Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Зерттеу жұмысының құрылымы



бет5/9
Дата09.11.2022
өлшемі63,52 Kb.
#48698
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ғ.Мүсірепов. тапсырма

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кiрiспеден, үш бөлiмнен
және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi берiлдi.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде тақырыптың өзектiлiгi, зерттелу деңгейі, зерттеу нысандары, зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi, ғылыми жаңалығы, методологиялық негiздерi, теориялық-практикалық маңызы баяндалған. Қорғауға ұсынылатын негiзгi тұжырымдар, зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануының барысы анықталды.
«Fабит Мүсірепов шығармашылыгындагы повесть жанры» атты бiрiншi бөлiмде қаламгер Ғабит Мүсіреповтің повесть жанрындағы шығармаларының дүниеге келуі, жариялануы, зерттелу мәселелері карастырылады.
Суреткер Ғ. Мүсіреповтің әдеби шығармашылығына үңiле отырып, кеңестiк кезең саясаты мен сол тұстағы идеологиялық талаптардың әсерін аңғарамыз. Әлбетте, әдебиетiмiздегi осы iспеттес келеңсiздiктердi қарастырғанда шығарма дүниеге келген дәуiр ерекшелiктерi, сол кезеңдегi қоғамдық жағдайлар мен саяси оқиғалар, тарихи өзгерiстер мен әлеуметтік әл-ахуалдар есепке алынуы қажет. Жазушы өз туындысы арқылы заманының қадау-қадау оқиғаларын қағаз бетіне түсiрiп, сол арқылы оқырман көңілiне тоқытады. Оқырман қауым түсініп оқып, талғамын тояттататындай асыл дүниелiк тудыру кез-келген қалам иесiнiң қолынан келер iс емес. Бұл үшiн жазушыға кемеңгер ақыл мен кемел бiлiм қажет. Осы екi қасиетiн орнықты оймен, биiк парасатпен ұштастыра білгенде ғана қаламгер қанатты идеяларын жүзеге асырмақ. Шын шеберлік шынын бағындырған суреткерлер ғана осындай бақытты иеленбек.
Ғабит Мүсіреповтiң суреткерлік ғұмырындағы ең алғашқы әрі көлемді туындысы «Тулаған толқынынданың» бастапқы нұсқасы «Теңiз тепкiсiнде» деп аталады. Бұл шығарманың негiзi 1925 жылы Орынбор рабфагiнде бiлiм алып жүрген кезiнде қаланады да, 1927 жылы толық аяқталған «Теңiз тепкiсiндегі» жас жазушы Қызылордадағы Қазақстан мемлекеттік баспасына жiбередi. Көп кешікпей шығарма 1928 жылы «Тулаған толқында» деген атпен жеке кітап болып баспадан шығады. Кейiн жазушының шығармасының бостандығы мен жете ширатылмаған тұстарын байқап, біршама қыскартып, ықшамдағаннан кейiнгi нұсқасы аяқ жағы алынып тасталғанымен бұрынгы мазмұны мен көркемдiгiн, шеберлік деңгейiн сақтаған. Ол жөнiнде қаламгердiң өзi: «Бұдан қырық жылдай бұрын жазылған нәрсені қопара өңдеудi лайықсыз көрдім. Тек бiр оқкшыдан ұялар жерлерiн кестiм. Босаңдығы да, балалығы да жеткiлiктi екен. Аяғы бұрын жеңiстен кейiнгi Бiржан мен Шәйзаның бакытқа жеткенiмен бітетін. Соның өзiн тым олақ жасаған екенмiн, бұл жолы оған жеткiзбей, бостандық күресiне аттануларымен аяқтауды дұрыс көрдiм» деп, қысқаша ескертпе жасайды. Бұдан кейiн автор шығарманың мазмұны мен пiшiнiне қол сұқпай, әдеби нұскасын сақтай отырып, шығармалар жинағына енгiзедi.
Жазушының келесi бiр белдi шығармасы қазақ елiндегi ұжымдастырудың алғашқы кезеңін әңгімелейтін «Көк үйдегi көршiлер» повесі. Суреткердің өзiндiк стилiн, қаламгерлiк қарымының өзгеше қырларын танытатын сипаттар бұл шығармада да жеткiлiктi. Қарапайым бұқара халықтың жаппай белсендiлiк

танытып, қоғамдық өзгерiстердi, жаңа да жарқын құбылыстарды саналы оймен,


жан-жүректерiмен қабыл алуы биік рухта суреттеледі. Өз заманының кедей мәселелерiн қозғап, дабылына дер кезiнде үн қосып отырған қаламгердiң әр кезең шындықтары мен қоғам алуан тақырыптағы шығармаларынан ақиқаттары, уақыт тынысы кең танылады. Қаламгер жана тақырыпқа шолу жасап қана қоймай, айқын көркемдік шешімдер жасай білгендігін аңғару қиын емес. Сол арқылы ол азамат соғысы, ұжымдастыру кезендеріндегі қым-қиғаш тарихи оқиғаларды, халықтың рухани, мәдени өміріндегі елеулi жаңалықтарды көркем туындыларына арқау ете білді. Осы тұрғыдан қарағанда, Ғ. Mүcipeповтің қай шығармасын алсаңыз да, ескі өмір көрiнiстерiн бейнелей отырып, жаңа заман өзгерістерін ұғындыруда халық санасына айрықша әсер ете білгендігін байқаймыз. Суреткердің сол кездегi қоғам қайшылықтарын айрықша шеберлікпен суреттеуге ұмтылысы шығарма көркемдігінің биік болуына қызмет етеді.
Жазушының сол дәуірдегі қоғам дидарын аса ыждағаттылықпен сипаттайтын повестерiнiң бірі де бірегейі «Өмір ертегiсi» деп аталады. Төңкеріске дейiнгi қазақ шаруасының жиынтық бейнесi ретiнде Жанысбай образы алынады да, олардың бай,би-болыстардан көрген қорлык-зорлықтары,тепкiсi мен азаптары жинақтала берiледi. Жанысбайдың көрген-білгені, өмір сүру сипаттары тек соның ғана басындағы жағдай емес, жүздеген, мыңдаған еңбеккерлердің басындағы ахуал. Соның бәрін жазушы жүйелі түрде баяндап, сол дәуiрдегi қоғамның ащы шындығын оқырман алдына жарқырата жайып тастайды. Дегенмен шығарманың аяқталмай қалу себебі жөнiнде қаламгердің өзi: «...жұмысшы табанының өмiрi көз үйренген ауыл өмiрi емес. Ең бiр ұсақ
қарым-қатысына дейiн қайта-қайта зерттеудi керек етеді. Мен 1930 жылдар қарсаңында Жезқазған, Қарсақбай, Байқоныр кендерiн бiр жеті аралап шығып, «Өмір ертегісі» деген повесть жаза бастап едiм, өмiрде бір рет көрмеген өндiрiсте бiр жетiнiң iшiнде зерттеп болған жас жазушы он шақты жұмыскерлердің өмірін баяндап жазғаннан кейін елеулi еңбекке отыра қалуға әзiр сияқты еді. Онысы болған жоқ. Алғашқы қызумен үш-төрт баспа табақты журналға жариялап жiберiп, ендi әр жағын жариялайын десем, қалтасы
қағылып қалған екен. Повесть аяқталмай қалды. Бұл iштен жеп, естен қалмайтын үлкен өкiнiштердiң бiрi едi» деп ағынан жарылады. Шығарма жазушының өндiрiс тақырыбына бет бұрғандағы алғашқы қадамы, жемiсi деуге де болады. Себебі, бұдан кейінгі уақыттарда қаламгер осы тақырыптағы «Оянган өлке», «Жат қолында» секiлдi көлемді романдарын тудырады. Осы романдардың шығармашылық тарихына зерттеу жүргізген А.Д. Ибраева суреткердiң әйгiлi романдарына барар жолдағы баспалдақ iспеттес «Өмір ертегісі» жайында: «Шығарма басты кейіпкер атынан баяндалып, оның басынан өткен
қиыншылықтарын көркем бейнелейді. Жанысбайдың бала кезінен қорлық көруі, кейiн өндірістегі еңбекке араласуы, оқу-бiлiмге ұмтылуы сияқты өмiр белестерін повеске негiздей отырып, суреткер әлеуметтiк iрi оқиғаларды сөз етеді. Әсіресе, шығармадағы «Жезказғанда», «Қарсақбай» деп аталатын бөлімдерде қаламгер Жанысбайды түрлi ауыр жұмыстарды атқару үстінде көрсету арқылы шетелдіктердің иелiгiндегi өндiрiс ошақтарындағы
жұмысшылар өмiрiн нақты суреттеуді көздеген, дей отырып, туындының аяқсыз қалуы жөнінде төмендегіше тұжырым жасайды, - «Өмір ертегісінің» аяқталмай қалуы, онда кейбір ширамаған тұстарының кездесуі жазушының өзі атап көрсеткеніндей, өндiрiс тақырыбы сол кезде тың тақырыптардың бiрi болды десек, екіншіден, әдебиет әлеміне жаңа араласқан жас суреткердiң шығармашылық тәжірибесінің аздығы өз әсерін тигізбей қоймағандығын анық
аңғаруға болады» [2, 17-18 бб.]
Қазақ ауылының тiршiлiк мазмұнын суреттеп, ұжымдастыру шындықтары, колхоз құру iсiндегi әрқилы қарама-қайшылықтар, келіспеушіліктерді жеке-жеке тараулар бойынша шеберлік деңгейінің жоғары сатысында баяндайтын «Алғашкы адымдар» повесiнде де сол кезеңдегі бүкіл қазақ ауылдарындағы болып жатқан сан қилы өзгерістер мен әлеуметтік топтар арасындағы күрес жаңадан ұйымдаскан «Жаңа жол» колхозы төңiрегiнде сипатталады. Шығарма образдар жүйесінің байлығымен, тіл көркемдігімен
ерекшеленеді. Қаламгер шығармашылығындағы өмірді қамтуы, қоғамның көкейтесті мәселелерін қозғауы үздіксіз дамып, өрiстеп, бұл туындысынан да көрініс береді. Қазақ шаруаларының еңбеккерлерінің қат-қабат характерiн ашу арқылы олардың қиындықты жеңiп, жарқын болашаққа деген талпынысын шебер кестелеп, адам образын сомдауда айқын көркемдік ізденістерге бой ұрған. Бұл көркемдік ізденістер туынды тақырыбынан, оның идеялық нысаны мен образдардын шебер бейнеленуiнен, кейіпкерлердiң рухани дүниесiн айқара
ашуға деген талпынысынан аңғарылады.
1916 жылғы маусым жарлығы, яғни патшаның қазақ жiгiттерiн қара жұмыска алу туралы жарлығы тұсындағы бүрк етіп көтеріліп, аспанға шапшыған халық ашуының шынайы көрінісін бейнелейтін «Үздіксіз өсудің» бастапқы тарауларында ертедегі қазақ ауылының тұрмыс күйі, тіршiлiгi де елес берiп қалады. Бұл шығарма да өз шама-шарқынша, мүмкіндігінше жазушының өз басынан өткерген уақиғаларынан да хабар бере отырып, шынайы шындықпен суарыла баяндалады. Автор өмір құпияларын, тұрмыс сырларын жiтi зерделей отырып, соған сай карапайым адамдар тiршiлiгi мен олардын ой-өрісін, іс-әрекетін нанымды суреттей біледі. Қыр көріністері, қазақ ауылдарының жүдеу тұрмыстары, ондағы адамдардың қарым-қатынастары, дүниетаным деңгейлерi, мiнез-кұлықтарындағы айқын ерекшеліктер, ұлттық сипаттар шынайы сипатқа ие. Туынды белгіленген өз межесiне жетпегенімен, біраз шындықтың бетін ашып, оқырманын уақиғалар қойнына сүңгітіп, қызғылықты баяндалуымен, нанымды суреттелуiмен тарта түседі..
Қаламгердің бұдан кейінгі сөз болатын повестерiнен өзгеше леп, айрықша екпін сезіледі. Бұларда алдынғы сөз болғандардағы сияқты, езілуші тап өкілдерінің, яғни кедейлердiң дәрменсiздiгi мен әлсiздiгi сияқты жағдаяттар сөз болмайды, оларда жаңарған дәуір адамдарының жарқын іс-әрекеттері: жалынды қимыл-қозғалыстары аса шынайылықпен суреттеледі. Солардың бiрi еңбек, жұмысшы тақырыбын айрықша бiр леппен, жалынды ырғақпен жырлап, кенiнен қамтитын «Туннель» повесі. Бұл повестің басты ерекшелігі - еңбек адамдарының жарқын күресі, табиғаттың дүлей күштерiмен арпалыса жүрiп, қажырлы еңбек етуi сипатталады. Қаламгер аталмыш шығармада өмiр

шындығын әралуан көркемдiк iзденiстер барысында бейнелей отырып, кейіпкерлер образын мейлінше даралай білген. Повесть аякталмаған, өз желiсiндегi азды-көптi кемшiлiктерiне қарамастан, жаңа адам бейнесін жасаудағы әдебиетiмiздегi жарқын табыстардың бастамасы іспеттес.


Аяқталмай қалған «Жайлау жолында» туындысы әдебиет сынының назарынан мүлдем тыс калғандықтан, ол туралы аздаған пiкiрлердi тек М. Бекбергеновтін Ғабит прозасына арналған зерттеуiнен ғана кездестiремiз. Бұл туындыда кедей қызы Ажардың жасында зорлықшылардан жәбiр тартып, азапқа түсуi, кейіннен оқу-білімге, жарық өмiр мен жаркын болашаққа ұмтылуы, өз мақсатына жетуi жолындағы талап-тiлегi, талпынысы ерекше сенiмдiлiкпен баяндалады. Күрделi кезеңнiң көкейтесті мәселелерiн, атап айтқанда қазақ қызының өмiр-тiршiлiгiн, теңдiкке, бiлiмге ұмтылуын көркем де келісті суреттеген туынды каламгер колтанбасынын айкын, анық танылуымен ерекшеленеді. Шығарма аяқталмай калғандықтан, Ажар бейнесі толыққанды, жан-жақты, әр қырынан көрiне алмаған. Жазушы бұл шығармасы арқылы өз шеберлiгiнің жаңа қырын, өз дүниетанымының биiк денгейін таныта бiлгенi ақиқат.
«Тұткын қыз» повесi өзiнiң тақырыбы мен идеялық нысаналары жағынан «Тулаған толқында» шығармасымен сарындас. Мұнда да сол азамат соғысы кезiндегi ел ішіндегі аласапыран уакиғалар, сан қилы тартыс-кақтығыстар белең алады. Шығарма аякталмаған, дегенмен мұндағы кедей Сейтеннiң қызы бойынан Наушанын, онын ағасы Арманның, сүйген жiгiтi Самыраттардың айрықша iзгi адамгершілік қасиеттердi, еркiндiк, теңдiк, бостандық, азаттық үшін күресудегі оптимистік, жалынды рухты, асқақ революциялық пафосты, ірі қадам жасау жолындағы iргелi iзденiстер мен жемiстi iс-әрекеттерді байқап-бағамдау қиын емес. Заман орнауы сындағы халыктың сана-сезiмiнiң оянып, тендiк үшiн күрес жүргізуге ұмтылысын, балғын жастардың ел болашағы үшiн жанын пида етуге бар отансүйгіштік сезiмдерiн бейнелеуден қаламгердiн бұл шығармасындағы негiзгi идеялық пафос-ел рухын, қазақ жастарының асқақ адамгершілік сезімдерін паш ету екендігін аңғарамын қазақ деп әдебиетіндегі көркемдік жетiстiктер мен кемел iзденiстер жемiсi қатарынан саналатын «Кездеспей кеткен бiр бейне» повесі Ғабиттiн осы жанрда жазылған бүкiл шығармаларының биiк шоктығы, асқақ асуы іспеттес. Бұл туындыда қазақ халқының біртуар ақыны, аяулы перзенті Сәкен Сейфуллин бейнесі прототип ретiнде алынып, арынды, алып ақын өмірінің бір қыры көрініс береді.
Ақын жанының терең иірiмдерiне бойлай ену, оның өмiрi мен енбегiнің, басқа да сапалық құндылықтарының бiр кезеңін жан-жақты ашып көрсетуде қаламгер Еркебұланды адалдығы мен адамгершілігі мол, қиындық- ауыртпалықтардан жол тауып шыға бiлетiн тұғырлы тұлға ретінде суреттей бiледi.
Қаламгердің повесть жанрындағы туындылары халқымыздың өмiрiн кең
қамтып суреттейді. Оның кейбiрi ертедегі қазақ ауылының тұрмыс-салт, тыныс-тіршілігінің көріністерін бейнелесе, бiркатары Кеңес үкіметі орнағаннан кейiнгi жылдардағы халкымыздың бiршама есiп-кемелденген жай-күйiн, сана-
сезімінің оянып, қазақ жастарының оқу мен білімге, өнер мен мәдениетке талпынысы мен ұмтылысын сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет