Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология


Жазылымның қысқартылған түрі



бет17/27
Дата03.02.2023
өлшемі412 Kb.
#64929
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Жазылымның қысқартылған түрі:
Rp.: Solutionis Calcii chloridі 12.0-180ml
Da. Signa

Жазылымның толық түрі:
Есептеу: 1,0 х 12,0=12,0
15 ml х 12=180ml
Rp.: Solutionis Calcii chloridi 12.0
Aquae purificatae ad 180 ml
Misce. Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 4 рет

Рецепт үлгісі
2. Мөлшері 0,001 атропин сульфаты (Atropini sulfas) ерітіндісін 20 рет қабылдау үшін 10 тамшыдан күніне 3 рет ішу үшін белгілеңіз.



Жазылымның қысқартылған түрі:
Rp.: Solutionis Atropini sulfatis 0.02%-10 ml
D.S.10 тамшыдан күніне 3 рет

Жазылымның толық түрі:
Есептеу: 0,001 х 20=0,02
10 тамшы х 20=200 тамшы
1 мл- 20 тамшы
Х- 200 тамшы
Х=200х1/20=10 мл
Rp.: Atropini sulfatis 0,02
Aquae purificatae 10 ml
Misce. Da. Signa. 10 тамшыдан күніне 4 рет ішуге



Шырыштар – Mucilagines
(Шырыш – Nom. sing. Mucilago, Gen.sing Mucilaginis)
Шырыштар жабысқақ әсері бар, тұтқыр сұйықтық болып табылатын жоғарғы молекулалық қосылысты ерітінділерге жатады.
Шырыштар өсімдік текті кілегейлі заттарды еріту жолымен (мысалы, шайырлар) немесе өсімдік шикізаттарынан (зығыр тұқымының шырышы, жалбызтікен тамырынан алынған шырыш) кілегейлі заттарды тұндыру тәсілімен алынатын сұйық дәрілік түр. Көбінесе шабдалы шайырының шырышы (Mucilago Gummi Armeniacae), аравий шайыры (Mucilago Gummi arabici), жалбызтікен тамырының шырышы (Mucilago radicis Althaeae) және крахмал шырышы (Mucilago Amyli) қолданылады.
Барлық шырыштар официнальды, сондықтан жазылымда шырыш атауы мен оның мөлшері көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
Құрамы 1,5 хлоралгидраттан (Chloralum hydratum) және 50 мл крахмал шырышы (Mucilago Amyli) мен судың бірдей мөлшеріндегі микстураға жазыңыз. Бір реттік клизмаға белгілеңіз.



Rp.: Chlorali hydratis 1,5
Mucilaginis Amyli
Aquae purificatae āā 25 ml
M.D.S. Бір реттік клизма үшін.

Шырыштар тітіркендіргіш әсер ететін дәрілік заттармен бірге бырыстырғыш дәрілік зат ретінде қолданылады. Шырыштармен бірге спиртті препараттарды, қышқылдар мен сілтілерді белгілеуге болмайды, себебі олар шырыштың тұтқырлығын өзгертуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет