Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет6/39
Дата09.02.2023
өлшемі186,15 Kb.
#66547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Жұмыстың жариялануы.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І ДИАЛОГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ

    1. Диалогтің табиғаты және тіл біліміндегі зерттелуі



Диалог сөзі гректің "діа1оgos" сөзінен пайда болған. Оның мағынасы – жалпы сөйлесу, екі я одан да көп адамдардың өзара әңгімелесу ұғымын білдіреді. Тіл білімінде ол екі не одан көп адамдардың кезектесіп сөйлесу формасын білдіретін термин ретінде қолданылады яғни, диалог екі немесе бірнеше қатысушылардың бірігіп, бір тақырып төңірегінде пікірлесуі. Диалогқа қатысушылардың ойлары әр түрлі болады: келісу, талқылау, сұрақ-жауап, ойдың бірдей шығуы т.б.


Диалогті зерттеу бүгінгі таңдағы коммуникативті лингвистиканың негізгі нысанындарының бірі болып тұр. Қазіргі тіл білімінде қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатындығы нақтыланып келеді. Тұлға аралық қатысымның, диалогті қатысымның компоненттері ретінде мыналарды атасақ болады: 1) сөйлеуші мен адресат (субьект факторы жеке психологиялық, сөйлеушінің тұлғалық әлеуметтік ерекшеліктері; адресат факторына оның тең қатысымға дайындығы енеді, сондай-ақ, жеке мінезі; коммуниканттар арасындағы интеракциялық және тұлғааралық қарым-қатынас); 2) сөйлеушінің коммуникативті ниеті, уәжі, қатысым мақсаты; 3) қатысым өтетін уақыт пен кеңістікке (коммуникативті акт барысындағы қатысымның жалпы әлеуметтік-саяси, тарихи-мәдени жағдаяттарына сүйенетін шарттарын белгілейтін экстралингвистикалық факторлар) байланысты шынайылық деңгейі; 4) белгілі бір қоғамдық және статустық рөлі бар коммуниканттардың өзара қарым-қатынасы; 5) қатысым жағдаятына сай пресуппозияларды (авторлық интенцияның дұрыс қабылдануы, өйткені сөйлесімнің прагматикалық мағынасы сөйлеуші мен адресаттың пресуппозияны оқи алуы, тезаурустарының ұқсастығы, импликацияны анықтай алу қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады) [1, 12].
Б.Хасанұлы «Язык – средство общения или коммуникации?» деген мақаласында коммуникативтік қатынас пен тілдік қатынас құралының өзара алмасу кызметінің ара жігін ажыратып көрсетеді. Диалог пен монологті оған қатысушылардың санына қарай ажыратуға болады: бір адам сөйлесе – монолог, екі не одан да көп адам сөйлесе – диалог. Ал қатынас – (коммуникация) тілдік қатынастан (общение) айырмашылығы жауап алуда болжауды, егер ол болмаса көбінесе ақпараттық сұранысқа өзіндік жауап табылу болып табылады [2, 289].
Диалогтің мазмұны мен оны құрайтын сөйлемдердің құрылымы немесе жеке сөздердің тұлғалары әр түрлі болып келеді. Мысалы:
Жүр мына дүкенге кірейік!
Не істейін деп пе едің?
Тапсырыс берген болатынмын, түссе, алайықшы.
Жүрсең жүр! (Айымбетов М. «Нәзік жаңғырық»)
Демек, мұндай репликада сұраққа тура жауап болмаса да, репликалардың мазмұнынан екі адамның бірін-бірі түсініскені білініп тұр. Сөйтіп, диалогке қатынасушы адамдардың сұрақ – жауап немесе керісінше, жауап–сұрақ түріндегі сөздері жағдайға және сол диалогтің алдында немесе одан кейін айтылған сөйлемдерге байланысты. Диалог ауызекі сөйлеу тілінде де, көркем әдебиет шығармасында да көп кездеседі. Алайда диалогтің екі түрінде елеулі айырмашылық бар. Бірінші жағдайда әңгімеге қатынасушылар сөздің орын тәртібін, сөйлемнің құрылымын немесе сөз тазалығын таңдамай сөйлесе береді, ал көркем шығармада ондай диалогтер автордың үлкен толғанысын, суреттеліп отырған кейіпкерлердің бейнелерімен, оқиғамен байланысты ой елегінен өткізіледі. Қысқасы, диалог жазушының индивидуальдік (даралық) стиліне және жанрдың ақпараттық – эстетикалық нормасына тікелей қатысты болады.
Диалогтің күнделікті тұрмыста қолданылатын сөйлеу түрлерін және әлеуметтік, этникалық, психологиялық көрсеткіштерді басшылыққа ала отыра қатысым мақсатына қарай Г.Иманғалиева диалогтің 3 түрін анықтаған. Олар: хабарламалық, прагматикалық, модальдік түрлер. Бұлар төмендегідей түрлерінде көрінеді: өз тарапынан әңгімелесу, хабарласу, сұрасу, сұхбаттасу, хабарлама жасау, түсінісу, пікірталас, ұрыс, талқылау, өтініш, ұсыныс, түрткі жасау, қорытындылау, мақұлдау, сәлемдесу, қоштасу [3,19].
Диалог сөйлеушілерді бірінен кейін бірін сөйлете беру емес, ол автор мен тыңдаушының арасында қарым-қатынас орнауына себеп болатын коммуникативті жағдаят; прагматика үшін маңызды-тыңдаушының сөйлеу мәнбісі мен оның коммуникативті интенциясына негізделген-тыңдаушы реакциясы деуге болады. Тыңдаушының реакциясы диалогті құрайтын әртүрлі мақсатты анықтайды. Әртүрлі мақсаттың үйлесуі арқылы диалог қалыптасады. Диалогті бір ғана мақсат құра алмайды, сондықтан, әртүрлі сөйлесім түрлері, мысалы, диалогті бастаушы сөйлесім түрі өтініш білдіруден немесе қажетті мәліметті алудан басталғанымен, бұл тыңдаушының әртүрлі реакциясын тудырып, қарым - қатынастың орнауына себеп болуы мүмкін, себебі, сөйлеушінің тыңдаушыға бағытталған сөзі – оның өзіне қайта оралатын қоздырғыш түрткі.
Диалог теориясының негізін орыс тіл білімінде көптеген ғалымдар қалаған. Солардың ішінде В.Брыдина диалогке қатысушы мен жауап қайтарушының функционалды жағдайына, әлеуметтік жай-күйіне байланысты сөйлеу диалогінің қолданымдық негізін атап көрсетеді [4, 81].
Диалогті коммуникативті прагматика тұрғысынан айқындау негізінде М.М.Михайлов «Принципы коммуникативно-прагматического конституривания диалогической речи» атты еңбегінде төмендегідей ұстанымдарды анықтайды:
1.Коммуникативті ынтымақтастық принципі диалогті сөйлеу формасы ретінде айқындаудың жалпылығы мен орнықтылығын белгілейді. Коммуникативті мақсатқа сәтті жетуге ұмтылған сөйлеу әрекеті белгілі ережелерге бағынуы, үйлесімді болуы тиіс. Коммуникативті қатысым кезінде сөйлеу этикетінің ережелерін ұстанып, орнықты және дұрыс жауап қайтарылуы тиіс.
2.Әрекеттесу принципі сөйлеудің құрылымында әңгімелесушілердің екеуінің де белсенді атсалысуын ұсынады. Коммуникация процесін басқару үшін әңгімелесушілердің коммуникативті бағдарламасының өзара келісімі, коммуникативті интенцияның үйлесімділігі мен қолданылу аясының коррекциясы талап етіледі.
3.Әсер ету принципі әрекеттестік принципімен тығыз байланысты. Әсер ету жоқ жерде, әрекеттесу де жоқ. Тыңдаушыға әсер ету сөйлеушінің коммуникативті интенциясының вербалдануына тікелей байланысты.
4. Коммуникативті-прагматикалық үстемдік принципі сөйлесімнің нақты коммуникативті-прагматикалық құрылымы семантикалық құрылымның бір компонентінің үстемдігіне байланысты болады. Көп жағдайда фунционалды-прагматикалық доминант пропозиция компонентімен әрекеттеседі. Сөйлемнің экспрессивтік деңгейі өзгереді.
5. Коммуникативті толықтық принципі коммуникативті үстемдік принципімен тығыз байланысты. Коммуникативті интенция – анық та нақты көрінген иллокуцияны (сұрақ, тілек, кеңес, т.б.) ғана емес, сонымен бірге, сөйлесімнің эмоционалды, экспрессивті, көркем сипаттарын да қамтиды.
6. Алдын алу принципі адамның жиған тәжірибесінің нәтижесінде коммуникация процесінің өту барысына сай белгілі реакцияға дайын бола алу қабілеттілігі. Сөйлеу жағдаятындағы тыңдаушының әрекеті алдын-ала болжаумен байланысты қалыптасады [5].
Сөйлеу мәнбідегі адресат факторын Н.Д.Арутюнова үш мәнбімен белгілеп көрсетеді. Олар: 1) адресаттың перлокутивті эффектпен байланысы; 2) әңгімелесушілердің рөлдерінің ауыспалылығы; 3) сөйлеу мәнбісінің тұлғааралық қарым-қатынас құралы екендігі. Бұл жерде ғалым бірінші мәнбіні орынды атаған. Себебі перлокутивті функцияны жіктеген кезде сөйлесім контексіндегі логикалы-семантикалық байланысты және әсер етудің болымды-болымсыз жақтарын ескерген дұрыс. Өйткені, перлокутивті функцияның түрі экстралингвистикалық мәнбіге, жағдаятқа, пресуппозицияға, коммуниканттардың өзара қарым-қатынасына, яғни нақты сөйлеу мәнбісіне тәуелді [6, 28] .
Сөйлеу мәнбісі арқылы тыңдаушыға әсер ету үшін сөйлеуші белгілі тіл бірліктерін қолданады. Кез келген перлокутивті қызмет негізінде сөйлесімнің үш салаға: әрекетке, ойға, эмоцияға бағытталған перлокутивті мақсаты жатыр. Сөйлеу мәнбілерінің прагматикалық типтерінде ( констатив, квеситив, директив, менасив және т.б.) тілдік бірліктермен берілген авторлық интенция перлокуцияны да болжайды.
Ю.В.Рождественский "Теория риторики" еңбегінде диалогті этос, пафос, логос тұрғысынан қарастырады. Онда этос дегеніміз белгілі бір тілдің белгілі бір тақырып аясында сөз болуы. Пафос тілдегі сөйлеу ниеті уақытпен, тақырыппен ойластырылған. Логос – тілді қолдану барысында сол ортаға түсінікті тілдік бірлікті қолдану. Сөйлеу әрекетінің алмасуында диалогтің классификациясын көрсетеді. Онда тілдік қатынасқа түскен адамдардың үш түрін көрсетеді: белсенді, енжар, белсенді-енжар. Сонымен қатар, әлеуметтік кеңістіктегі сөйлеу әрекетін де қарастырады [7,198].
Диалогтің ең көп тараған түрі логикалы-интеллектуалды. Ол санына байланысты, мағынасына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Диалогтің бұл түрінде хабарлау басым.
Логикалы–интеллектуалды диалогтің мынандай нұсқалары бар: сұрау, жауап алу, хабарлау, әңгімелесу, қоштасу, егес, мақсатты т.б.
Олардың әрқайсысы нақтылы семантикалық құрылыммен ерекшеленеді.
М.М.Бахтиннің айтуынша, диалог қатынастың туындауындағы басты шарт – бұл хабарға, сөзге бағытталған коммуникативті мақсаттың болуы деп көрсеткенмен, осы мәселе төңірегінде көптеген пікірталастар бар.
Осы тұрғыда адамдар арасындағы қарым-қатынас тіл арқылы және тілден тыс жүзеге асады. Тілдер байланысы тікелей қарым -қатынассыз да болады. Ал "тілдік қатынас" деген – адамдардың тікелей қарым - қатынас жемісі әрі жалпы "қатынас" атаулының тіл арқылы жүзеге асатын түрі. Тілдік қатынас – тіларалық катынастың нақты байланысқа құрылған түрі деп нақтылайды Б.Хасанұлы [8].
Диалог зерттеушілерді әр түрлі тұстан қызықтырады. Өз тыңдаушыңның көзқарасын өзгертіп белгілі бір іс-әрекетке қалай бағыттауға болады? Сөйлеуші өз міндеттеріне қалай жете алады? Зерттеушіні осындай және тағы басқа мәселелер қызықтырады.
Адамдар қарым-қатынас жасай отырып тілдік құзыретке сүйенеді. Тілдік құзырет деп үйлесімді қарым-қатынас жасауға қажетті коммуникативті және тілдік шарттарды білу, орынды пайдалануды айтамыз [9, 82-108 ].
Г. Иманғалиева қазақ, орыс сөйлеу тілдеріндегі диалогтерді зерттеуде мынадай 4 көрсеткішті басшылыққа алады.
1. Диалогтің өту ахуалы:
– уақыт (шексіз, шекті)
– сипаты (ресми, бейтарап, кітаби)
– пікірлесу жағдайы (кедергінің болу-болмауы)
2. Сөйлеушіге тән белгілер:
– әңгіме тақырыбын білуі
– диалог тақырыбын білуі
– диалог тақырыбының қажеттілігі
– диалог тақырыбын бағалауы.
3. Тыңдаушыға тән белгілер:
– әңгіме тақырыбынан хабардарлығы
– диалог тақырыбын бағалауы
– әңгіме тақырыбының қажеттілігі
4. Сөйлеушілер арасындағы қарым-қатынас
– таныс, таныс емес
– әлеуметтік мәртебесі
– өз тыңдаушысына қатынасы [3, 40-80].
Диалогті зерттеушілер формасына, мағынасына қарай диалогті әр түрге бөліп қарастырады. Г.В.Брыдина "диалог-тілдесулердің тақырыптық және құрылымдық бірігуі" деген анықтама беріп, диалогтің түрлерін былайша топтастырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет