Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы көрнектi өкілдердің iшiнде Ғабит шығармашылығына соқпай өткенi кемде-кем. Қаламгердiң көркем әдебиетiмiздегi тұғырлы тұлғасын оқырман қауымға кеңінен таныстыруды максат тұтқан монографиялық зерттеу авторлары М. Қаратаев, С. Сейітов, Т. Ахтанов, Н. Ғабдуллин, А. Нұрқатов, Қ. Құттыбаев т.б. оның суреткерлік шеберлiгiнiң терең иiрiмдерiне бойлап, басты ерекшелiктерiн електен өткiзедi.
Жазушы шығармашылығының жеке қырларын карастыратын диссертациялық еңбек авторлары, мәселен, Қ. Кұттыбаев негiзiнен «Оянган өлкені» зерттеу нысаны еетсе
Н. Ғабдуллин драматургия саласындагы сара енбектерiне; М. Бекбергенов суреткердің «Оянган өлке», «Жат қолында», «Қазақ солдаты» секiлдi романдары мен бiрқатар повестік туындыларына; Х. Әдібаев каламгердің суреткерлік шеберлігіне;
С. Әшімханова жазушы шығармаларының поэтикасына терен талдаулар жасайды. Сонымен катар, соңғ онжылдық көлемiнде Fабит шығармаларын зерттеп-зерделеуде
Оспанов диссертациялык еңбегiнде Ғ. Мүсіреповтін «Қазак солдаты» романының творчестволық тарихына тоқталса, А.Д. Ибраева мен Ж.С. Құлыбекованың кандидаттық диссертацияларында «Оянган өлке», «Жат қолында» роман-дилогияларының шығармашылық тарихы, тағдыр-талайлары карастырылады.
Ғабиттiң жеке шығармалары, повестерi жөнiнде әр кезеңдерде газет, кiтап беттерiнде, әралуан академиялык жинактарда жарық көрген сын макалалар, рецензиялар, очерктер мен зерттеулердiң өзi бiр төбе. Әдебиеттанушы ғалымдар М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Каратаев, Е.Ысмайылов, 3. Ахметов, Қ. Кұттыбаев, М. Базарбаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, Ш. Елеукенов, Ә. Нарымбетов, Х. Әдібаев, С. Қирабаев, Н. Ғабдуллин, Р. Нурғали, Қ. Ергөбек, Т. Нұртазин, А. Нұркатов, С. Әшімханова, 3. Бисенғали, Р. Тұрысбек, А. Егеубай, С. Негимов, Ж. Ысмағұлов, Д. Ысқақұлының жекелеген зерттеу мақалалары қаламгердiң көркемдік әлемiн жан-жақты, әр қырынан байыптап-бағамдайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудiң негiзгi мақсаты суреткер Ғабит Мүсірепов шығармашылығының алғашқы кезеңі 1920-1940 жылдар аралығындағы повестерi мен араға жылдар салып барып дүниеге келген «Кездеспей кеткен бір бейне» туындысындағы тақырыпты игеру шеберлiгi мен көркемдік-идеялық iзденiстерiн зерделеу. Аталған мақсаттарға жету жолында мынадай мiндеттер алға қойылады:
– Қаламгер повестерiндегi идеялық нысанаға жету жолындағы көркемдік iзденiстерi талданады;
– суреткер шығармаларының жазылуына әсер еткен қоғамдағы әралуан ішкі-сыртқы факторлар, замана мәселелерi, атап айтқанда, азамат соғысы, 1916 жылғы маусым жарлығы, кеңес үкіметі саясаты, көркем әдебиеттегi социалистік реализм әдiстерi айқындалады;
– кейiпкер сомдаудағы суреткердің ерекшелiгiне: қаһарманының портреттік кескiнiн, түр-тұрпатын, бiтiм-болмысын диалог, монолог үлгiлерiндегi сөйлеген сөзi, қимыл-қозғалысы, кесек iстерi, мiнез-құлкы, психологиясы арқылы бейнелеуге ұмтылу шеберлiктерi сараланады;
– жазушы шығармаларының көркемдік-эстетикалык ерекшеліктері, ондағы юмор мен сатира табигаты халықтық дәстүрмен диалектикалык бірлікте пайымдалады;
– жазушының суреткерлік қолтаңбасы мен шығармаларының өзiндiк көркемдік ерекшеліктерінін калыптасу тарихы зерделенедi;
– жазушының туындыларынын казак прозасы тарихындағы алатын орны белгiленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |