Кіріспе. ӘЛеуметтану ғылымы және оның зерттеу объектісі


ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



бет11/19
Дата16.03.2022
өлшемі104,77 Kb.
#28122
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
7. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Әлемдік жаһандану үдерісінің барысы. «Жаһандану», «ұлттық трансформациялану», «модернизация» ұгымдарының сипаты. «Әлеуметтік әлеует», «патриот» ұғымдары.

Әлемде жүріп жатқан жаһандану үдерісіне ғылыми ортада екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі - «экономикалық жоғары дамыған елдер дүниені өз ыңғайына көндіреді, сол себеіггі көптеген елдер мәдениеттер мен әлеуметтік топтар, өз мүдделерін өзі шешуден қалады» деген пікірді білдіреді. Осыдан жаһандасуға қарсылық және одан сақтану психологиясының туындайтыны түсінікті. Екіншісі - «бұл болмай қоймайтын әлемдік дамудың заңды жолы, дүниенің экономикалық, мәдени, саяси біртұтастыққа ұмтылысы» деген тұжырымға саяды.

Бүгін әлем халықтарының 20 пайызының үлесіне дүниежүзілік ішкі өнімнің 86 пайызы тиетіні, жоғары дамыған 7 мемлекеттің дүние жүзіндегі компьютерлік техниканың 90,5 пайызы және тіркелген ғалыми жаңалықтардың 87 пайызына ие болып келгені - есепке алмауға болмайтын дәлел2.

Мәселені зерттеуші әлеуметтанушы ғалымдар бірі, болашақ өркениеттің (цивилизация) ғылыми-техникалық революция, компьютерлендіру, гендік инженерия, психотроптық ықпал етуге негізделгенін білдіреді (Морлоу). Екіншісі қоғам мен биотехнология, микроэлектроника, телекоммуникация, оптикалық электроника және т.б. ақпараттық жүйелердің интеграциялануы әлемді жаһандастырушы негізгі күштер болатынын айтады (Кастельс). Енді бірі территориялар, капитал, технологияларды бөліске салу аяқтағаннан кейінгі, төртінші жаңа бөлісті - интеллектуалдық әлеуетті қайта бөлу кезеңі болмақ дейді (Бауман). Бұл бір түрдегі өркениеттің екінші өркениетке ауысуының заңдылыққа айналатынын бүгінгі өркениет орнына жаңа өркениеттің келетінін білдіреді. Осыдан Умераха Кеңес Одағының ыдырауы мен АҚШ капитализмінің тоқырауға ұшырауы арасында, яғни марксизм мен Батыс либерализмінің күйреуі арасында тығыз байланыс барын жеткізеді. Жалпы, адамзат күткен мәнге неғүрлым жақынырақ тұрғаны Ульрих Бектің: «Жаһандану дегеніміз - әлемдік аймақтар мәдениетінің қарама-қайшы тіршілігі емес, керісінше, олардың өзара үйлесімділік принципіне негізделген (әрине бұрылыстары да болып тұратын) диалектикалық үдеріс. Бұл үдерістер ұлттық шекарадан шыға қиылысып жатқан арақатынастарды ғана құрастырьш қоймай, ұлттық мемлекеттердің ішіндегі әлеуметтік пен саяси трансформациялану мазмұнын да өзіне біріктіреді. Сол себепті ұлттық қоғамдардың ішкі дамуындағы жаһандануды, соны, космосаясат деп атаймын» деген анықтамасы.

У. Бектің тұжырымдауынша, әлемдік дамудың жаңа жағдайы ғылымдарды да өзгертеді. Кешегі методология бүгінгі танымның дамуы мүмкіндіктеріне жауап бере алмайды. Ғылыми ұғымдар, категориялар түбегейлі өзгерістерге ұшырайды түседі. Әлеуметтану да түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Демек әлеуметтанушыларды жаһандық ойлау кеңістігіне енуге мәжбүр болады (У. Бек).

Жаһанданудың айқын көріністері: трансұлттық экономикалық, ғылыми, технологиялық, қаржы қозғалыстары, білім мен мәдени өзара байланыстардың тереңдей түсуі, саяси ықпалдастықтар болатыны сөзсіз. Бұл ұлттық шекараларды аттап, кез келген қоғаммен етене үйлесіп жатқан көптүрлі ара байланыстар. Қоғамның ішкі дамуы үдерісінің әлемдік құбылыстарға бет бұрысы, оның талаптарына сай өзгерістерге ұшырауының өзіндік ерекшелігін туындатады. Бұл жаңа сипаттағы қарқынды дамудан өз көрінісін табады. Бұл үдерісті У. Бек «трансформациялану» деп атайды.

Әлемдік елдер арасындағы әлеуметтік-экономикалық алшақтықтар жаһандану жағдайында қысқармай, керісінше, тереңдей түсуде . Кедей елдердің 80 пайызы әлемдік игіліктің тек 20 пайызына қол жеткізіп отыр. Халықаралық терроризм мен ұйымдасқан қылмыс, заңсыз есірткі айналымы да жаһандану заңдылықтарын пайдаға асыруда. Бұдан: жаһандану үдерісінің бақылануы, реттелуге тиістігі туралы қорытынды туындайды.

Қазақстан қоғамы болашақта жаһанданған әлемнің талаптарын ескеріп, келесі шараларды жүзеге асырмақ:

* отандық шикізатты жаңа инновациялық технологиялар негізінде өндеу, бөсекеге түсе алатын жоғары сапалы тауар өндірісін дамыту. Ол ауыр, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету т. б. салаларына да қатысты;

* білім сапасын қоғам сұранысына сәйкестендіру, ғылымды әлемдік бәсекеге сай ете алатындай дәрежеге көтеру, дамыту, білім беру мен ғылым салаларын қаржыландыру; халықтың, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі мен мәдениетін көтеру, жастардың білімі, азаматтық ұстанымына мән беріліп, патриоттық сезімде төрбиеленуі;

* Инженер мамандарды даярлауды жетілдіру, шетелдік озық технологияны жетік меңгеру және озық технология әкелетін инвесторларды ынталандыру, оны өңдеу саласына тарту.

* халықты ақпараттандыру, білімін жетілдіру, елдің индустриялық-инновациялық дамуының жеделдеуі, ішкі стратегиялық міндеттердің дәйекті жүзеге асуының басты кепілі болатын саяси тұрақтылықты сақтау;

* сыбайлас жемқорлық т.б. елді іштен ірітетін құбылыстармен (ұлтшылдық, діни және саяси экстремизм) жұмыла үздіксіз күрес жүргізу, елдің рухани мәдениетін дамыту;

* жер қойнауынан алынатын табиғи байлық, егіншілік, мал өнімдерін көптүрлі жоғары сапалы тауаларға айналдырып, өндіруші, өңдеуші және бұларды өткізуші елге айналу, мол табысты иелену адам өмірінің сапасы өзгереді.

Қарқынды дамыған білім мен ғылымға негізделген, инновациялық экономика Қазақ елінің саяси, экономикалық және рухани теуелсіздігін арттыра түсуі керек. Бұл жолда жастар, кәсіпкерлер, саясаткерлер, басқару жүйесі субъектілері маңызды роль атқарады.

Білім, ғылым, іскерлік, қаржы, ақпарат ағымы шекараны білмейтін әлемге ену, «патриот» ұғымына жаңа мағына береді. Елдің ішкі экономикалық, ғылыми, мәдени құбылыстары сыртқы қатынастармен байланысып, кәсіби мамандардың, елді басқаруға қол жеткізгендердің патриоттық сезімі мен азаматтық ұстанымдарының ел тағдыры үшін маңызы арта түседі.

Қорыта айтқанда, дәстүрлі «интеграция», «одақ» ұғымдары әлемдік - «жаһандану» құбылысымен толықты.

Интеграциялық құбылыстар жеке елдердің өзіндігін, саяси, мәдени жене экономикалык дербестігін сақтай отырып, еңбек бөлінісін, бірлескен қауіпсіздігін сақтауға бағытталады. Экономикалық, ақпараттық, саяси, мәдени, демографиялық, технологиялык жаһанданудың қазіргі қалпы бәсекеге қабілетті немесе қабілетсіз деген ұғымдармен өлшенеді. Аталған арабай-ланыстар негізінде әлеуметтік қатынастардың да жаһандануы жүріп жатыр. Бір жағында - өзара байланыстың артуы, өзара байыту, екінші жағында - әлемдік өлеуметгік теңсіздік пен мықтысының өлсізге біржақты ықпалы. Бәріне бірдей болуға және болмай қоймайтын қүбылыс, ол - ақпараттық жаһандану, өрке-ниеттің ақпараттық сатысына аяқ басу. Алайда өлемдік елеуметтік арақаты-насты, жаһандық арабайланыстарды басқару оның тәжірибесінен артта қалып жатқаны байқалып түр. Барлық мемлекеттер үшін ортақ саяси үйым ролін атқарып келе жатқан Біріккен Үлттар Ұйымы негізінен ықпалды елдердің тарапынан тездетіліп жатқан жаһандану процесі қарқынына ілесе алмай, өзінің басқарушылық қызметін жаңа талаптар мен інындықтар сүранысына бейімдей алмай жатқан жайы бар. Сол себепті елемдік қауымдастық, соның ішінде Қазақстан Республикасы да БҮҮ қызметін реформалауды үсынуда. Бүл бағытта ғалымдар өз үлесін қосуға тиіс.

Батыс әлеуметтанушылары И. Валлерстайнның ойынша, капитализм шегі жоқ капиталды өсіруге тырысушыльщ және нарықтық индивидуализм нарьщ-тан тыс жатқан нормалармен үйлеспесе, үйымдастырушы негіз бола алмайды, У. Бектің түсінігінше, К. Маркстің «жүмысшы табының Отаны жоқ» деген түжырымын қазіргі жаһанданушы қоғамдастықта теңкеріп қарау керек. Жаһандандыруды кәсібі егіп алған капитал иелерінің отаны жоқ, сол себепті жүмысшы қозғалыстары өз мемлекетінен өктемдігі асып бара жатқан жаһандық қозғалыстардан қорғауды сүрайды. Осы тұжырымдар қазіргі саясаткерлер назарьшда болғаны қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет