Кіріспе. ӘЛеуметтану ғылымы және оның зерттеу объектісі


АДАМ ӨМІРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ



бет17/19
Дата16.03.2022
өлшемі104,77 Kb.
#28122
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Әлеуметтану, дәрістер

12. АДАМ ӨМІРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ
Адам өмірінің мәні және әлеуметтік мәнділгі - қоғамдық, мемлекетаралық, әлемдік арақатынастар мен арабайланыстардың мотивтік негіздерін түсінудің, бар проблемаларды реттеудің, басқарудың іргетастық негізі.

«Адам өмірінің мәнін» әлеуметтік ғылымдар қалай түсіндіреді? Бұл ғасырлар бойы ойландырған, өзіне жауап іздеткен рухани-білімдік қойылым.

Макс Вебер әлеуметтанудың «әлеуметгік іс-әрекетті» зерттейтінін анықтап, оның негізінде жатқан «әлеуметтік мән», «әлеуметгік мінез-қылық» дегенді айтқан болатын. Психологтар мінез-қылықты тек адамның психологиялық қалпы тұрғысынан зерттесе, әлеуметтанушылар тұлға мінез-қылығын белгілі бір мәнге байланысты және сол субъективті мәнге бағдарланатынын қарастырады. Адам сөзсіз белгілі бір әлеуметгік ортада өмір сүргендіктен іс-әрекет мәні де сол ортамен тығыз байланысты болады. Сондықтан да ол-әлеуметгік мән және іс-әрекет деп аталады. Бірақ бұл жеке адамның ерік-жігері мен ойлауы ұжымдық дегенді білдірмейді. Адамның шаруашылық қызметі барысында сол матерналдық игіліктерді пайдалану, басқа да индивидтермен байланысты еске алған іс-әрекет есепке алынады.5 Мәселе қоғамдық байланыстардағы тұлға мінез-қылығы, іс-әрекетінің мотивтік негіздері - сана туралы болып отыр.

Эмиль Дюркгейм «тәрбиенің мәні жас ұрпақты әдістік тәрбиелеу» деп, біздің әрқайсымыздың бойымызда екі түрлі және өзара біртұтастығын жоймайтын қасиет бар екеніне сілтеме жасайды: оның біреуі - тек біздің өз өмірімізге қатысты. Сол бізді адам ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Екіншісі - біздің тұлғамызда, жан дүниемізде болғанымен, өзіміз құрамында, бөлімі болып табылатын ұжымның, топтың, таптардың сезімі мен көзқарасын, өмірлік дағдысын бейнелейді. Олардың жиынтығы әлеуметтік мәнді құрайды. Әлеуметтік мән мен құбылыс адамға туа сала берілмейді, оны қоғам, жаңа адамды тәрбиелеу барысы қальпгтастырады. Ол адам бізде бардың ең жақсы жағы, өмірдің құндылығы мен мәртебесін көтеретін жақтарында тәрбиеленеді. Жаңа қасиеттерді қалыптастыру - адам тәрбиесіне тән ерекше құбылыс. Себебі ол адамның әлеуметгік мәнін, мәнділігін қальштастырады. Адам идеалын қоғам қалыптастыратын, жасайтындықтан, тек социология ғана тәрбиенің мақсатын қоғаммен байланыстыра отырып анықтайды. Міне, Дюркгеймнің пікірінше, қоғамдық сананың қыр-сырын осы тұстан іздестіру керек.1

Виктор Франклдің (Австрия философы) тұжырымдауынша, адамгершілік дағдарысы - мән дағдарысы, жауаптылық дағдарысы, тұлғаларды емес «винтиктер» төрбиелеудің жазасы. Тіршілік мәнінің болмауы адамдар бойында психологиялық бейберекеттік қалып, вакуум тудырады. Ол мәнге деген ұмтылысты, ерік-жігерді, өмірдің мәнін қалыптастырады.

Өмірдің мәнін іздеп табу табиғи құбылыс емес, ол — таным мәселесі. Сұрақты адам қоймайды, адамның алдына қоғам қояды. Сол себепті ол қоғаммен ұштасып жатқан құндылықтармен байланысты. Құндылықтар ортасында еңбек, шығармашылық еңбек басты орында. Өйткені адам өзін еңбек арқылы ашады, көрсетеді, мақсатына жетеді. Арақатынас құндылықтары мәселенің шешілуі тек сол адамның өзіне ғана байланысты болмаған жағдайларда тұлға адамдық арақатьшастар мәнінен жауап табады.

Адамның өз өмірінің мәнін іздеп табуына көмектесетін оның ар-ұяты. Кез келген жағдайда ол қажетті мәнді табуға көмектеседі және сана қойнауындағы «бақылаушы». Дегенмен мәнді іздеу істің тек жартысы ғана, оны енді іске асыру керек.

Адам өмірінің мәні болмауы мүмкін емес, қандай жағдайда болмасын оны табуға болады. Тіпті оның еркі белгілі объективті жағдайлармен шектелгеннің өзінде, адам өз өмірінің мәнін іздеуге және табуға ерікті. Бұл құбылыстың адам мінезіне де байланыстылығы сөзсіз. Ерік-жігер адамға ықпал етуші жағдайды, сол адамның өзінің қатынасына қарай орталықтандыруға мүмкіндік береді.2

Адам өмірінің мөні, танымы мен ойы үнемі байытылып отыратын құндылықтармен байланысып жатыр. Қүндылық - адам тіршілігінің сұранысы. Өмір мәнінің проблематикасы арасында өмір құндылықтары бірінші орында тұр, себебі өмірдің өзі басқа да құндылықтардың болуьшың бірден-бір алғышарты. Адамгершілік тұрғысындағы идеал, парыз, патриоттық, кесіби шығармашылық... қазіргі қоғамдық шындық сұраныстары болғанымен, адамдардың бостандығын, ерік-жігерін, өзінің адамдық табиғатының деңгейіне көтерілуін бейнелейді. Білімі мен төжірибесінің жетіспей жатуы адамның құндылық бағдары мен мәндік таңдауына ықпал етеді.3

Сана мәселесіне назарын аударған Жан Тощенко «нақты сананың» (реальное сознание) ақылға сыйымды мәнге сүйенетінін және адамның практикалық тіршілігі барысында оның үнемі дамып отыратынын айтады. Нақты сана адам қызметінің барлық түрлерінде қайталанып, қалыпқа келтіріліп отырады. Ол қоғамдық қатынастардың қайшылығы нақты сананың сипатымен, соған сай мінез-қылықтармен бейнеленеді. Оңда рационалдық та, эмоциялық та, көзқарас элементтері де, дестүрлі дағдылар да көрініс береді. Нақты санада шындықты практикалық және ғылыми қабылдауға мүмкіндік беретін теориялық санамен ұштасады. Нақты сана тек жеке адамдарға ғана емес, адамдар топтарына да тән. Ол ұжымдық шығармашылық жемісі және әлеуметгік топтар, қабатгарға және бүкіл қоғамға да тән. Социология ғылымы тек сана мен мінез-қылықты ғана емес, оның барлық түрлеріне ықпал егетін өмірлік жағдайларды қоса зерттейді,1

Сонымен, адам өмірінің мәні, оның зерттеліп айқындалуы адамның өз тіршілігінде басщылыққа алатын әлеуметтік құндьшықтарымен байланысып жатады. Әлеуметтік-тарихи өзгерістер әлеуметтік қүндылықтардың өздерін де жетілдіріп, қайта қарап нақтылайды. Олай болса әлем мемлекетгерінің, соның ішінде қазіргі Қазақстанның да құндылықгары, өмірлік мотивация тудыратын идеалдар мен бағдарлаушы әлеумеггік орта мәселесінің адам өмірі мәніне тікелей қатысы бар.

Студент жастардың өз өмірінің мәнін неғұрлым игілікті әрекеттер мен құндылық бағдарлардан іздестіруі оның жеке басының ғана ісі емес. Білікті маман болу, бақытты отбасын құру, Отаньша адал қызмет ету, денсаулығының дұрыс болуын қамтамасыз етуі... т.б. Осы тақырьшқа жасалған әңгіменің барысында бір студент: «Меніңше, адам өмірінің мәні - оның өзінде, Өмір оған берілген екен, оны лайықты өткізуі керек. Өмірді босқа өткізгеніңді өмірден өтер алдында сезіну қандай өкінішті! Шьшымен өмір сүрдім бе, жоқ па? Әрине, оның кемшшіктері болуы мүмкін. Алайда өмірдің беретінін адамгершілікпен ала білу керек, Мен өз еміріме көп жыл өткен соң риза болсам, яғни мен өмір сүрдім. Әр адам сожай жасауы керек»

Әрине, өсіп келе жатқан жас толқынның аты жас толқын Э.В. Ильенков айтып кеткендей, биологиялық құбылыс тек әлеуметгендіру барысында әлеуметгік құбылысқа айналады. Сондықтан есіп келе жатқан балалар мен жастарға дер кезінде көмек корсету, тәрбиелеу, білгірлік және адамгершілікпен бағдарлау жауаптылығы ересек ортада жатыр. Дегенмен, өмірдің әлеуметтік мәні мен сана мәселесі жаһанданушы және модернизацияланушы қоғамдар шындығында жан-жақты зерттеле қойған жоқ.

Дәл осы тұрғыларда «адам», «тұлға», «адамдық» деген үғымдардың қоғамдық және әлемдік мәні алдыңыздан шығады. «Адамды» кең тұрғыда түсінуге болар. Ол - бала өмірге келгеннен терең қарттық жас арасьша, тәрбиелі, таланты, білікті немесе ауытқыған, қылмыскер, білімсіз, жетілген немесе жетілмеген де болуы мүмкін, бірақ бәрі де адамдар. «Түлға» -әлеумеггік мәніне келген, өзі үшін де, қоршаған қоғамдық орта үшін де пайдалы, адамгершілік, жасампаздық іс-әрекетімен тіршілік жасайтын немесе соған даярланған адамдар. Күнделікті тіршілікте жеке адамдар ды (индивидтерді) «адамдық» қасиетті бойына жинаған, «нағыз адам» немесе «адамгершіліксіз», «адам емес» деп бағалап жатады. Оның нақты айқындаушы белгілерін біреулер есепке алады, екшшілері шамамен, өз түсінігінше бағамдайды, Алайда «адамдық» касиеттер таяздаған қоғамдастықта, ягаи адамдарды жануарлар дүниесінен ерекше табиғи құбылыс етіп тұрған жоғары сана жетіспей жатқан жерде өркениетгіліктің таяздайтыны, адамзат прогресінің тежелетіні күмән тудырмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет