Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология



бет13/27
Дата03.02.2023
өлшемі412 Kb.
#64929
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
Кіріспе Фармакология тарихы Жалпы рецептура Фармакология

Рецепт үлгісі
Құрамында 0,2 ихтиолы (Ichtyolum) бар 10 официнальды тік ішек суппозиторийіне жазыңыз. 1 суппозиторийден таңертең және түнге белгілеңіз



Rp.: дәрілік түрдің аты атау септігінің жекеше түрінде (Suppositorium Nom.sing.) cum (менен), жатыс септігінің жекеше түрінде дәрілік заттың аты (Abl.sing.) оның мөлшері жазылады.
D.t.d. N.............
S. сигнатурасы көрсетіледі.

Rp.: Suppositorium cum Ichtyolo 0,2
D.t.d. N. 10
S. 1 суппозиторийден таңертең және түнде

Кей жағдайда күрделі құрамды суппозиторийлер коммерциялық атауға ие, Мысалы, «Анузол», «Бетиол» және т.б. суппозиторийлер. Бұл суппозиторийлерге жазылым дәрілік түрдің аты табыс септігінің көпше түрінде (Suppositoria) көрсетіліп суппозиторийдің (Nom.sing) аты оның санымен шектеледі. Мұндай рецепте дәрілік заттың мөлшері көрсетілмейді.


Рецепт үлгісі
«Бетиолдың» (“Bethiolum”) 10 суппозиторийіне жазыңыз. 1суппозиторийден күніне 2 рет белгілеңіз.
Rp.: Suppositoria “Bethiolum” N.10
D.S. 1 суппозиторийден күніне 2 рет


Жапсырмалар-Emplastra
(Жапсырма-Nom.sing. Emplastrum, Gen.sing.Emplastri)
Жапсырмалар (пластыр – теріге тартатын жабысқақ таңғыш) – дене температурасында жұмсарып, теріге жабысу қасиеті бар жұқа қабатты майысқақ масса. Агрегаттық күйіне қарай қатты және сұйық жапсырмалар деп ажыратылады. Қатты жапсырмалар бөлме температурасында консистенциясы тығыз, ал дене температурасында жұмсарады. Сұйық жапсырмалар (тері желімі) теріде еріткіш буланғаннан соң пленка түзетін ұшқыш сұйықтықтар.
Медициналық тәжірибеде қолданылатын жапсырмалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады. Жапсырмалар рецепте қысқартылған түрінде жазылады.
Рецепт үлгісі
Жай қорғасын жапсырмасының (Emplastrum Plumbi simplex) 50,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған жеріне жылытып, дәкемен қою үшін.



Rp.: Emplastri Plumbi simplicis 50,0
D.S. Терінің зақымдалған жеріне жылытып, дәкемен қою үшін

3. Сұйық дәрілік түрлер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет