Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс



бет22/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Бейбарыс және кресшілер.

Иусис табытын мұсылмандар үстемдігінен азат ету идеясы христиандар арасында жігермен қабылданып, екі ғасыр ішінде қасиетті жерлерге кресшілердің жеті қарулы жорығы болады. Палестина жағалауында кресшілер иеліктері, қамалдары мен бекіністері пайда болады.

Сұлтан Бейбарыс 1261-1271 жылдар арасында Жерорта теңізінің шығыс жағалауында орналасқан христиан иеліктеріне қарсы толассыз шабуылдар жасаумен болады. Сұлтанның әр жорығы бір кейде бірнеше бекіністер мен оның маңындағы жерлердің мәмлүк мемлекетінің иелігіне көшумен аяқталып отырған. Кресшілерге қарсы күрес сұлтан өмірінің мәніне айналды десе де болады. Осы заманғы батыс тарихшысы С.Рансиман “Бейбарыстың қазасымен Салахуддиннен кейінгі христиан әлемінің ең ірі жауы зауал болды. Ол сұлтан болғанда кресшілердің иеліктері шығысқа созылып жатқан еді. Ол жеті жылға созылған билігі ішінде кресшілерді, шалғай жатқан Лазикия, Аслит, Маракаб бекіністерін қоспағанда, Жерорта теңізінің жағалауындағы Акка, Сур, Сайда, Триполи, Джебил, Анторус секілді бірнеше қалалармен ғана шектелуге ғана мәжбүр етті. Бейбарыс бұл қалалардың біржолата құлағандарын өз көзімен көрмесе де, солай болатындығыны реттеп кетті” – деп жазады.

1265 жылы ақпанда Бейбарыс ауыр қолмен шығып, кресшілердің ірі бекіністерінің бірі - Қайсария қаласын қоршауға алады. Тұрғындар қашып қамалға бекінеді. Мәмлүктер тас ататын қондырғыларды орнатып, бекініс қабырғаларын соққылай бастайды. Бекініс алынған соң Бейбарыс қала тұрғынадарына аманат жасап, қалаған жақтарына кетуге рұқсат береді. Сұлтан қолына қайла алып, бекіністі бұза бастайды да, санаулы күннің ішінде қала мен бекіністі жермен-жексен етеді.

Ибн Абдузаһир кресшілердің келесі бір бекінісі Арсуфты алғанда “Бейбарыс күні бойы садақтан үш жүздей жебе атты. Пайғамбар айтқан екен: “Кім Алла жолында бір оқ атса, бір құлға бостандық бергенмен тең” – деп Бейбарыстың ісін ұлылаудан танбайды.

Сұлтан Бейбарыс татарлардың кресшілермен одақ құрып, Алеппо маңындағы Сарджур бекінісіне шабуыл жасағаны туралы хабар келісімен әмір Айтегін бастаған әскерді Шамға жіберіп, сол жерлерде орналасқан әскермен бірігіп дайындалуға әмір береді. Өзі 1269 жылы қазанда аздаған нөкерімен әскер соңынан шығады. Сол жылы қыс қатты болып, әскр қатты зардап шегеді. Соған қарамастан Бейбарыс Иран елхандарының әрекеттерінің алдын-алып, кресшілермен қарсы үздіксіз соғыс жүргізген.

Крес көтерушілердің иеліктеріне қарсы үздіксіз соғыс жүргізген сұлтан Бейбарыс Жерорта теңізі жағалауы мен Шам еліне мойнын сұға орналасқан Кипр аралының кресшілерінің негізгі транзит орталығы екенін түсінді.

1269 жылы Кипр королі Хью ІІІ-тің Акка мен Кипр королі болып жарияланып, ең ірі кресші иелігінің басшысы ретінде мұсылмандарға қарсы күресте бұрынғыдан да белсендірек роль атқаруға мүмкіндік алады. Жаңа патша Бейбарыстың Кіші Азия селжұқ түріктеріне жолдаған елшілерін өзінің берген аманатына қарамастан қамауға алады. Бұған қарымта ретінде 1270 жылы Бейбарыс Кипр аралына шабуыл жасау мақсатында Ибн Хасуж бастаған 17 кеме апатқа ұшырап, қалғанын Хью тұтқынға алады. Осыған масаттанған ол Бейбарысқа сүйіншілеп хабар жолдайды. Оған жауап ретінде Бейбарыс олардың жел әрекетін өзіміздің жеңісіміз деп санағанын мінеп, масқаралап хат жібереді. Әл-Мақризи осы оқиғаны кеңінен сипаттап жазады[10].

Бейбарыстың Кипрге тағы да жорық ұйымдастыру ойында болғанымен, Ирандағы елхандармен арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуі бұл жобаны жүзеге асырмай тастайды. Бейбарыстың осы кезеңде моңғолдарға қарсы біржағынан Кіші Азияда, екінші жағынан Ирак жағында сансыз шайқастары оның белсенділігінің қаншалықты кең ауқымды екенін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет