Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


«Ғ. Мүсірепов повестеріндегі көркемдік-идеялық ізденістер»



бет7/9
Дата09.11.2022
өлшемі63,52 Kb.
#48698
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ғ.Мүсірепов. тапсырма

«Ғ. Мүсірепов повестеріндегі көркемдік-идеялық ізденістер» деп аталатын үшiншi бөлiм үш бөлiмшеден тұрады. Бұл бөлiмде қаламгер шығармаларындағы психологиялық талдау сипаттары, юмор мен сатира үлгiлерi, туындылардағы тартыс болмысы карастырылады.
Әдеби шығарманың көркемдік деңгейiне қызмет ететiн элементтердің бiрi психологизм табиғаты болса, суреткер қолданған көркемдік тәсiлдiң қай-қайсысы да кейіпкер табиғатының жұмбак сырын ашу, сол арқылы шығарманың идеялық-көркемдiк салмағын арттыру мақсатында қолданылады. Тiл құралымен адамның көркем образын жасау, ол үшін характерiн типтік тұрпатта көрсетіп, ішкі жан дүниесiн айқын аша білу шеберлігі - қаламгер дарындылығының, таланттылығының бір қыры.Бұл мәселе жөнінде зерттеуші Г. Ержанова: «Психологиялық анализ жасауда кейіпкер мінезінің құбылысын, сөйлеу мәнерін, қозғалыс-қимылын айкын бояумен, жарқын детальдармен аша білу - жазушыдан шеберлікті талап етедi. Образ жасаудың диалог, монолог, портрет сияқты ортақ түрі болғанымен, оны қолдану тәсiлдерi, яғни образды мүсіндеу тәсілдері әр суреткерде әр басқа. Ол жазушының түйсiну, көре білу ерекшелігіне, көркемдік талғамына, шеберлік сырына байланысты» [10, 76 6.]- деп тұжырым жасайды.
Ғабит шығармаларындағы кейіпкер психологиясын суреттеу, табиғатқа тіл, жан бітіре сипаттау шеберліктері оның туындыларының сапа биігіне көтерілуіне жағдай туғызбақ. Бұл жөнінде Г. Пірәлиева: «Ғабит Мүсіреповтің қимылын, бір артық ауыз сөзiн, далада жатқан деталін көрмейсіз. Әрбір сөзге сауысқанша сақ та сараң сырбаз суреткер көркем текстегі кейіпкерлерінің әрбiр қимыл-қозғалысын, денедегі әрбір динамикалы әрекеттің поэтикасын, өзіндік

дене образын дененің ішкі және сыртқы құпия-сырын, жалпы дененiң пластикалық бояуының көркемдік кеңістік пен көркемдік әлемдегi көрiнiсiн, оның жеке тұлғалық поэтикасын, философиялық, эстетикалық құндылығын асқан көркем шеберлiкпен ашып, өз оқырмандарына жеткізе біледі» [11, 78 б.] дейді.


Кейіпкерлерін өмірдің әртүрлі саласында қилы-қилы жағдайларда сынға интеллектiсiн, адамгершілік қасиеттерін салып, олардың парасатын, психологиялық тереңдікпен көрсетуге ұмтылған суреткердің повестерi де жан диалектикасын ашуда, қаһарманның қалыптасуы, толысуын ашып көрсетуде қазақ прозасында өзгеше өрнек, айшықты нақышымен ерекшеленеді. Мәселен, «Тулаған толқында» повесіндегі Оспан өзiнiң бүкіл болмысымен ескі дәуір сиқын, философиясын танытатын символдық тұлға. Мал-мүліктің арқасында өзiнше ел билеп жүрген осындай екі аяқты мақұлықтарға, оларды тірек еткен әділетсіз қоғамға деген наразылыктың барған сайын ұлғайып, жалпыхалыктық сипат алуы әбден заңды. Демек автор бұл образды өзіне лайық тілдік стильмен өрнектей білгендігі күмәнсіз шындық.
Суреткер өз шығармаларында қазақ әйелдерінің бейнелерін де типтендіре
білген. Оспанның «тума қарындасы тәрізді, өзіне ұқсас» қара бәйбішесіне
«қара жабағының күзем құйрығынан сақал мұрт жапсырып» берiп, болыстың
киімін кигізсе, екеуiн адам ажырата алмастай. «Беті-аузы үнемі жыбырлап»
отыратын, «қайқы бас қара бәйбіше» атанған болыс әйелінің портреттік бейнесі айрықша теңеулермен нанымды шыққаны соншалық, сахара өмірінің бір
замандардағы шынайы тыныс-тіршілігін санаға ұялатады. Құдай сүйер қылығы
жоқ бай бәйбішесiнiң де сана-сезiмiндегi таяздықты, ақыл-ойындағы кемдікті,
мінезіндегі дарақылықты жазушы: «Оспан екеуі қосыла дабырлағанда, үй толы отырған адамнан үш-ақ адам дұрыс түсініп қалатын. Түсінетіндердің бірі почтабай Сұлтан, бірі Оспанның өзi. Ендi бiреуi Оспанның қара қатыны» [8, 166.] -деп үш сөйлем аясына мейлінше анық сыйдырған.
«Үздіксіз өсу» повесіндегі Нұрқан бейнесі қыр қазағының «елде екі момыны болса - бірі де, біреу болса, тап өзі». Нұрқан тұрмысы да жудеу, жадағай күйінде сол кезеңдегi қазақ шаруаларының ахуалын топтастыра берген. «Қораның қақпасына ұқсас» «жапырайған жер үй», «есік бейнелі, босаға бейнелі екі бірдеме» түйсігі жаңармаған қазақ қоғамындағы барга мәз болып, ас ішіп, аяқ босатуға ырза көрсоқыр әдеттің салдарлары. Нұрқан бейнесін суреттеудегі: «Нұрқан үлкен үй, үлкен ой, үлкен тілекке үйренген адам емес. Егер Нұрқаннан бай болғың келе ме деп сұраса, сөз жоқ болғым
келеді дер еді. Ал, ендi қалай байыр едiң деп сұраса, жылында екі бұзау, екі
лақ, екі қозыдан қосыла берсе болар едi дер едi. Yйтпе жылында он iрi қарадан
қосып түр дей қалсаңыз, Нүрқан шошып кетер едi» деген қайырымнан
кейіпкердің өзіне тән түсінік-нанымы, дүниетанымдық позициясы мен өзіндік арман-мақсаты, қанағатшылдық касиеттерін аңдатса, «... жиырмаң жиналып кетсең де қабағын шытатын. Нұрқан жоқ» деген шағын сөйлем арқылы үй иесiнiң дарқан пейілін, даладай кең көнiлi мен қонақжайлылығын ұқтырады.
Қаламгер заман келбетiне сай адамдар дүниетанымы мен жан әлемiнiң қалыптасуын бейнелеуде уақытты ескерусiз калдырмайды. Заман тұлғасын
адамдар тағдырындағы өзгерiс-жаңалықтармен бедерлесе, адамдар бiтiмiндегi түрлi қарым-қатынас, қарама-қайшылықтарды бейнелеуде уақыт сырына үңiлiп, дәуiр үнiне құлақ салғаны аңғарылады.
"Жайлау жолындадағы" Ажар бейнесі бейнетке, қорлыққа төзiп, алдағы күнге деген үкілі үмiтпен, зор сенiммен болашаққа нық қадам жасаған қазақ қызының әдебиетiмiздегi алғашқы үлгiлерiнiң бiрi. Ажар өз өмiрiнiн бала кезiнде ойда-жоқта кездесiп, жанына жара салған, жүрегiне ауыр жүк артқан қайғы-қасіреттен қабырғасы қайысып, нәзiк белi үзiлердей болып көтере жүрiп, уақыт емшiге жаздырып, емдетiп, жарқын келешек, жаңа өмiрге аяқ басады. Жасынан көрген жоқшылық пен кедейшілік жанын жасытып, қамықтырғанымен, кедей қызы Ажар сол қиындықтың бәрiн жеңiп шығып, азаптың бәрiнен құтылып, азат дүниенiң алғашқы жаршыларының бiрi болады.
Қаламгер Ажарды өмiрдiң бiресе суығына тондырса, бiрде ыстығына күйдiрiп, түрлі жағдайларда жетiлдiруi, жақсыны да, жаманды да көрсетіп ысылдыруы, дос болып жүргендердiң бiр сәтте-ак душпанға айналып, орга итерiп кетуiн, жақыным деп жүргендердiң жаттан бетер жауыздыққа баруын, үлгі-өнеге тұтып жүрген адамдарының бақай есеппен бас қатырғандарын көрсетiп, аяғын аңдап басуға үйретуi, сүйгенi Арыстанды да биiк сезiм иесi ретінде бейнелеп, шығарма соңында көпшiлiктi соңынан ерткен жетекшi тұлға ретінде көрсетуі, екі асыл мұратты жанның да өмiрдегі өз орындарына жайғасып, өз биіктеріне шығу жолындағы ұмтылыс-талпынысын нанымды
суреттеуi жазушы шығармасының қол жеткен жетістіктері.
«Тұткын қыз» повесіндегі алашордашылардың бiрi Сұлтановқа қаламгер: «Айыбы ма бойындағы, тәрбиенiң әсерi ме, әйтеуiр Жердiң ол бетi мен бұл бетiнде бұдан қорқақ адамды таба алмайтының да рас. Сұлтанов әлi келген адамға ешбiр рақымы жоқ адам. Азамат соғысына қай түрде болса да қатынаспаған еңкейген кәрi мен еңбектеген жасты жалпақ елден табу оңай болмаса, «полковник» Сұлтанов әлi күнге оқтың ортасына бiр кiрген емес. Жауға шапқанда соңында, жаудан қашқанда алдында болады ылғи... Мұның қорықпайтыны-ақ-қарусыз ел! Сондықтан бұл «елмен байланысқа» көбірек жүредi. Жай жоқ жаққа шапқын салып қайтуға да жүрегi бүлк етпейді» [12, 339 б.] деген мiнездеме береді. Шындығында да Сұлтанов бойындағы дөрекілік, әлсiзге әлімжеттік жасау, әлдiлердiң алдында құрдай жорғалау әдеттері оның табиғи жаратылысын барынша аша түседі.
Науша бейнесі арқылы қаламгер қазақ әдебиетіндегі санасы жетілген, ой-өрiсi дамып кеңiген, ел қамын, ертеңiн ерлерден кем ойламайтын өр мiнездi, өжет қазақ қызының образын жасай бiлдi. Әйел қауымының қазақ қоғамындағы теңсiздiгiне жәбiрленiп, ызалану сезiмiнен Науша қыз бойындағы асқақ адамгершiлiк рух, биiк саналылық байқалады. Самыраттың өзiн қимай ауылға қайтып келген қылығына тас түйiн боп ашулануы да қыз мiнезiндегi өжеттік, жүрегiндегi елiне, жерiне деген ыстық сезiм сәулелерiнiң шапағы.
Шын суреткердiң өзiне деген талап-талғамы, тiлегi әрқашан жаңарып, түлеп, жоғарылай түсетіні анық. Ғабиттiң де жоғарыда сөз еткен повестерiнен кейiн араға жылдар легiн салып барып дүниеге келген «Кездеспей кеткен бiр бейне» туындысы қиын өрiстегi iзденiсiнің,тыңғылықты еңбегінің нәтижесі,
жемiсi. Повестегі кейіпкерлердің ішкі жан толғанысы, рухани тебіреністерi поэзиямен сусындай отырып, нәзік лирикалық иiрiмдерге қаныққан. Ақын Еркебұланның әр қадамы, әр қимылы халық тағдырымен егiз сипатта өрiс алып отырса, Ақлима бейнесі, образы әсем лирикалы нақыштармен оюлай бедерленедi. Ақынға амандық, саулық тілеп, бар жақсылығын аямайтын көрікті, сұлу Ақбала да болмыс-бiтiмiндегi тазалық, адалдық белгілерімен көзге түседі. Туындыда әсем табиғат көріністері кейіпкер көңіл-күйіне көрік беріп, астастырыла суреттелетін тұстар аз. Дегенмен, дарқан даланың жалынды
жыршысы Еркебұлан өмiрiнiң сайын даланың ерiктi қыраны Біржан өмірімен сабақтастықта өрілуі, Біржанды сабаған Поштабайдың баласының Еркебұланды жайратып тастамақ ниетi, iшегі үзілген Біржан домбырасына Еркебұлан тұсында қайта iшек тағылуы бірқатар тарихи шындықтардың бетін ашады. Және әр кейіпкердің мінезін, құлқын танытуда жазушы көбінесе психологиялық портреттерді шебер қолдана отырып, әр эмоционалды-экспрессивті жағдайларды қалт жібермей бақылайды. Ол сол байқағандарына шебер талдау жасай отырып, көздеген идеялық нысанасына ұмтылады, шығарма көркемдiгiн арттыратын элементтерді талғап, таңдап қолдана біледі. Еркебулан бейнесін оның жұрт алдына шығып сөйлеген сөздерінен, тұтқынға түскендегi офицер Сербовпен жауаптасуынан, Совдеп жұмыстарын жүргізу кезiндегi iс-әрекеттерінен байқатса, Ақлима болмысын нәзік іс-қимыл, ішкі ой, табиғи әсем жаратылысымен, ал Еркебуланға қастандық жасауға әрекеттенген жауыз топтың ұйымдастырушыларының бітімін портреттік мiнездемелер арқылы бере отырып, ішкі зәлім ойлары, жауыздыққа бағытталған іс-әрекеттері арқылы шебер танытады.
«Тулаган толқында» повесiндегi юмор көрiнiстерiн сөз еткенде, болыс пен оның әйелiнiң портреттерi назардан тыс қалмақ емес. Жазушы Оспан портретін жасауда оның бет-пішінін суреттей келіп: «Арам майы сыртына шығып, киген киiмi жып-жылтыр, ала дамбалдың ауы өмір бойы тізесінен кетпейді. Семіз балтыры мәсiнiң қонышын сөгіп жібереді де, бір жағы кайрылып о да үнемі жалбырап жүреді. Ала дамбалдын кiр-кір ала бауы, о да мiр бойы Оспанның тiзесiнен бiр жоғары шықпайды» [7, 15 б.] деп ащы мысқалмен аяусыз шеней өтеді.
Итемгеннің өзін, оның үлкен баласы Күдербекті суреттегенде де жазушы жеңіл, жағымды юмор емес, ащы ирония, сарказмға бой ұрады. «Итемгеннің үй ішінің апшысын қуырмай отыратын бiр күнi жоқ» деген бір сөйлемнің өзіне «тығыршықтай тығыз, шертіп қалсаң шырт ете түскендей, ашуланшақ» адамның мiнезiндегi шалдуарлық, мазасыздық тұтастай сыйып кеткен. Итемген ауылының жүдеу күйін, көңілсіз тіршілігін суреттегенде де «бүгжеңдеген аш иттер» мен «шүбалаңдап, жыбырлап жүрген» жалшы әйелдердің коңырқай, сұрғылт өмірлерін түрлі теңеулер келтіре отырып, ирония өрнектерімен бедерлейді.
«Алғашкы адымдар» повесiндегi Ақан мен Қиналған аса момын, бұйығы адамдар, көп сөйлемейді, олардың киінулері де, іс-қимылы мен жүріс-тұрыстары да ұқсас, бұл екеуiнiң қоғамға дендеп енiп жатқан жаңалықтар мен колхоз құрылысы жөнінде өзiндiк ой, пiкiрлерi қалыптаса қоймаса да, өздеріне
жүктелген мiндеттерiн адал атқаруға тырысады. Бұл кейіпкерлердiң портреттік
бейнелерiн окығанда-ащ кез-келген оқырман оларды жақын тартып, адалдықтары мен қулық-сұмдықтан адал, таза көңілдерiн, ақ жүректерін жоғары бағалайды. Қаламгер Ақан мен Қиналған образдарын жасау барысында жағымды юмор қолдана отырып, оқырманды терең сезiмдерге жетелейді. Аталған кейіпкерлердiң жаңа өмiр туралы, қоғамдагы айқын өзгерiстер жайлы түсiнiктерi қалыптаспаған және бұл нәрселерді ұғынуға, түсінуге талпыныстары да байқалмайды, өйткенi, тағдыр тауқыметi оларды әбден қажытып, жасытқан, қамықтырып, еңсесін басып тастаған. Ақан мен Қиналғанның табиғи болмыстары тым ұқсас, екеуiнiң жаратылысы да, психологиясы да, мiнез-құлықтары да бiрдей. Бұл ұнамды адамдардың бойында сынарлық мiн жоқ секiлдi көрiнгенiмен, қаламгер зiлсiз юмор арқылы күлкiге негіз боларлық белгiлер табады. Ақан мен Қиналғаннын өздерiн қоғамның бiр мүшесi ретiнде сезiнiп, бiр мезгiл енсе көтермейтiндiгi, өнер-бiлiмге, жаңалыққа, қоғамда болып жатқан өзгерiс-құбылыстардың сырын білуге ұмтылып-талпынбайтындығы, өздерiне жүктелген жұмысты атқаруды ғана бiлетiн надандығы суреткердiң юморға бой ұруына мурындық болған секiлдi. Олардың осындай кемшiлiк-мiндерiн жоғарыдағыдай сипаттағанда оқырман iштей ерiксiз жымияды.
Қаламгер шығармашылығында юмор мен сатира ажырамастай астасып, бөлiнбейтiндей бiрiгiп, тұтасып жатады. Шығармашылығының өн бойында юмор стильдiк басты фактор ретiнде әсем өрiлiп, қылдай созылып жатады. Оны суреткер шығармашылығының негiзгi өзегiнен, туындының тұтас болмысынан бөлiп алып өзiнше қарастыру, жекелей зерделеу мүмкін емес.
Жазушы еңбегін бағалаудағы басты өлшемдердiң бiрi - көркем шығармаға өзек болған тартысты нақты өмiрлiк құбылыстармен байланыстыру дәрежесi екендігі белгілі. Суреткер тағылымы көбiне-көп туындыдағы iс-әрекеттің саяси қоғамдық мазмұны арқылы өлшенеді.
Көркем әдебиеттегi тартыс, оның түрлері жайындагы ғалымдардың пiкiрлерiнiң барлығының құйылар сағасы, тоғысар тұсы - оны «көркем шығарманың жаны, өзегi» деген пайым төңірегiне шоғырланады. Дегенмен әдебиетiмiздiң қалыптасуы, дамуы тұрғысында бұл мәселе төңiрегiнде зерттеу жүргізудің шегi болмаса керек. Қазақ әдебиетiнiң ХХ ғасырдың бас кезеңiндегi тарихында колхоз өмiрi, еңбекшi қауым бейнесін жасау ең өзектi, толғақты мәселелердiң бiрi болғандығы даусыз. Әрине, тақырып өзектiлiгi шығарма ерекшелігін, жетістік тартысын құруда да, ондағы кейіпкерлер бейнесін жасауда да iзденiс негiздемей қоймайды.
"Алғашқы адымдар" повесiнде де Кеңес Үкiметiнiң орнауының алғашқы кезеңiндегi қазақ аулындағы қарама-қайшылықтар туралы әңгiмеленеді. Колхозды басқаруға жаңадан келген Қайыр, Темiржан сықылды азаматтар билiктен оңай ажырағысы келмеген Рамазан, Жанғали, Есілбай, Сүгір молдалармен күресте өз мүмкiншiлiктерiн ақтап, жеңіске жетеді. Колхоз жұмысын бытыстырып-шатастырып, есеп-қисапты адам түсінбестей былықтырған Рамазандар онымен де қоймай, ел арасына іріткі салып, Есілбай,

Сүгір сияқтылардың ақылымен Ақан, Қиналүан, Жүніс пен Шәкібай шалдардың аңкаулығын, аңғырттығын, мәселенің байыбына барып, терең ойлай алмайтын саналарының таяздықтарын пайдаланып, оларды қорқытып-үркіту арқылы шаруалар жұмысына кедергі жасауды көздейдi. Бiрақ, Қайыр, Теміржан, Кәрімдер бірлесіп, ауыл адамдары сан-саққа жүгіртіп жатқан уақиғалардың түбінде бір шикілік бар екендігін, оның бәрi құдайдың да, әруақтың да iсi емес, еңбекшi қауымның шаруасын ақсату, алға бастырмау мақсатымен істелініп отырған тап дұшпандарының ісі екендігін бағамдай


бiледi. Және ол пайымдарын бұлтартпас дәлелдермен толықтырып, ақыр да «Кек үйдегi соңында Рамазандардың iс-әрекеттерін әшкерелейді. Мұнда көршiлер» повесiндегiдей, жаңа құрылысқа қастандық, жаулық әрекеттері құпия, жасырын түрде жүргiзiледi. Күсенмен сөйлескенде оның бағытын адастыру, терiс жолға салу ниетімен соқа-саймандардың бүлiнуiне жазықсыз жатақтарды кінәлайтындығы сияқты, Рамазан басқарма сияқтылар ел тұрмысына жаны ашыған, күйзелген кейiп көрсетіп, елдiң өзiне қара күйе жатады.
"Өмір ертегісі" автордың қазақ арасындағы жұмысшы, еңбекшi табының жаңадан қалыптасып, бой көтеріп келе жатқандығын бейнелейтiн халық өмiрiнiң қан базарынан ойып алынған туындысы. Бесіктен белі шықпай жатып-ақ байлардың қорлық-мазағына ұшыраған жетiмдiк, жоқшылык, кедейшілік тақсiретiн тартқан Жанысбайдың жаңа ортада, жұмысшы қауым арасында өсу, есею жолдары суреттеледі.
Ұжымдастыру шындығын, колхоз өмiрiн бейнелеуде Ғабит Мүсірепов повестерiнiң мәні зор. Олардан қазақ шонжарлары, би-болыстар мен еңбекшi шаруалар арасындағы шиеленіскен тартыс шаруалардың өз арасындағы ескі мен жаңа күресi, бiр адам басына жинақталған тартыс түрлерiн көруге болады. Олар өмiр шындығын кең алып, кең арнада дамытуымен көзге түседi. Аталмыш повестерде қазақ әдебиетiнiң соңына дейiнгi дәуiрлерiнде кездеспеген өзiндiк соны сипаттар, өзгешелiктер молынан кездеседi.
«Кездеспей кеткен бір бейне» туындысындағы тартыс сипаты Еркебұлан мен байшылдар тобы арасында көрiнiс береді. Шығармашылығының айнымас ұлылар өмiрi тақырыбы болған қаламгер тартыс құруда өзiндiк iзденiс-табыстарымен ерекшеленiп, аса маңызды мәселелердi өз туындыларының тартымды түйiнi ете білген. Тарихи тұлға, қайраткер қаһарман туралы жазғанда жазушыға өткендi бiлiп қана қою жеткiлiксiз. Ол өткеннiң өнегесi мен өкінерлік тұстарын да жетік бiлуi қажет. Жазушының тартыс құрудағы, дамытудағы және жерiне жеткiзе шешудегі ұстанған тұрғысынын даму барысын бақылау - күрделі мәселелердің бірі. Ғабит Мүсірепов туындысында Сәкен өмірінің сан қилы оқиғаларға толы жекелеген кезенiн ғана арқау еткен, сол арқылы қоғамдык-әлеуметтік тартысты тереңiрек көрсетуді мақсат еткен. Ол жөнінде Р. Бердібаев: «Кездеспей кеткен бір бейне» окушыға сонау азамат соғысы жылдарының ақиқатын елестетедi. Бiз шығарма кейіпкері Еркебұланды бірнеше қиын-қыстау, сын кезеңдерде керемiз, оның сабырлы, салқын ақылына, ыстық жүрегiне, қысталаңда жол тапқыш, сергелдеңде ой тапқыш қасиетiне, елге, коммунистік мұратқа шын берiлгендiгiне сүйiнемiз. Шынында
Еркебұлан кездескен кауiп-қатерлер кiмдi де болса састыратын тұткиыл сұраулар болатын. Еркебұлан халық алдында совет үкіметінің мән жайын түсіндіріп сөз сөйлейдi. Бiрақ iске іріткі салатын, кедей көпшілікті түрлі айламен алдай алатын революция жаулары әлі де көп. Олардың ызғары мен қастандығын Еркебұлан көредi де, сезедi де. Мiне, осыдан кейiнгi оның өмір кешулерi ылғи тартыс үстiнде, әрбiрi қаһармандыққа барабар асу, тосуларда етедi. Алған мақсатынан таймайтын, iсiнiң әдiлдiгiне нық сенген, өз өмiрiн халық тәуелсiздiгi жолына бағыштаган ер көз алдымызға келедi... [13, 646
деген толайым ой, толымды пiкiр айтады.
Ғабит повестерiндегi тартыс сипатынын көркемдiк көкжиектерiнен көрiнуiне қаламгердiң өзiндiк айрықша стилі, өзгеше қолтаңбасынын да ықпалы болса керек. Кейiпкер психологизмiн ашудағы нәзiк өрнектерді, ерекше накыштарды, портрет жасаудағы шынайы шеберлiгi шығарма желiсiнiң халық юморының қайнар көздерімен мейлінше сусындата бiлуi, әр кездi сауысқанша сақтықпен, ерекше талғампаздықпен пайдалануы шығарма көркемдiгiне қол жеткiзуде мәндiлiгiмен бағаланады.
Жазушы шығармаларының көркемдік-идеялық бағыт-бағдарын, окиғалық құрылымын, көркемдік әдіс-амалдар кызметін айқындау оның авторлық
тұрғысының, ізденіс ауқымының даму жолдарын зерттеумен тығыз байланысты. Осы сұрақтарға жауап беру үшiн автордың идеялық нысандарымен ғана шектелмегендiктi дұрыс деп таптык. Сондықтан мүмкiндiгiнше қаламгердiң шығармаға материал таңдауы, оларды көркем шығармаға айналдыру жолындағы көркемдік-эстетикалық iзденiстерiн белгiлi бiр жүйелi құбылыс ретiнде қарастырдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет