кіріспе бөлім ахж-10 коды (-тары)


Ісік лизисі синдромының алдын-алу



бет26/26
Дата11.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#137479
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Ересектерде Ходжкин лимфомасын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы

Ісік лизисі синдромының алдын-алу

  1. Аллопуринол - 10 мг/кг тәулігіне 2-3 қабылдауда (max – 600 мг/тәул) 3 - 8 күн.

  1. Инфузиялық терапия:

  • Көлемі = 3000-5000 мл/м2/тәул.

  • 5% глюкоза ерітіндісі  0,9% NaCl ерітіндісі = 1 : 1.

  • Зәрдің меншікті тығыздығы < 1010.

  • Сұйықтықтардың тепе-теңдігін бақылау. Тепе-теңдік: бөлінген несептің саны = бөлінген сұйықтық саны – тыныс алумен сұйықтық жоғалту.

  • Тәулігіне 1-2 рет бақылап өлшеу.

  • Диурезді бақылаудың қарқындылығы науқастың жағдайы мен жасына сәйкес келуі керек.

  • зәр шығару жеткіліксіз болған кезде - көктамыр ішіне тәулігіне 1-10 мг/кг лазикс немесе инфузия, тіпті бірқалыпты гипопротеинемия кезінде - альбумин, қажет болған кезде - допамин 3-5 мкг/кг/мин.

  • Инициалды инфузия-калийсіз. Орташа гипокалиемия – қажет болады.

  • Несепті қайта сілтілеу: - NaHCO340 - 80 ммоль/л тұрақты инфузияға қосу (немесе 100-200 ммоль/м2/тәул параллельді инфузияға).

  • Несептің pH сәйкес NaHCO3 қажетті көлемін реттеу

  • Несептің рН мәні = 7.0 өте жақсы! дегенді білдіреді - несеп қышқылы мен ксантин үшін жеткілікті ерігіштігі сақталады және фосфоркальций конкременттерінің түзілу қаупі жоқ.

Әр 12-24 сағат сайын зертханалық бақылау: қанның биохимиялық талдауы - Na+, K+, l, Ca++, фосфаттар, несеп қышқылы, креатинин, несепнәр, ақуыз, альбумин.

9-қосымша


Су-электролиттік бұзылуларды түзету

Гиперурекимия

  • инфузия көлемін тәулігіне 5000 мл/м2 дейін ұлғайту.

  • қандағы фосфаттардың қалыпты мөлшері кезінде несептің рН = 7,5 деңгейінде және қандағы фосфаттардың жоғары концентрациясы кезінде = 7,0 деңгейінде тұрақтандыру. Алайда, гипоксантиннің кристалдану қаупіне байланысты несептің рН-ын үнемі 7,5 деңгейінде ұстау мүмкін емес.

Гипекалиемия

К+>6 ммоль/л кезінде:

  • пациентті гемодиализге дайындау және гемодиализ жүргізу мүмкіндігімен тиісті орталыққа ауыстыру;

  • шұғыл шара ретінде: глюкоза-1г / кг + инсулин 0,3 бірлік / кг, 30 минуттық инфузия ретінде (бұл тек K+ жасуша ішінде қайта бөлінуіне әкеледі, ал 2-4 сағаттан кейін K+ таралуы бастапқы қалпына келеді. Демек, бұл гемодиализге дайындалу үшін уақыт ұтысы ғана).

  • ЭКГ-өзгерістері кезінде: кальций глюконаты 10% - 0,5-1 (-2) мл/кг көктамыр ішіне баяу (брадикардия қаупі) + NaHCO3-2 ммоль/кг көктамыр ішіне ағынды.

К>7 ммоль/л кезінде: шұғыл – гемодиализ! егер техникалық мүмкіндік болса- ырғақтың трансвенозды жүрек реттегіші.

Гиперфосфатемия

(P++ >1,5 mol/l немесе 3 мг/100 мл)

  • инфузия көлемін тәулігіне 5000 мл/м2 дейін ұлғайту.

  • несептің pH 7,0 аспауға тиіс

  • aluminiumhydroxid - 0,1 г/кг р.о. тағайындау (тағам фосфаттарын байланыстыру үшін).

  • Гипокальциемия кезінде - кальцийді енгізу гипокальцемия симптомдары дамыған кезде ғана (кальций фосфатының тұнбаға түсуіне байланысты) көрсетіледі. Кальций глюконаты 10% - 0,5 - 1 (- 2) мл / кг көктамыр ішіне, баяу (монитор, брадикардия қаупі).

  • егер фосфат > 10 мг/100 мл (5 моль/л) немесе кальций фосфаты > 6,0 ммоль/л – шұғыл гемодиализ қажет

Гипокальциемия

Түзету гипокальциемияның клиникалық симптомдары пайда болғанда ғана жүргізіледі:

  • кальций глюконаты 10% - 0,5 - 1 мл/кг көктамыр ішіне, баяу (монитор, брадикардия қаупі);

  • гипомагнезиемия кезінде Mg++ концентрациясын бақылау: магнийді түзету - тәулігіне 0,2 - 0,8 мэкв/кг ұзақ көктамыр ішіне инфузиямен (25% күкірт қышқылды магнезия ерітіндісі тәулігіне 0,1-0,4 мл/кг).

Олиго-/анурия

Сағатына 50 мл/м2-ден аз несеп бөлінісі, тәулігіне 10 мг/кг фуросемид енгізілуіне және сағатына 130-200 мл/м2 көлемінде инфузиялық терапияға қарамастан,
«Әдеттегі» анықтама < сағатына 5 мл /м2 бұл жағдайға қолданылмайды. Диурез нақты енгізілген сұйықтықтың көлемімен бірге бағалануы керек.
Мүмкін болатын себептер:

  • УДЗ: несеп шығару жолдарының обструкциясы; бүйрек инфильтрациясы.

  • зертхана: K+, Ca++, несеп қышқылы, фосфат.

  • несеп: урат кристалдары, кальций фосфаты кристалдары.

  • терапия: гемодиализ, ең кеші K+> 6 mmol/L көтерілгенде.

Гемодиализге көрсеткіштер

  • K+> 7 mmol/L немесе көтерілуі > 6 mmol/L жеткілікті инфузиялық емге және диуретиктерге қарамастан;

  • фосфат > 10 мг/100 мл (5 ммоль/л) немесе CaxP> 6,0 ммоль/л өнім

  • тәулігіне 10 мг/кг фуросемид енгізілгеніне және сағатына 130-200 мл/м2 көлемінде инфузиялық терапияға қарамастан, несепті сағатына 50 мл/м2 кем бөлу

  • несеп шығару жолдарының екі жақты жоғары немесе толық обструкциясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет