Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология


Пайызбен көрсетілген ерітіндінің концентрациясы



бет15/27
Дата03.02.2023
өлшемі412 Kb.
#64929
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
Кіріспе Фармакология тарихы Жалпы рецептура Фармакология

1.Пайызбен көрсетілген ерітіндінің концентрациясы
Rp.: Solutionis Furacilini 0,02%-500ml
D.S. Жараны жуу үшін

2.Қатынасы бойынша
Rp.: Solutionis Furacilini 1:5000- 500ml
D.S. Жараны жуу үшін

3.Салмақ-көлемдік қатынасы түрінде ерітіндінің концентрациясы
Rp.: Solutionis Furacilini 0,1-500ml
D.S. Жараны жуу үшін

4. Ерітінді құрамдарын жеке көрсету
Rp.: Furacilini 0,1
Aquae purificatae ad 500ml
D.S. Жараны жуу үшін

Майлы немесе спиртті ерітінділерге рецепт жазуда дәрілік түрдің атауы (Solutionis), ілік септігінде дәрілік заттың атынан соң oleosae (майлы) немесе spirituosae (спиртті) деп көрсетіліп, концентрациясы мен ерітіндінің мөлшері көрсетіледі. Соңынан D.S. көрсетіледі.


Рецепт үлгісі
1. 100 мл 10% камфораның (Camphora) майлы ерітіндісіне жазыңыз. Буын аймағын сүрту үшін белгілеңіз.

Rp.: Solutionis Camphorae oleosae 10%-100ml
D.S.Буын аймағына сүрту үшін.

2. 50мл 1% бриллиантты жасылдың (Viride nitens) спиртті ерітіндісіне жазыңыз. Терінің зақымдалған аймағын сүрту үшін белгілеңіз.





Rp.: Solutionis Viridis nitentis spirituosae 1%-50ml
D.S.Терінің зақымдалған аймағын сүрту үшін.

Ерітінді дайындау барысында қандай да бір сұйық май немесе спирттің белгілі концентрациясын еріткіш ретінде қолданғанда жазылымның толық түрінде жазылады. Ол кезде еритін зат, оның мөлшері бөлек жазылып, ал келесі қатарда еріткіш және оның мөлшері көрсетіледі. Соңынан M.D.S. (Misce. Da. Signa. –Араластыр. Босат. Белгіле.) деп жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет