Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі


Диалог құрылымындағы тілдесімдік көрсеткіштер



бет12/39
Дата09.02.2023
өлшемі186,15 Kb.
#66547
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Диалог құрылымындағы тілдесімдік көрсеткіштер

Сөйлеу әрекеті, адамдар арасындағы қарым-қатынас белгілі бір жағдайларда кеңістік пен уақыт кеңістігінде орын алады. Сөйлеу әрекеті жүзеге асатын экстралингвистикалық факторлардың жиынтығы сөйлеу жағдаятын қалыптастырады. Г.О.Винокур сөйлеу жағдаятын референтті жағдай, ал оның қалыптасуына ықпал ететін факторлардың жиынтығын коммуникативті жағдай деп екіге бөледі [19, 53]. Сөйлеу жағдаятын сөйлеушінің сезім мүшелері арқылы қабылданатын прагматикалық, референтті көрсеткіштер ғана емес, сөйлеушінің оған дейінгі белгілі қоры, тәжірибе түрінде қарым-қатынас жасауға түрткі, уәж болатын шарттар да анықтайды.


Диалог репликаларына коммуникативті – прагматикалық және құрылымдық – семантикалық аспектілерде анализ жасау негізінде Д.Әбдікәрімова ауызекі сөйлеу тіліндегі репликаның типологиясын жасаған. Көркем әдебиеттегі және ауызекі сөйлеу тілі диалогтерінен алынған тілдік материалдардың негізінде: реплика – көтермелеу (оның түрлері – сұрақ, бұйрық, ықпал ету, таңданыс, бекіту, баяндау, өтініш) және реплика – реакция (оның түрлері – келісім, қарсы болу, қарсы сұрақ, қарсыласу, үстемелеу, тақырыпты ауыстыру, өзгерту, реплика –атау, этикет сипатындағы реплика) сияқты типтері бар екенін анықтады [20, 13].
Зерттеуші мәнмәтінді мынадай үш топқа жіктейді: 1) сөз немесе сөйлеу контексі; 2) сөйлеу ситуациясы; 3) мәдени контекст. Біздің байқауымызша, мәнмәтінде де жүйелілік сипат тән, олардың арасында да иерархиялық құрылымдық байланыс бар.
«Коммуникативті жағдай», «контекст», «тұрақты қалыптағы жағдай» терминдері нақты сөйлеу жағдаятына дейін белгілі білімнің жиынтығы деген ұғымды белгілейді. Ал, сөйлеу жағдаяты жалпы контекстен қажетті пресуппозицияларды анықтап, сөйлем мазмұны мен құрылымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Сөйлеу жағдаяты – мәнмәтіннің нақтыланған түрі, тілдік бірліктің жұмсалуы мен жалпы мәнмәтінді байланыстыратын буын. Біз жұмысымызда тілдің әрекеттік, ықпал етуші қызметін қарастыратын болғандықтан, «сөйлеу жағдаяты» терминін қолданамыз. «Сөйлеу жағдаяты» ұғымы мына мағыналарда қолданылады: бірінші мәнде сөйлем мазмұнын адвербалды түрде толықтырып, жасырын мәнді сөйлесім түрлерін қалыптастыратын экстралингвистикалық факторлардың жиынтығы, нақты сөйлеу жағдаяты аталса, екіншіден, сөйлеу жағдаяттарының қайталамалы, ортақ сипаттарына қарай жинақталған типтік түрлері аталады.
«Жағдаят» ұғымы психологияда, әдістемеде, философияда және лингвистикада қолданылады. Әр ғылым саласы бұл ұғымды өз мақсатына қарай, зерттеу бағытына қарай әр түрлі анықтайды. Өйткені, «жағдаятқа» анықтама беруде әр түрлі көрсеткіштер басшылыққа алынады: 1) айнала қоршаған заттар мен құбылыстардың қатысы арқылы анықталатын жағдай; 2) сөйлеу әрекетін дүниеге келтіретін шарттар; 3) сөйлеуші мен объективті құбылыстар арасындағы объективті байланыс; 4) шындықтың жиынтығы.
Экстралингвистикалық факторлардың тіл қолданысына тигізетін ықпалы мақсатты стиль түрлерін зерттеуде үнемі басшылыққа алынады. Қазақ тіл білімінде ғылыми, ресми публицистикалық, көркем тұрмыстық қарым-қатынас стильдерінің ерекшеліктері – тіл бірліктерінің қолданысындағы айырмашылықтарды түсіндіруде экстралингвистикалық факторлар негізге алынады. Онсыз тілдің әр деңгейі бірліктерінің стиль түрлеріне қарай «мамандануын» түсіндіру мүмкін емес, себебі, бұл жағдай бұлардың жиі қолданылуын анықтаумен байланысты.
Тілдік мазмұнды қатысым жағдаятымен байланыста қарастыру экстралингвистикалық факторларды реттеп, жүйелеуге әкеледі. Олай дейтініміз тілдік мазмұнды қалыптастыруға тура және қосымша түрде ықпал ететін жағдайлар бар. Сыртқы жағдаят сөйлем мазмұнында толық көрінуі немесе жетекші факторлар арқылы жанама түрде көрінуі мүмкін. Мәселен, ғылыми, публицистикалық стиль түрлерінің
зерттелуіндегі экстралингвистикалық факторлар жіктелуіне тоқталсақ, олар мыналар: 1) тыңдаушы; 2) қоғамдағы үстем идеология не ғылымдағы бағыт; 3) сөйлеуші позициясы. Стильдік мәтін бойында аталған факторлар тіл бірліктерінің қолданысында жанама сипатта көрінеді. Ал вербальді түрде жүзеге асатын сөйлеу тілінде сөйлеу жағдаяты қарым-қатынасқа тікелей қатысады.
Сөйлеу мәнбісімен байланысты сөйлеу жағдаятының үш түрлі қызметін анықтауға болады:

  1. Сөйлеу мәнбісін қалыптастырушы факт.

  2. Сөйлеу түрін, стилін анықтаушы фактор.

  3. Сөйлесім мазмұнын толықтырушы компонент.

Сөйлеу жағдаятын жіктеп, көрсеткіштерін тізіп шығу мүмкін емес. Сөйлеу жағдаяты – объективті шындықтың кеңістік пен уақыттағы кесіндісі. Оның құрылымы объектілерден, олардың уақыт пен кеңістіктегі қалпынан тұрады. Мәселен, сөйлеушілерге қатысты –әлеуметтік, психологиялық, тілдік құзірет факторларын атауға болады.
Коммуникация – қарым-қатынастың мәдени формасы, белгілі бір нормаларға және анықталған ережелер негізінде жүзеге асырылатын ақпарат түрі [21, 69]. Жалпы коммуникация түсінігін Красных В.В. былай түсіндіреді: «процесс взаимодействия двух и более личностей с целью передачи/получения/обмена информацией, т.е. того или иного воздействия на собеседника, необходимого для осуществления совместной деятельности» [22, 54].
Сөйлеу әрекетінде нақты сөйлеу жағдаятында бар шынайы дүниенің объектілері сөйлесім мазмұнында қамтылады. Сілтеме уақытқа, орынға, затқа, сөйлеу мәнбісіне қатысушыларға - авербальді факторлармен қатар, сөйлеу мәнбілеріне – вербальді бірліктерге қатысты жасалуы мүмкін. Сөйлесімдегі дейксистердің негізгі қызметі – сыртқы контексті идентификациялануында. Мысалы, Мұның не? Артық карточка ма?. Мінеки із, міне, көріңдер! (Б.Майлин. «Шұғаның белгісі»). Түсініңіз, біздің ауылдың басқармасы осы (С.Мұратбеков. «Жабайы алма»). Дейксистер сөз мағынасын қолданыс үстінде жаңа мәнмен байытады. Оны «сілтеме мән» деп атауға болады. Сілтеме мән (дейксистік) деп сөйлеу жағдаятында денотаттің жақтық, кеңістік, мезгілдік бағдарын белгілейтін сөз мағынасының прагматикалық қабатын ұғынамыз. Сөздің прагматикалық мәнінің сілтеме түрі сөйлеу әрекеті үстінде қолданысқа түседі.
Дейксистік элементтерге 1) жіктеу есімдігі 2) сілтеу есімдігі 3) үстеу 4) етістіктің семантикасындағы дейксистік элементтер жатады.
Дейксистік элементтер сөйлеу жағдаятын таңбалайды. Мысалы: Көрме ішіндегі құмды суретші мезгіл-мезгіл тегістеп, жаңадан бейнелер салып тұр. Суретші оның жанында тұрып, мынадай түсініктеме берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет