Бейбарыстың Еуропа патшаларымен қарым-қатынасы.
Сұлтан Бейбарыс Шам елдеріндегі христиан иеліктері мен қазіргі Иран мен Ирак жерінен әрекет еткен Хулагу мемлекетімен қанды шайқастар жүргізе отырып, ортақ жаулары селжұқ түріктері мен католки-крес көтерушілерге қарсы бірлескен қорғаныс келісіміне қол жеткізу мақсатында Византия императоры Михаил Палполжиспен хат алмастырып отырған. Бейбарыс сонымен қатар басқа да христиан иеліктерімен тиімді саяси және сауда байланыстарын орнатуға ұмтылған. Сицилия және Таскания королі Манфредпен елшілік алмасады. 1261 жылы Айн Джалут шайқасында қолға түскен моңғолдардың бір бөлігін, қару-жарақ, ер-тұрманымен Манфредке жолдайды. Сонымен қатар, Бейбарыс Арагон королі Джеймспен, Шпилия әмірі Альфонспен сауда келісімдеріне қол қояды. Бір-бірімен елшіліктер алмасып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |