Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік мәні. Диссертациялык жұмыстың нәтижелерін еліміздегі орта мектептерде Ғабит Мүсірепов шығармаларын оқытуға, қазақ әдебиетiнiң тарихын жасауда, жоғары оқу орындары студенттері мен магистранттарына, аспиранттарына арналған қазақ әдебиеті пәнінің оқулыктарын жазуда, сондай-ақ арнаулы орта және жоғары оқу орындары филология факультеттерiне ғабиттану курсы бойынша арнаулы курс, арнайы семинар материалдары ретінде пайдалануға болады. Еңбекте айтылған ойлар, ғылыми пайымдаулар мен тұжырымдар F. Мүсіреповтің шығармашылық лабораториясын қарастыруда зерттеушiлерге көп жәрдемiн тигізбек.
Қорғауға ұсынылатын негiзгi тұжырымдар: – жазушы повестерi оның көркем әдебиеттегi өрнектi қаламы мен өрiстi қадамдарының даму жолын, заңдылықтарын көрсетті, әсіресе, «Кездеспей кеткен бір бейне» атты туындысы қазак повесiнiң тарихындағы ауқымды жетiстiк;
– жазушы өмiрдегi өзектi жайларды суреттей отырып, қоғамдағы көкейтесті мәселелердiң мәнін ашуда ерекше дарындылық пен кабілеттілік танытты;
– өзi сипаттаған өмiр құбылыстарына терең философиялық мағына, сергек сезiмталдық, астарлы ой берiп, көзқарасын білдіретін Ғабит Мүсіреповтің авторлық идеясы мен дүниетанымдық ұстанымдары әрқашанда шығарма өзегiмен байланысып, үйлесiмдi қиюласып жатады;
– Ғабит Мүсірепов - кескін-келбеттегi эмоциялық-мимикалық құбылыстар мен сезім өрнектерін суреттеу арқылы кейіпкер мінез-құлық ерекшеліктерін ашудың, психологиялык талдау өнерiнiң хас шеберi;
– жазушы шығармаларының көркемдік денгейін көтеретін эстетикалық элементтердiн бiрi - күлкi, ол туындының негiзгi идеясымен қабысып, тығыз байланысып, ұлттық дәстүрiмiздiң әсем бастауларын жалғайды;
– қаламгердiң көркемдiк әлемi адамға құрмет кағидасын бойға сіңіруге, биік сападағы қасиеттерге бой ұруға, асқақ рухтағы адамгершілік пафосты ұғуға жәрдемдеседi.
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы мен сыннан етуi. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелерi М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде орындалып, осы аталған оқу орнының қазақ әдебиеті кафедрасында талқыланды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды. Диссертациянын негiзгi тұжырымдамалары мен нәтижелері мақала тезистер түрiнде «Қазақ тiлi мен әдебиеті», «ҚазҰУ Хабаршысында» халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар жинақтарында жарияланды.