Кіріспе. ӘЛеуметтану ғылымы және оның зерттеу объектісі


ОТБАСЫ, ЖАНҰЯ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ



бет13/19
Дата16.03.2022
өлшемі104,77 Kb.
#28122
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Әлеуметтану, дәрістер

9. ОТБАСЫ, ЖАНҰЯ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Отбасы әлеуметтануы, отбасын ең маңызды әлеуметтік институт ретінде қарастырады. Бұл алғашқы қауымдық құрылыс кезінде қалыптасқан ежелгі институттардың бірі. Отбасын – жанұяға, өзара моральдық жауапкершілікке, көмекке және ерекше сүйіспеншілік сезіміне бөленген, бір-бірін іздеп тұратын, қандас туысқандық, тұрмыс пен тәрбие ісіндегі өзара жауапкершілігіне негізделген адамдар бірлестігі деп анықтауға болады. Тек ата-анасы мен бұлардың қамқорлығына бөленген балалардан тұратын жанұяны нуклеарлы, жұбайлар отбасы деп атайды. Кең көлемді туыстар отбасы деп бірге тұрып жатқан адамдарды (атасы, әжесі, ата-анасы, аға-інілер, қарындастар мен немерелер т.б.) Ата-ананың бірі жоқ болатын отбасын толық емес деп атайды. Осымен қатар ер және әйел адамнан тұратын отбасы моногамдық және полигамдық, ер адамның бірнеше әйелі болғанда полигиниялық, ал бір әйелдің бірнеше күйеуі болғанда полиандриялық деп бөлінеді. Бүгін осы аталған отбасы түрлерін әлемнің әртүрлі түкпірлерінен кездестіруге болады.

Отбасының келесі функцияларын ерекшелеуге болады:

* репродуктивті, дүниеге баланың келуімен байланысты;

* тәрбиелік, тұлғаны әлеуметтендіру құралы ретіндегі отбасына тән болады;



* Экономикалық- шаруашылық, үй жұмыстарын ортақтаса жүргізу, қаржылай қамтамасыздандыру, жеке меншікті мұраға қалдыру т.б.

*демалыстық, мұнда бос уақыттағы рухани және эмоциональді-психологиялық сұқбат сұраныстарын қанағаттандыру;

*басқару және алғашқы әлеуметтік бақылау;

*Әлеуметтік –статустық.

Қазіргі заманғы әлеуметтанушылардың басым бөлігі жанұя қатынасының тарихи бірінші түрі, адамзаттың тобырлық өміріне тән промискуит соңынан өмірге енген, әр түрлі ру, тайпа мүшелеріне отбасын құруға рұқсат берілетін экзогамияға негізделеді. с. 238.

Тек жеке некеге негізделген отбасының дүниеге келуімен, толыққанды жанұялар туралы айтуға болады.

Жоғарғы палеолитте, саналы адамның өмірге келуімен ана жағынан есептелетін рулық қауым қалыптасқан. Зерттеу жұмыстары экзогамияның жыныстық қатынастарды әлеуметтік мінез-құлыққа бағындыру, адамда адамды тәрбиелеу құралы ретінде пайда болады. Рулық қауымда алғашқы еңбек бөлінісі пайда болып, әйелдер терімшілік, отын жинау, ошақта от жағумен, ер адамдар ауыр жұмыстармен, аңшылықпен айналысады. М. Салинздің пікірінше жыныстық қатынас адамзат қауымына дейінгі тобыр мүшелерін ұйымдастырушы күш болған. Адамзат қауымы ұжымның экономикалық мүддесі үшін жыныстық қатынасын реттеуге мәжбүр болған. Зерттеушілердің басым бөлігі рулық қоғам мүшелерінің зоологиялық басымдықтарға тиым салудың мағызды шарты ретінде, жыныстық инстинктіні жүгендеуді үйренген. Осы арқылы қоғамдық болмыс, қоғамдық сана қалыптасқан.

Жақын туыстар арасындағы некеге гендік тұрғыда тиым салынады. Жақын туыстар арасындағы некеден дені сау емес ұрпақ пайда болады. Экзогамия пайда болған жерде жаратылыстық сұрыптау үдерісінде кезікке ұрпақ эволюциялық тез жетіліп басымдыққа ие болады.

Қазіргі түсініктегі жанұя рулық қауымдық құрлыстан тайпалық қауымдастыққа өту кезінде пайда болады. Эерттеушілер оның пайда болуының әр түрлі, әлеуметтік және биологиялық себептерін алға тартады. Маркстік көзқарас бойынша отбасы өндіріс құралдарына жеке меншік институтының, таптық қоғамның пайда болуымен өмірге келеді. Биологиялық себеп ретінде америка әлеуметтанушысы М.Мидтің көзқарасын мысалға келтіруге болады. Алғашқы қауым және қазіргі заманның әкесі мен анасының орнын салыстырып, биологиялық және әлеуметтік себептің жыныспен байланысты болатыны туралы қорытындыға келеді. Атап айтқанда әйелдерде отбасын құруда биологиялық себеп басымдыққа ие болса, ер адамда әке болу әлеуметтік себепке сүйенеді. Болашақ биологиялық бекімеген ер адамның әкелік сезімі дағдарысқа кезігіп, әрқашан әлеуметтік қолдауды керек етеді. Осылайша отбасы қатынасы өз дамуында үш түрлі сатыдан өтеді: промискуит тобырлық қатынас; ЭКЗОГАМИЯ РУЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТА және жұп неке тайпалық одақта.

Қазіргі заманғы некені бұрынғы уақыт отбасымен салыстыруға болмайды. Мұнда жұбайлардың статустық теңдігі орын алады (эгалитарлық отбасы). Қазіргі отбасы көптеген елдерде нуклеарлық, моногамдық, эгалитарық сипатқа ие.

Отбасы эволюциялық дамуды бастан өткізіп, оның қоғам, алдындағы міндеттерінің мазмұны да өзгеріске ұшырауда. Отбасының орындайтын келесі міндеттері ерекшеленеді:

  • қоғамдағы, гендерлік (ер жөне өйел) арабайланыстарын, қатынастарын реттейді. Басты факторы - отбасының құрылып, ер жене әйел адамдардың некелесуі;

  • адам, ұрпақтар тіршілігін жалғастыратыны. Өмірге келген сәби тек ата-анасының ғана қуанышы емес. Ұрпақ дүниеге келмесе, өспесе, тіршілік тоқтар еді;

  • бала төрбиесі. Ата-ананың баланы өз уақытында дұрыс тәрбиелеуі үш жақты әлеуметгік нәтиже береді: бала тұлғаға айналып, қоғамдық қатынастарға араласады; әлеуметтік орта кемеліне келген кісіге ие болады; ата-ана басты өмірлік ұстанымын жүзеге асырып, өзінің мерейін асырыды;

- отбасы мүшелерінің, қандас туыстардың қалыпты тіршілігін, тұрмыстық, мәдени сұраныстарын қамтамасыз етеді.

Осы міндеттер отбасын қоғамның, әлеуметтік орта дамуының қайнар көзі болады. Өкінішке орай, барлық отбасы бұл міндеттерді толық орындай алмайды. Ер мен әйелдің ажырасу фактілері өте жоғары. Әрбір үшінші, тіпті кей ортада әрбір екінші отбасының ажырасатыны байқалуда. Қазақстан Республикасында отбасылардың 25 пайызы заңды түрде ажырасқандар. Оның үстіне кең таралған ішкілік, қылмыс түрлері де терең тамырланып, отбасы институтына мен қоғамдық қатынастарға теріс ықпалын тигізуде. Тірі жетімдер (ата-анасы тірі болса да, балалар үйінде тәрбиеленетіндер) саны артып барады. Балалар және жасөспірімдер тәрбие алатын арнайы орындарындағы сәбилердің 80 пайызының ата-анасы бала тәрбиелеу құқынан айрылғандар, қылмыс істеп қашып жүргендер немесе түрмеде отырғандар, баласын тастап кеткендер т.б. Осының нәтижесінде қоғам бала тәрбиесіне араласып, оларды әлеуметтендіру тауқыметін тартады. Бірқатар балалар мен жасөспірімдер ауытқыған мінез-қылыққа шалдығып, тіпті қылмыскер болып та кетеді. Осы себептен отбасына материалдық, мәдени, педагогикалық, психологиялық көмек көрсету, әке мен ананың бала тәрбисіндегі жауапкершілігін арттыруы - аса маңызды мемлекеттік іс болады.

Тарихи және мәдени қалыптасқан отбасы институты осы аталған келеңсіздіктерден басқа да бүлінушілікке шалдығуда. Америка әлеуметтанушылары мемлекеттің арнайы отбасы саясаты қажеттігін негіздеп, дабыл қағуда. Оның себебі - баламалы «отбасылардың» пайда болуы, ер мен ердің, әйел мен әйелдің немесе бірнеше адамның өзінше бір «отбасын» құруы сияқты ауытқушылықтың бірқатар елдерде етек жаюы.

Қай елде болмасын отбасы институтын бүлдіруші басты факторлар: маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, СПИД сияқты қауіпті аурулар, түнгі «көңіл көтеру» мекемелерінің коммерциялық қызметі, ақпарат құралдары тарататын жыныстық және қатыгездік тәрбие, тұрмыстағы және жүмыс орнындағы күш көрсетулер мен азғындық көріністер, экономикалық қиыңдықтар, ұрпақтар арасындағы түсінбестіктер. Ажырасу негізінде де осылар жатыр. Сондықтан Қазакстанда ана мен баланы қорғау, отбасы туралы заңдар қабылданып, әлеуметтік қорғау шаралары нығайтылуда.

Отбасы институтында орын алған аталған себеп-салдарларға байла­нысты білім мен қоғамдық тәрбие мекемелерінің де жүті ауырлап, жауаптылығы арта түстІ. Әке-шеше бала тәрбиесін біржола қоғам иелігіне итеріп тастаған соң олардың білімдік және азаматтық тәрбиесімен балабақша, мектеп, кәсіптік білім мекемелері шүғылданады. 2005 жылы Қазақстандағы 8053 мектептің 102-сі арнайы түзету мектептері болды. 2004 жылы республикада жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қоса әлеуметтік жағдайы ауыр, көпбалалы және «дағдарысты» отбасыларыньщ балаларына арналған 614 интернат жүмыс істеп түрды. Соның қатарында 70 балалар үилері мен мектеп-интернаттар, 34 балалар үйлері, 3 жанүя түріндегі балалар ауылдары, 17 жасөспірімдер үйі бар. Осы жылы тек Шығыс Қазақстан аумашнда балалар мен жасөспірімдерді әлеумеггік қорғау жүйесінде 8 балалар үйі, мүмкіндігі шектелген балалардың арнайы 11 мектеп интернаты, ауьггқыған мінез-қылықты жасөспірімдердің 2 мектеп-интернаты, отбасы үлгісіндегі 1 балалар деревнясы, патронатгық отбасы жөне ауданаралық психологиялық-медшщналық жене педагогикалық-консультациялық орталықтар жұмыс атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет