Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет9/39
Дата09.02.2023
өлшемі186,15 Kb.
#66547
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
утетілуова эльмира

4. Қоштау диалогі. Модальдік диалогтің бұл түріне әңгімесушілердің пікірлерінің сәйкес келуі, тән екі қатынасушы жақ та актив болады, бірдей дәрежеде пікірлерін айтуға тырысады. Қоштау диалогінің ішкі сөздік нәтижесі болмайды, негізгі құрылымы лексика-синтаксистік паралельдік арқылы диалог бірлігін құрайды. Сөйлеудің дамуы жауаптың бірін-бірі қолдауымен, алынған хабардың мазмұнына сәйкес, екі қатысушының ойлары бірдей, бір уақытта айтады, толықтырады, нақтылайды. Сөйлеушілер қоршаған адамдарды, оқиғаны бірдей бағалауы мүмкін, бірдей сезімде болады. Мысалы:
Өткен жазда ғана Сырдариядан отгонға тартылған каналды қазып жатқандарға барып қайтқаны есіне түсті. Ол арадағы сайлаушылары:
Автолавка айына екі-ақ рет келеді.
Автоклуб одан да сирек.
Артистерді, жазушыларды көретін күніміз бола ма? - десіп
қалған (Ғ.Мүсірепов. «Қос Шалқар»).
5. Егес диалогі. Модальды диалогтің мағыналы түрі. Онда қатынас екі немесе бірнеше қатысушылардың сөйлесулерімен жүзеге асады. Егес диалогінде әр сөйлеуші бір-бірінің пікірлерімен келіспеушілікте болады. Екі сөйлесушінің біреуінің пікіріне екіншісінің пікірі сәйкес келмеуінен талас туады, сөйлеушілер бір затқа, бір оқиғаға өз ойларын айтады, бірақ бір мәселеге әр түрлі пікірлері, әр түрлі көзқарастары болуы мүмін. Сондықтан, әр сөйлеуші өз ойының дұрыстығын дәлелдеуге тырысады, ол үшін дәлел іздейді, өзінің бәсекелесінің әлсіз жағын табуды көздейді. Мысалы:
Мен кіріс деп жалынбаймын. Адам деп айтқан сөзге осылай
қарау лайық болса тарта бар. Болмаса, реті жоқ десең, оны айт.

  • Турасын айтқанда, реті жоқ қой деймін.

  • Ол біреудің аузынан уызы арылмаған жас баласы. Сен жер
    ортаға келген адамсың. Обал қайда?

  • Неге бермесін, малдың боғын жегелі отырған кедей, көзіне көп
    мал көрсетсе, бермек түгіл лақтырып жіберер...

  • Малға ағасы қызықпайды, бермейді!

  • Мен алам.

  • Қалай аласың? Зорлық қыласың ба?

Зорлық қылғанда кайтесің ?
Жоқ, қыла алмассың !

  • Көрерсің!

  • Көрсек көрерміз (С.Мұқанов. «Алма бағында»).

6. Мақсатты диалог. Сөйлеушінің тыңдаушыға байланысты шараларын, қасиетін айтып салуда ол өзі көздеген мақсатына жетеді. Осының нәтижесінде пайдалы әрекеттері болашаққа ұмтылуды көздейді. Сөздік іс-қимыл, ойды айтып салуда анықталған мақсат болады, ішкі сезім толғанысын оятады. Сөйлеу әрекетінің дәлелдік және мақсаттылық жағы айтушының әрекетті, ойды айту, тудыру себебі болады.
Мақсатқа жету диалогінің компоненттерінің семантикалық-құрылымдық моделі үш мүше бірлігінен тұрады (қорыта сөйлеу, мағыналы-анықтаулы хабарлы, сұраулы сөйлем, жауап күте сөйлеу немесе сұраққа жауап ретінде қайталай сұрау). Мысалы:

  • Әй, имансыздың ісін қарашы... Е, айта бер... Шешесі қайтіпті?

  • Шешесі ойбайын салып қызына жабысқан екен, "сенің керегің жоқ, сүйгеніме қосыламын" - деп милициялардың арбасына мініп алыпты, - дейді...

  • Астапыралда-ай, құдай-ай, не сұмдықты көрсеттің-ау!... Не деген бетсіздік еді!

  • Сол қыз биыл ауылына келген екен. Ауыл да жағасын ұста отыр дейді. Бұрынғы киімнің бәрін тастап, құйрық-жалын күзеген байталша, сып-сида болып, коммунистің киімін киіп алса керек, мойнында кресі бар дегенді де айтады...

  1. Не дейді, шешей-ау! Рас дей ме? Ол бетпақты ауылдан неге қумайды?

  2. Қайдан қусын, қит етсе коммунисіне айтады.

  3. Бәсе, десейші... Ай, заман азды ғой. Кешегі біздің жас күндерімізде, ол Биағаларды қараңғы үйге қамау түгіл, жан бетіне қарай алмаушы еді... Өзіміз өткен өмірімізде сол кісінің үстіне кіріп көрген емеспіз.

  4. Ол атамды ұрлыққа араласқаны үшін жауапты дейді ғой, - депесік жақта отырған жас әйел Рәш күңк ете қалды.(Б.Майлин. «Раушан-коммунист»).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет