Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі


КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет3/39
Дата09.02.2023
өлшемі186,15 Kb.
#66547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тіл білімі ғылымында жалпы ауызекі сөйлеу тілі және оның диалогтегі көрінісі, олардың тілдік сипаттары мен түрлері бірқатар зерттеулердің нысаны болғанмен, ауызекі диалог пен көркем диалог, олардың стильдік ерекшеліктері осы күнге дейін бір концепция тұрғысынан арнайы зерттелген емес.
Диалог теориясының негізін жалпы тіл білімінде Ш. Балли, Л.В.Щерба, Л.П.Якубинский, Е.Д.Поливанов, В.Н.Волошинов, В.В.Виноградов, М.И.Бахтин, Ю.В.Рождественский т.б. сынды лингвистердің қалағаны белгілі. Ал, қазақ тіл білімінде диалог мәселесін алғаш рет қазақ тілтанымының негізін салушылар А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов көтерген болатын.
Ауызекі сөйлеу тілінің айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой стильдің өзіне тән, оған қажетті сөздерімен жүйеленіп, бір жақты баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады, дыбысталудағы сөйлеу тілінің жазба тілден өзгешелігі сөйлеу тілінің ауызша формасында іске асады.
Ауызекі сөйлеу барысында сөйлеуші алдына қандай мақсат қойса да, ол қашанда тыңдаушы реакциясын күтеді. Бұл тағы да коммуникативті процесті сөйлеуші интенциясы мен тыңдаушы реакциясымен санаса отырып зерттеу керек екенін нақтылай түседі. Сөйлеуші өзі үшін ғана емес, басқалар үшін сөйлейді.
Ауызекі сөйлеуде тілдің қатысымдық қызметі айқын көрінеді. Ауызекі сөздің диалог түрінде жұмсалуы оның лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылысына әсерін тигізеді.
Диалогке құрылған сөйлеу тілінде лексика мен синтаксистің ауызекі және кітаби,стилішілік және стильаралық құралдарының бір мезгілде өзара жақын әрі қарама-қарсы екі тип ретінде жіктелуін зерттеу, сонымен қатар, олардың өзара қарым-қатынасы мен қызметін анықтау мәселесі шешімін табуға тиісті маңызды мәселелердің қатарына жатады.
Зерттеуде диалогке тән «сөз - белгілерді» әр түрлі қырынан алып қаралады. Диалогті құрастырушы компоненттер ретінде оларды орналасу қызметіне қарай сөз бастаушы, байланыстырушы, мақұлдаушы, әр түрлі эмоцияларды жеткізуші, бағалаушы, нақтылаушы, қолдаушы деп бірнеше түрлерге бөлуге болады. Бұл бірліктерді диалогтің құрылымдық-мазмұндық аспектісі тұрғысынан және одан жоғары қатысым стратегиясы тұрғысынан қызметтерін анықтауға, бағалауға болады. Мәселен, қолдаушы мақсаттағы сөз-сигналдарды сөйлеуші де, тыңдаушы да қолдана алады. Тыңдаушы қолдаушы мәнді сөз- сигналдарын ынтымақтастық принципіне сай қарым-қатынас, сыпайылық этикетін сақтау үшін, қарым-қатынас стратегиясын дамыту үшін қолданады. Сөйлеу тілінде сөйлеушілердің осы мақсатын жүзеге
асыруға қалыптасқан, дағдыланған сөз-сигналдары – сөйлесім түрлері бар. Олар ешқандай хабар жеткізбесе де, сөйлеушілер арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастырып, тыңдаушының әңгімелесуге белсенді түрде араласып, сол арқылы сөйлеушіге қозғаушы күш беруіне көмектеседі. Қолдаушы сөйлесімдер тыңдаушының мақұлдауын, қызығушылығын, нақтылауын, сөйлеу кезегін өзіне алуын, беретін бағасын жеткізуі мүмкін.
Көркем диалогті сөйлемде стильаралық синтаксистік құрылым қолданылады. Алайда, стильаралық құрылым көркем диалогте трансформацияға ұшырайды, ол диалогтің ауызша және жазбаша формаларының өзара әсерлесуінен туындайды. Ауызша диалогтің әсері трансформациялық құрылым қызметінде қаратпа сөздердің, кідірістердің, ерекше интонациялардың болуына әкеп соғады.
Тілдің қандай құбылыстары болмасын, көркем шығармада эстетикалық қызмет атқарып, белгілі көркемдік, стильдік мақсатта жұмсалып тұрады. Тілдің бейнелеу құралдары шығарманың көркем құрылысын жасауға бірдей дәрежеде қатыспайды. Ауызекі сөйлеу тіліндегі күнделікті сөз қолданыстары көркем шығармада жазушы тілінің өзіндік стильдік ерекшелігін байқатады.
Белгілі бір шығарма құрылысында бір тілдік категорияның конструктивтік рөлі өте жоғары болады да, басқа тілдік мәнбілерде төмен болуы мүмкін. Әртүрлі жазушылардың сөз қолданыстарының түрліше болатындықтарын көрсетеді. Тіпті, бір жазушының өзі творчестволық өсу дәуірінің кезеңіне сай өзгеше тілдік құралдарды пайдаланып отыруы мүмкін. Бұл құбылыс сол жазушының стильдік эволюциясымен тығыз байланысты. Жазушы тілінің синтаксистік, құрылымдық құралдарының көркемдік қызметі айтарлықтай мәнге ие де, енді бірінде метафоралық көркемдеу құралы шынында да, ол жазушының өзіндік стильдік ерекшелігін байқатады.
Көркем диалог сөйлемде стильаралық синтаксистік құрылым негізінде қолданылады. Алайда, стильаралық құрылым көркем диалогте трансформация процесіне ұшырайды, ол ауызша диалогтің әсерінен болуы да мүмкін, немесе жазбаша формасының әсер етуінен туындайды. Кітаби-жазбаша стильдің әсерінен стильаралық ой бөлісуге кітаби нышан беріледі, ол өзінің құрылымында қайталаудың, бірыңғай мүшелердің, ерекшеленген анықтамалардың пайда болуынан көрініс табады. Ауызша диалогтің әсері трансформациялық құрылым қызметінде қаратпа сөздердің, кідірістердің, ерекше интонациялардың кездесуіне әкеп соғады.
Тілдік ресурстардың стильдік жіктелуі қазақ әдеби тілінде толық қалыптасты деп айта алмаймыз, ол әлі қалыптасу үстінде және оларды айқын ажыратып жіктеу жұмысы да толық көлемінде жүргізілген жоқ.
Көркем әдебиеттегі диалог, оның стилі, құрылысы – өте күрделі мәселе, сан-салалы мәселелерді қамтиды. Жалпы, қазақ филологиясында төл сөздің бір түрі ретінде диалогке, оның құрамына, синтаксистік құрылымына, персонаждың тіл ерекшелігі мен жалпы түрлеріне арнайы тоқталған толық зерттеулер жоқ. Мұның басты себебі анықталған категориялары мен белгілі шекарасының болмауы тәрізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет