Кіріспе; Дәрумендер туралы түсінік



бет5/6
Дата07.06.2023
өлшемі52,48 Kb.
#99492
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-17844

Дәрумен Д (кальциферол). Ол адам ағзасында гор- монға ұқсас затқа айналады, сөйтіп, кальций мен фосфор сіңіруге көмектеседі. Бұл дәрумен 3-4 жастағы бала-ларға аса қажет. Д дәрумені жетіспесе бала мешелге (рахитке) ұшырайды. Оны екіқа-бат және бала емізіп жүрген әйелдер көп қажетсінеді. Д дәрумені тунец, тресканың, басқа да балықтардың бауыр майында мол. Сары майда, жұмыртқаның сары уызында аздау. Өсімдік тағамдарында жоқ, мал өнімдерінде өте аз. Ересек адамдар Д дәруменін көп қажетсіне қоймайды. Тек ол адам ағзасына жарық жетіспегенінде (шахталарда жұмыс істегенде) ғана аса қажет.

Д дәруменінің жетіспеуі сүйекке кальцийдің аз жиналуына әсер етеді, адам ағзасында кальций мен фосфор – кальцийдің алмасуы-ның қатты бұзылуына әкеліп соқтырады.



Дәрумен Е (токоферол).
Ол бұлшық еттердің, жыныс бездерінің қызметін жақсарту үшін керек. Ағзаны, тінді жә-не жасушаларды зиянды еркін радикалдардан қорғайды. Тоқ ішектің қатерлі ісігіне жол бермейді. Оның кездесетін тағамдары: фундук, қара нан, зәйтүн майы (мол кездеседі) және басқа да өсімдік майы, жаңғақ, бұршақ, жүгері тұқымдары, көкөністер, мал-дың бауыры, жұмыртқа, сүт.

Дәрумен К (филлохи- нон). Қанның ұюына қаты- сатын қасиетке ие. Өсімдік-тердің көктеп өсетін бөлік-терінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапы-рақты қырыққабат (капуста), қалақай және т.б.), сәбізде де, томат құрамында бар. Мал- да тек қана бауырында кез- деседі.

Дәрумен Р (биофлавоно- идтер). Адам ағзасындағы жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырады, қызме-тін қалыпқа түсіреді. Осынау биологиялық заттар С дәру-менімен араласқанында өте тиімді әсер етеді. Р дәрумені шайдың (әсіресе көк шай- дың) құрамында, итмұрында, лимонда, құрмада, қара қа-рақатта, жүзімде, өрікте, қара- құмық ұнтағында көп мөлшер-де бар.

Дәрумен РР (никотинамид, никотин қышқылы). Адам ағзасында биологиялық қышқылдану процестеріне қа- тысады. Бұл дәрумен мынандай тағамдар мен көкөніс, жеміс-жидектерде бар: бауыр, бүйрек, ашытқы, ет, сүт, бұршақ, бидай ұны (жеткілікті мөлшерде). Қарақұмық ұн-тағында, саңырауқұлақта РР дәрумені көп. Өсімдік өнімде-рінен гөрі мал өнімдерінің та-ғамдарынан бұл дәруменнің адам ағзасына сіңуі өте жақсы. РР дәрумені жетіспегенде тез шаршағыштық, әлсіздік, ашушаңдық, ұйқысыздық пай- да болады. РР гиповитами-нозының ең сипатты белгісі – терінің сыртынан қабынып өз- геретін пеллагра ауруы («түрпі-ленген тері»). Бұл сырқат кезінде ас қорыту бұзылады (іш өтеді), емдемесе, жүйке – психика дертіне ұласады.

Тұздар мен қышқылдар


КАЛЬЦИЙ: Сүйек және тістерді қуаттандырады, жү- ректің соғуын реттейді, қан қысымын түсіреді. Сүт және сүт өнімдерінде, жасыл жа-пырақты көкөністерде, соя, фундук, сардина балығы жә- не нанда болады. Кальций сонымен қатар жүйке жүйесі үшін де өте маңызды. Тіс құрылысының әлсіреуі, қолдарда және аяқтарда анестезия, ұйып қалу, сіңір тартылу (судорога), ілгері жаста сүйек аурулары секіл-ді дерттерге шалдығудың басты себебі кальций кемші- лігі. Кальцийге қанық азық-тар: сүт, айран, ірімшік, ба-дам, қырыққабат, фасоль, сардина, күнжіт, жұмыртқа, оливка...

Пияз және сарымсақ тамырларда қанның жүруін арттырады. Пияз және са-рымсақтың қан тамыры бітелуі кесірінен болатын қан қысымын және қан холлестеринін түсіруде әсері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет