3.5. Қиял ғажайып есебіндегі прогрессия.
Сыйқырлы ағаш , алғашқы ұзындығы 1 м, әр күн сайын 2 есе ұзарады.
Осылайша 36 күнде айға жетеді. Ағаштың алғашқы ұзындығы 8 м болса, ол айға неше күнде жетер еді?
Сыйқырлы ағаш тың ұзындығы 36 күнде – 236м болды деген сөз.
Егер алғашқы ұзындығы 8м болса, онда 8·2n=236; 23·2n =236; 2n =236; n=33.
Жауабы: 33 күннен кейін ағаш айға жетер еді.
Қорытынды
Бұл баяндамада тізбектерді таңдап алған себебім, 5-6 сыныптарда өткен «Қызықты математика» факультативтерінде, қарапайым сандардың орналасу заңдылықтары мені және менің сыныптастарымды өте қызықтырды. Сандар тізбегінің алуан түрлі орналасуы мені көп ойландыра бастады. Сосын 7 сыныптан бастап сан тізбектерін зерттей бастадым. Сандардың орналасу заңдылықтарын зерттей келе мектеп курсында, «Прогрессиялар» деген үлкен тарау барекенін білдім және оқып үйрендім.
Тізбек ұғымы қашан пайда болды, неліктен?
Бідің күнделікті өмірімізде алатын орны қандай? Деген сұрақтар ашық тұрды. Сол сұраққа жауап алу үшін ғылыми әдебиеттердегі осы тақырыпқа байланысты материалдарды зерттедім.
Зерттеу барысында сан қатарларының шығу тарихына тоқталдым. Жұмысымды үш үлкен тарауға бөліп, жүйеледім.
Ғылыми әдебиеттерге шолу тарауы.
Заманауи оқулықтардағы прогрессиялар тарауында,қазіргі заманғы оқулықтарды қолдану арқылы прогрессиялардың қолданыс аясы тарауының материалдары, негізінен ғаламтордан алынды.
Әлі де зерттеуді жалғастырып, болашақта өмірімді ғылым мен байланыстырғым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |