Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс


Сұлтан Бейбарыстың Хиджаз және Йеменмен қарым-қатынастары



бет19/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Байланысты:
Бейбарыс

Сұлтан Бейбарыстың Хиджаз және Йеменмен қарым-қатынастары.

Мұсылман елдері үшін қасиеті жерлерді – Мекке мен Мәдина орналасқан Хиджазды өзінің қол астына қарату Бейбарыс үшін ерекше маңызға ие болды. Ол кезде Мекке шарифтері (пайғамбар тұтқындары) Тунистегі Хафасид халифаларының билігін мойындап тұрды.

Хиджаздың мәмлүк сұлтандығы құрамына енуі сұлтан Бейбарысқа қос қасиетті жердің - қағба мен пайғамбар моласын қамқорлығына алған мұсылман билеушісі ретінде тиісті бедел және абырой беріп қана қоймай, оның мемлекетінің заңдылық негіздерін одан әрі нығайтып, аббасид халифаларының заңды жалғасы ретінде иық теңестіруге мүмкіндік беретін еді.

Халифалар кезінен қалыптасқан дәстүр бойынша пайғамбар күмбезі мен құдай үйі - қағба орналасқан жерлерге атақты шығыс маталарына құран аяттарын алтын жіппен шебер тоқыған Қағбаны ілуге арналған кисуа –жабуға қосымша азық-түлік, бидай жіберу мұсылман билеушісі үшін зор құрмет саналатын.

Ұлы Жібек жолының әлсіреуі салдарынан Қызыл теңіз сауда жолының жандануы мәмлүк мемлекетіне Шығыс пен Батыс арасындағы сауда байланыстарында белсенді делдалдық, дәнекерлік роль ойнауға мүмкіндік берді. Бұл жол, уақыт өте келе, жаңа заманда Суэц каналы қазылған соң, Еуропа мен Шығыс елдері арасындағы ең жақын су жолына айналды.

Моңғол шапқыншылығының нәтижесінде халифаттың жойылуы, Мекке әмірлерінің татарлармен ауыз жаласуы салдарынан Мекке мен Мәдинаға қажылықты 12 жылға созылған үзілістен соң сұлтан Бейбарыс жандандырды. Ибн Шаддадтың жазуы бойынша: “Мұсылман елінің басшысы үшін зор құрмет саналатын Меккедегі қағбаға жабылатын кисуаны жеткізу үшін керуен жолдайды. Алайда, Мекке әмірі Бейбарыс керуенін қалаға кіргізбей жібереді. Ақыры, Бейбарыс Хиджазға келіп, Меккеде шайқас болады. Әміршісін өлтіреді, әскер талқандалады. Бейбарыс қағбаға кисуаны жаптырып, пайғамбар күмбезіне жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Жұма күндері мешіттерде имамдар оқитын құтпа Бейбарыс атына арналып айтылатын, теңгелерге Бейбарыс аты соғылатын болды. Мекке қаласына өзінің найбын тағайындайды. Бұл һижра бойынша 667 немесе 1269 жыл болатын. Осы уақыттан бастап Хиджаз әмірлігі сұлтан Бейбарыстың вассалына айналды.

Шалғай жатқан Йемен сұлтаны да Бейбарыстың билігін мойындап, жыл сайын бағалы сыйлықтар жібріп отырған. Бұл Бейбарыстың даңқының алысқа кеткендігін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет