жоқ. Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет таныт­қыш» кітабы арқылы мынандай нәтижеге қол жеткізді: Біріншіден, қоғамның әлеуметтік-мә­дени түсінігін, талғамын жетілдіріп, әдеби үдеріс, рухани мұра халық парасатымен, ішкі мүмкіндігімен, сарқылмайтын қазынасымен өзектесетінін нақты мысалдармен дәлелдеді.Екіншіден, бай дәстүрі бар, шығыс пен батыс құндылықтарын мейлінше игерген қазақ әдебиетіне ғылым нысанасымен қарады, тұңғыш рет әдіснамалық, теориялық қағидаттарды қалыптастырып, ішкі түзілісі мен мазмұндық-пішіндік ерекшелігіне баға бердіҮшіншіден, өнертанудың, әдебиет­танудың қызметін айқындап, өнер мен әдебиеттің қоғамдағы мақсат-міндетін, орнын дәйектеді.Төртіншіден, өнер мен әдебиетке қатыс­ты ана тілімізде жаңа да орайлы пән сөздерін тауып, әлемдік аяда қазақ тілінің ғылым тілі ретінде мүмкіндігінжол ашты.Бесіншіден, әдеби үдерісті, жеке тұлғалардың шығармашылығын, рухани мұраның әдебиет тарихындағы рөлін түрлі ғылымдар (тіл білімі, философия, психология, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) ықпалдастығымен зерттеуді бастап, таптаурындыққа бармауды аманаттады.Алтыншыдан, әлемдік ғылымдағы жү­йе­лілік, сабақтастық, шынайылық қағи­­датын ұстанып, қазақ әдебиеті мен фольклорына тұтас құбылыс ретінде қарай алдыЖетіншіден, салыстырмалы талдау әді­сіне иек артып, ұлт тағдырының айнасы саналатын өнері мен әдебиетінің асыл арқауын, негізгі ерекшелігі мен сипатын бағамдады.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, «Әдебиет танытқыш» – қазақ әдебиеттану ғылымы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбек. Ондағы барлық атаулар мен терминдер қазақ әдебиетінің түсінігіне сай келіп, оқырмандарға ыңғайлы жазылған. Сонымен қатар, бұл еңбектің әлі де жеке құндылық деңгейіндегі мұра ретінде зерттелуі керек екенін және ғылыми айналымға енгізілу қажеттігін айта кеткеніміз жөн.

«Әдебиет танытқыш» — қазақ әдебиеттану ғылымының алғашқы іргетасын қалаған қондырғы. 2007 жылы — Ұ.Еркінбаев «Ахмет Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқышы“ ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану контексінде» [56], 2010 жылы — А.Ойсылбай «Ахмет Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқышындағы“ сөз өнері мен поэтика мәселелері» кандидаттық диссертациялар қорғалып, нәтижесінде ғылыми негізде тұжырымдалған ой-танымдар мен соны ұсыныстар әдебиеттануға жаңа арна болып қосылды [57].

Әдебиет әлеміндегі әфсаналары ұлт басылымы «Қазақтың» тұңғыш санын шығарғанда, осы газеттің бас редакторы А.Байтұрсынұлы былай деген екен: «…Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға, ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халымыз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілінен алыстап барады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен-де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен-де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті» [32].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет