Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет8/39
Дата09.02.2023
өлшемі186,15 Kb.
#66547
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
1. Сұрау-жауап алу диалогі. Тілдің қатысымдық, хабарлау қызметі түрліше жағдайда іске асады. Қатысымның қызметтік мақсаты бастапқы сөйлеуші екінші әңгімелесушіге сұрақ қояды да, одан жауап күтеді. Бірінші, сөйлеушінің сөзі сұраулы сөйлем болуы семантикалық- құрылымдық моделі ретінде барлық диалогке тән. Бұл диалогке қатысушылардың біреуі актив, екіншісі пассив қызмет атқарады. Алғашқы сұраулы сөйлем диалогтің тақырыбын бір бағытқа қойып, сөйлеушілердің логикасын анықтауға қызмет етеді. Б.Майлиннің "Шұғаның белгісі" атты шығармасынан мысал:
Мынау аттан түсіп жатқан кім? - деді Шұға
Әбдірахман ғой,- дедім.
Әбдірахманың кім?
Қазақбайдың баласы.
Иә, әлгі учитель баласы ма?
Иә.
2. Хабарлау диалогі. Бұл диалог қатысымдық-хабарлау қызметін атқарады. Диалогті ашушы, өз алдына хабарлаушы адамдары болады. Айтушының қатысымдық мақсаты – нақты бір хабарды жеткізу. Бұл мақсат өзіндік бейнесінде бір нәрсені сұрай сөйлеуінде, жауап қайтаруында білінеді. Екінші қатысушы диалогте актив қызмет атқарады.
Не болды?
Қазанғап қаза болды.
Қашан?
Әлгіде ғана байғұсқа әлдене керек емес пе екен деп үйіне кіріп едім, шамы жанып тұр, өзі төсегінде жатыр. Бірақ, сақалы аспанға шаншылып қалыпты. Жақындап барып, "Қазеке, Қазеке",-деймін, "ыстық шай ішесіз бе? "- деймін. Сөйтсем жүріп кетіпті. (Ш.Айтматов. «Боранды бекет»).
3. Әңгімелесу диалогі. Әңгімелесу диалогінің хабарлаушылық бағыты жоғары тұрады, нәтижесінде қатысушылардың пікірлесуі күшейеді, тұлғалық жағы ашылады. Әңгіме бір немесе бірнеше затқа байланысты айтылуы мүмкін. Әңгімелесу диалогінде құрылымы бір-бірін жалғастырушы сөйлем бірлігі, қайталай сөйлеу болады. Бірден жауаптың сапасы әңгімелесуде көрінеді, диалогтің құрылуы (сәлемдесу, құттықтау, сұраулы сөйлемдер), олардың мақсаты әңгімелеушінің пікірлесуге ниеті бар ма екенін анықтауды көздейді. Мысалы:
Шөпті қанша алдыңдар?
Сұрама шырағым. Мынау алаптан Қосымға екі мың шөп шауып
беретінбіз ғой. Осы алап бізге тигесін шөпсіз болармыз ба! Қазынадан
алған екі машина салып жіберіп едік, бір айда жылға жететін шөп түсіреді.

  • Газет, журнал оқисыңдар ма?

  • Оқығанда біз оқиық. Кешке таман жұмыстан келгесін біздің үйге жиналып аламыз да, Сембек оқиды, біз тыңдаймыз. Көбіміз хат білмейміз ғой. Қыстыгүні оқу үшін, Болжықтың бір бөлмесін үлкенірек етіп салдық.( Ғ.Мүсірепов. «Қос Шалқар»).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет