«Ғ. Мүсірепов повестерiндегi замана мәселелерін бейнелеу тәсілдері» атты екiншi бөлiмде Ғабит повестеріндегі дәуір шындыктарының көрініс-сипаты бағамдалады.
Ғабең өз шығармаларында, яғни біз тілге тиек етіп отырған повестік туындыларында Қазақстан үшін ересен маңызы бар қоғам шындықтарын сөз етеді. Замана мәселелері, жазушы жан дүниесіне әсер етіп, ыкпал жүргізген әрбір оқиға, ситуация туындыда зор сипат тауып, көркемдік биігіне көтеріледі. Яғни, ғалым жазушы С. Мұқанов тілімен айтканда: «Ғабиттің жазушылығын түтас алғанда, өзіне тән бірнеше ерекшеліктері бар: бірінші - бойына сіңірген бойына сіңірген такырыбын тез жазып тақырыпқа жармаспайды; екінші бойына сіңірген тақырыбын тез жазып тастауға асықпайды; үшінші - жазатын тақырыбына күй таңдайды; күйі жетпесе, игерген тақырыбын да жаза қоймайды» [3, 23 б.].
Ғ. Мүсірепов өз дәуірінің дабылына үн қосып, кезең ақиқаттарын сан алуан туындылары арқылы көркем кестелеп отырды. Халық өміріндегі басты тарихи, қай-қайсысы болмасын, қаламгер мәдени, рухани шығармашылығында шебер суреттеліп, көркемдік шешімге ие болып жатты. Сол арқылы ол халық тіршілігінің қыр-сырына қанықтығын, оның барлық салаларын жетік білетіндігін танытты. «Қай жазушы болса да өз заманының шындығынан алыстап кете алмайды, онымен бірге жасап, көңілдегі ойын заманының проблемалары арқылы көтереді. «Адамды заман билемек» деп Абай тегін айтпаған. Заманмен кереғар болып, онымен ашық тартысқа түсу арқылы ешбір жазушы батыр атағын алмаған. Ол қайта онымен ымыраға келе отырып, дәуір, заман қайшылықтарын көркем образдар арқылы ашқан. Сол арқылы заманына, Чернышевский тілімен айтканда, үкім шығарған» [4, 162 б.] - деген ғалым С. Қирабаевтың пікірі жазушы мен қоғам арасындағы мызғымас байланысты көрсетеді.
Ғабиттің өмір құбылыстарын аңғара білуінде, байымдап-бағамдауында, шығармасына қажетті материалдарды сұрыптап, іріктеуiнде айрықша бір талғампаздық, жазушылық шеберлігі ерекше көзге түседі. Өткен уақыт оқиғаларын суреттесе де, ұжымдастыру кезеңіне үңілсе де, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі ел ұландарынын жанқиярлық ерлігі мен өшпес азаматтығын тілге тиек етсе де - бәрінде де оны өзінше меңгереді, қоғамдағы әрбір құбылысқа, дүниеге аса бір кірпияздықпен, талғаммен қарайды, әсем эстетикалық
принциптерінен айнымайды.
Тұңғыш туындысы «Тулаған толқындада» қазақ даласына әлі жете қоймағанымен, ызғарлы күшi жақындап қалғанын сездірген қоғамдық күштердің патшаны құлатып, империяның жырақ аймақтарына «жана өмір» әкеле жатқандығын сәуегейлікпен болжай білген алашордашылардың қарапайым бұқара халықты арттарынан ертіп, ұлттық дамудың өзіндік жолына салу мақсатындағы әралуан іс-әрекеттері баяндалады. Қазақ елiндегi сан алуан карама-қайшылықтар мен еңбекші қауымының сана-сезiмiнiң оянуын, би-болыс секiлдi ел басқарушылармен арасындағы бiтiмге келмес тартысын бейнелейтін «Тулаған толқында» шығармасында жадында ұстаған маңызды
мәселелер туралы жазушының өзі мынадай пікір айтады: «Бірінші, алашордашыларға қарсы шабуылдың жаңа басталған кезiнде, оның кiмнiң тiлегiн соққанын, оның ел iшiнде iстеген iстерiнiң бәрі байдың ғана тілегі екендігін көрсетуге тырыстым. Дұрысында дәл ол кезде «Тар жол, тайғақ кешуден» басқа алашордашылардың сырын ашқан көркем шығарма жоқ еді... Екiншiден, әйел мәселесін көрсетпекші болдым. Дұрысында, күншығыстың күн болған әйелдерiн Октябрь төңкерiсi ғана теңдiкке жеткiзiп отыр. Еңбекшiлер дегенде соның қақ жартысы әйелдер гой» [5, 51 б.].
Қаламгердің бұл сөздері социалистік реализмнiң суреткер шығармашылығына барынша әсер етіп, ықпал жүргізгендігін байкатады. Бұл жайындағы 3. Ахметовтің: «Ұзак жасаган, көпті көрген Ғ. Мүсірепов жылымық аталған кездi, жылдар бойғы идеологиядағы катқыл сен бұзыла бастағандай кезеңдi көрсе де, кейiнгi заманнын мүлде өзгергенiн, шындықты айтуға толық мүмкіндік туған уақытты көре алған жоқ. Сондықтан ол өзi жақсы білген қоғамдық өмірдің қайшылықтарын, айталық, белгілі алаш қайраткерлерi жайындағы ой-пікірлерiн, iшiне түйгенiн толық айта алмады. Өзегін өртеген өкініш, кейде сүйінішiн де іркілмей айту мүмкiндiгiн тағдыр орын жазбады.
Қысымды, қиыншылықты көп көргеннің әсері болар, Ғ. Мүсірепов біз білгендей ақтарылып, сырын ашуға бейiмдi емес те еді. Кесімді байлауын, іште сақтаған пікірін керек деген жерiнде ғана, немесе екiұдай ғана ашып айтатын»[6, 9 б.] деген пікірі дәуір ықпалынан ығысқан, дегенмен де ебін тауып, олардың сөзі мен iсiн, әрекеті мен қозғалыстарын, ұлағатты өсиеттерiн өз шығармаларына өзек етіп үлгерген жазушы арының тазалығынан, адамгершiлiк биік қасиеттерінен хабар беріп тұрғандай.
Қаламгер алашшыл азамат, халықтың асыл перзенттерiнiң бiрi Мiржақып Дулатұлын осы шығармасында Жақаш Дәуітұлы бейнесінде береді. Өз кезiндегi солақай саясат, ұлтымыздың зиялыларын «халық жаулары» етіп көрсету жағдайында жазушы да сол әсер ықпалынан айыға алмай, оның бейнесін: «Ортаға қарай жақындаған дембелше қара сүр жiгiт, көзқарасымен де, аяқ басысымен де айла тоқып келе жатқандай көрінді. Тұла бойы, пішіні, әсіресе, мысықтай жымып аяқ басқаны алдау-арбаудың тәсілін ойлап келе
жатқандай арамы көрінді...» [7, 26 б.] -деп суреттейді.
Суреткер Ғабит әдебиет табалдырығын аттаған мезгiлде империялық саясат салтанат құрып, қазақ зиялыларын ұлт мүддесiне қайшы келетін әрекеттер жасаған, дінге берілгендермен, молдалармен, байлармен дастархандас болған деген сықылды жалған айыптаулар көбейіп, өршiп тұрған болатын. Осының да белгілі дәрежеде әсер-ықпалы тиген болуы керек, бұл туындыда алашшыл азаматтарды «ақ жағалылар», елдiң берекесін алушылар деп мұкату, сынау сарындары байқалады.
Қазақ қауымының ертеден бар салты қызды қалыңмалға сату мәселесі бұл шығармада да белең алып, ақыр соңында өз шешімін табады. Ол жөніндегі Ғабеңнің өз пікірін жоғарыда келтірдік. Қалай дегенмен де «Тулаған толқындадағы» Шәйза образы езiлiп-егiлген, тағдыр тауқыметіне мойынсұнып, «басқа салды, мен көндiм» деп, жылай-жылай қалыңмалға сатылып кете берген талай-талай қазақ аруларының көшiрме бейнесі емес, қиын тұрмыс, жүдеу
тiршiлiк, жоқшылык пен кедейлiк әбден-ақ ысылтқан, өз бақыты, өз келешегі үшін нендей азапты да тосып алуға дайын, қоғамдық өзгеріс-құбылыстарды дер кезiнде түсiнiп-пайымдап, ақ-қараны ажырата бiлер Бейімбеттің Раушаны iспеттес қайсар да қайырымды тұлға. Шығармада өз тағдырын әлдекімдердiң таптауына тастап, басын саудаға салған, жесір шешесiнiң дәрменсiздiгiн, қарсы тұрар қайрат-шамаларының, мүмкiндiктерiнiң жоқ екенін біліп, қолынан келген бар әлімжеттiгiн жасап баққан Итемген ауылын тәрк етiп, сүйгенi Бiржанмен бiрге қала өмiрiне бой үйретіп, кезi ашылған Шойза күнделікті күйкi тiрлiк, қазан-ошақ басында жүрген "салпы етек" емес, жасампаз күрескер, жалынды тұлға деңгейіне көтеріледі.
Шығарма түйiнi қаланы ақтар жайлап кеткен кездегi қызылдар тобының сасуы, Біржан мен Шәйзанын атка мiнiп, өмiр күресiне аттануларымен бітеді. Олар енді өздерiн қоршаған қоғамның бүкіл әдiлетсiздiктерi мен зәбiр-жапасынан, қорлық-зорлығынан азат сияқты елес береді. Олар бұрын көрмеген жаңа өмiрге, шаттығы мен шадыман қуанышы, қызығы мен жұбанышы мол бақытты өмiрге аяқ басқандай әсер калдырады.
Суреткерлік өнерге қатаң талап қойып, өзін-өзі үнемi жетiлдiрiп отыратын Ғабиттің «бірнеше рет қайта суарып, кайта пісіруді керек ететін» шығармаларының қатарында «Көк үйдегі көршілер» повесі де аталады. Қазақ елiндегi ұжымдастыру шындықтарын ашып көрсететiн бұл шығармада әлеуметтiк теңсiздiк суреттерi молынан кездеседі. Ол жөнiнде белгiлi ғалым Р. Бердібаевтың: «F. Mycipеповтің колхоз тұрмысынан алып жазған шығармаларында тап жауларымен, санадағы ескiлiк сарқыншағымен күрес үстiнде жана өмiр жасаушылардың iс-әрекеті, күрес-хикаялары суреттеледі>> [8,16 б.] деген ойы социалистік реализм әдісімен жазылған шығармалардың шынайы сыр-сипатын аша түседі. Өз өктемдiктерiнен, билiктерiнен әп-сәтте айырылып қалуды қаламаған Тәшен, Тінәлi сияқты ел iшiне iрiткi салушылар мен Сәрсен, Дүйсен сияқты айтакка ерушiлер ескi түсiнiк-ұғымдардан арылып болмаған, көп жағдайдың мән-мағынасын, iстiң тетiгiн жете ұғынуға өресі жетпейтiн белсендiлердi алдап-арбап, жарға соқтыруды ойлайды.
Тартыс бiр-бiрiне тiлек-мүддесi қайшы екі топ арасында жүредi. Бұл екі топ күрес үстінде сипатталады. Тәшен кеше өзiмен бiрге өсiп, қатар салтанат құрған Көкен байдың аяғын құша қоймағанымен, Көкеннiң басына түскен жағдай өзiне де түбi соқпай кетпейтiнiн жақсы ұғады. Сол себепті де ұжым шаруасының күннен күнге ілгері басуы Тәшеннің жүйкесін тоздырады. Ол осы жолда неден болса да тайынбауға, көзіне түскеннiн бәрiн қиратып-жайтатуға, бұзып-бүлдiруге серт етедi. Күн өткен сайын көкiрегiнде жалындай тускен кек оты оның көзiн қанға толтырып, жолындағының бәрiн жайпап тастауға мәжбүр етеді. Ғабит коллектив еншiсiне тиген көкжал айғырды құдыққа жыққан жерді, тар құдыққа омақатыла құлаған аттың қиналысын, оған жаны шыдамай қобалжи бастаған Сәрсен жайын. Сәрсен мен Тәшен арасында болған айқасты
әсерлі суреттеген. Мойнын астына ала құлаған көкжал айғырдың өкiрiсi, тостағандай көзiнiң мөлдіреп, өз денесiнiң салмағы өзiн езіп-жаншып, буындырғандағы жан қиналысы Сәрсенді де байыз таптырмайды. Көкжал
қиналысын көргенде, төбе шашы тік тұрып, өз кінәсін, өз айыбын жан-тәнімен сезiнген ол әзәзiлдiң арбауына түсiп, айдауында жүргенiн енді ғана түсінiп, енді ғана есін жияды. Есiн жия бере, Тәшеннiң бар айыбын бетiне басып, жауыздығын, зұлымдығын айтып, ендiгәрi жолдарының түйiспейтіндігін сездіргенде, Тәжен тұра жармасып, оны қылғындырып өлтiрмек болады. Бірін-бiрi аямауға, өлтiрмекке бекiнген екеудi Дүйсен әзер ажыратып алады.
Қаламгердің өзінің алғашқы шығармаларында-ақ, қазақ ауылында болып қосуы, ауыл өмiрiнiң iшкi сырына терең үңілiп, ондағы кайшылықтарды шешушi әлеуметтік күштердің белгілерін көркемдеп суреттеуге ұмтылуы оның тақырып таңдай білетіндігін танытты.
«Өмір ертегісі» жазушының XX ғасырдың басындағы өндiрiс тақырыбына арналған повестік туындысы. Жазушы мұнда бүкіл қазақ шаруаларының бастарындағы ортақ ауыртпалықтарды, қиындықтардың барлығын Жанысбай бейнесiне шоғырландырып, жинақтап, типтік образ жасауды мақсат тұтқан. Шығарма оқиғалары Жанысбай атынан баяндалып, бар құбылыска талдау бас кейіпкердің сезімі, көңіл-күйі, көзқарасы арқылы берiлуiнiң өзi баяндаушы қаһарманның болмысын танытып отырады.
Тағдыр тауқыметіне титтейiнен-ақ ұшырап, көкiрегi мен шеменге, мұң мен кайғыға, ащы запыранға толған кейiпкердiң көрген қорлығы, зорлық-зомбылықтары, естіген ауыр сөздерi шынайы. Шешесінің, барынша туыстарының өлiмiне кабырғасы қатты қайыскан ол бул қазаның себебiн iздегендей болады. Дегенмен, жас жалшының, дүние есiгiн ашқалы берi қой соңында өмiр өткiзiп келе жатқан байғұс баланың бұл сұрақтардың шешімін табуға сана-сезiмi, ой-өрісi жетiңкiремейтiн. Мал соңында салпақтаған қазақтың қараңғы санасы кайдан жетiлсiн, завод, фабрика секiлдi өндіріс орындарында жұмыс істеп, көпшілікпен, көзі ашық, қара танитын азаматтармен аралас-құралас болып жатса екен, мейлi. Ұйқылы-ояу қалғып-мүлгіп, қараңғылық қамытын нық киген қазақ даласындағы әр ауыл, елдi мекендер де, онда өмiр сүрiп келе жатқандар да надандық құрсауынан шыға алған жоқ еді.
Жазушы повесте Жанысбайдың және сол сияқтылардың ертегіге бергiсiз хикаяларын кездейсоқ тiзiп, жалаң ғана баяндап, жадағай суреттемейдi, оның айтпағы - өмiр қиындықтары мен тағдыр талқысынан езiлiп-жаншылған адамдардың да қорлық-қиыншылықтарды өз ерiк-күштерiнiң, шыдамдылығының, төзімділігінің арқасында жеңіп шыға алатынын, еңбек пен жұмысшылар ортасы оларды оптимистiкке, өмірге құштарлыққа тәрбиелей алатындығын көрсету. Яғни, ғалым Ә. Әзиев сөзімен айтканда: «Жалпы алғанда «Өмір ертегiсiнiң» ұстаган басты идеялық мақсаты - қаналған қазақ елiнiң төңкерiс қарсаңындағы бүкіл iшкi-сырткы болмысын, артта қалған хал-жайын
елестету, ешуақытта бiтiм таппаган дала тiршiлiгiнiң ежелгi таптық қайшылықтарын сездіру, сөйтiп халыктың қарсылығы мен күресінің арғы түп тамырын бүгiнгi жана заман орнатушыларына жете таныту» [9, 89 б.] деген тұжырымы өте орынды.
«Алғашкы адымдар» повесінде де сол колхоз құрылысының жаңадан белең алып, қанат жая бастаған кезеңіндегi ауыл өмiрiнде кездескен қиыншылықтар, байшылдар тобының, бай құйыршықтарының «бармақ басты, көз қыстымен» жауырынды жаба тоқып, iс жүргiзуде көп қате жiберуi, былық-шылықтары суреттеледi. Колхоз iшiндегi шиеленіскен тап тартысы, ескi мен жаңаның күресі жаңа қырынан, өзгеше сипатта бейнеленеді.
Бұл шығармада колхозшылар бейнесi қызық әдіспен суреттелген. Жазушы Жантық, Ақан. Қиналған сияқты жеке колхозшылардың образын қысқа болса да айқын, әсерлі бейнелейді. Бұл өз алдына бiр сала. Ал, осылардан басқа дараланып, аты аталмаған көпшілік кітаптың өн бойынан өзін танытып отырады. Жазушы сол бiр ұжымдастыру кезеңiндегi колхоз жиналыстарын өте шебер, көркем суреттейді. Осы жиналыстары халыктың шынайы қазақ тiлiндегi екпiндi, өткiр сөзiнен аты аталмаған әр кейiпкердiң характерi танылып қалады, сонымен бірге көпшiлiктiң саяси санасының өсіп келе жаткандығы да айқын танылады.
«Үздіксіз өсу» повесінде де 1916 жылғы қара жұмыска қазақ арасынан солдат алу мәселесі, ондағы ел iшiндегi дүрбелең-дүрлiгiстер сөз болады. Ғасырлар бойы патша отаршылдығының зiл салмағын көтерiп келген, ашу-ызасы тереңде шөгіп жатқан қазақ патша тағын корғау iсiне тiптi де ықыласты емес еді. Патша басқарған дәуiрде олардан пайда көрiп, шен тағып, шекпен киген байлар мен би-болыстар болмаса, қарапайым қалың бұқараның көңілiн жұбатып, көзiн жақсылыққа жеткiзер еш үмiт, сенiм, жарық сауле жоқ болатын. Сол себепті де «қазақтар қара жұмысқа адам алу» мәселесі ел iшiнде жай түскендей хабар болды. Патшалықты емес, елдiң бостандығы мен еркiндiгiн, азаттығын корғаймыз деп атқа мiнген Нұртаза, Берiбай, Сейтен, Оспан сияқтылар бірқатар азаматтық тұлғаларымен, ерлiкке парапар iс-әрекеттерімен есте қалады. Соңынан өздерi сияқты ел ертеңiне алаңдайтын, халыщ тағдырын ойлайтын азаматтарды ерте бiлетiн, қызуқанды, бірбеткей ерлер алдарына койған мақсаттары мен жоспарлы түрде қимыл жасайтын озық идеялары болмағандығы себепті алысқа сiлтей алмай, бар iс-әрекеттері кіжіну-бұлқынумен бiтiп, iрi күрескер дәрежесіне көтеріле алмады.
Повесть толық аяқталып, бітпегендіктен, жазушының биiк идеясы жан-жақты көрiну мүмкiндiгiне ие бола алмаған. Дегенмен шығарма қаһармандары өздерiнiң көздеген мақсаттары, үмiттерi, дараланған жарқын қимылдарымен көзге түседi. Ертеректегi қазақ елдерiндегi өмiр сипаты, рухани қорек-құралдар маңыздылығы, әлеуметтік, мемлекеттік, саяси күштердiң қазақтардың тiршiлiк салтына ықпалы, ел намысын корғай алар ел ұландарының iс-әрекеттері мен қимыл-қозгалыстары, сонымен қатар қазақтын өз iшiндегi ру алауыздығы, рушылдық жiктерi, көшпелі өмір салтындағы әрқилы кайшылықтар, қарым-қатынас күрделiлiктерi, көтеріліс басшыларының табанды күрес жүргiзе алмау себептері толығымен ашылады.
Енбек адамдарының қажырлы күресiнiң бiр кезеңiн көрсететін «<Туннель» повесінде Кенес Үкiметi құрылғаннан бiраз жыл кейiнгi ел жағдайы көрiнiс табады. Мақта шаруашылығымен түпкілікті айналысатын үш колхоздың тiзгiнiн өз қолына алған Әбеннiң Ақадыр тауын тесiп, оның күнгей жағындағы
жазық жерге мақта егiсiн өсiру жайын мақсат етiп, осы жолға «Кеңес», «Большевик», «Комсомол» колхоздарының бәрiн, кәрі-жас, қатын-қалаш, шал шауқанына дейін iстi ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығы нанымды.
Еңбек барысында характерлердiң шыңдалуын, парасаттылыққа жету басқыштарын көрсетуге бет бұру да автордың құптарлық табысы деуге болады. Өмiрге, еңбекке әртүрлi көзқарас арасындағы қайшылықтар, жаңа бастамалар жолындағы тартыс пен күрес суреткерге қаншама сюжеттiк коллизиялар ұсынады. Аталған туындыда көзделген мақсат айқын, идеялық нысана дәл, оларда еңбек адамдарының қадiр-қасиеттері ашылуымен бiрге, аяққа шырмау боларлық кемшіліктерді бүркемей көрсетуге зер салынды.
Кеңес Одағы орнағаннан кейiнгi ел өміріне өзгеріс енген жылдардағы еңбеккер адамдардың жарқын бейнесін, басшы қызметiндегi адамдардың жақсылы-жаманды қасиеттерін барынша ашып көрсету негiзгi нысана қызметiн атқарса да, қазақ елiнiң өткенi мен бүгiнi, тарихи тағылымдары бірқатар аныз-әңгімелер аясында көрiнiс табады. Сондай-ақ, жазушы сол мәселелердi, замана шындықтарын сөз ете отырып, оған деген өз көзқарасын, бағасын, пайымын анық сездiредi, жалпы шығарманың идеясын айқын бере бiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |