Кіріспе кіріспе



бет17/29
Дата06.03.2022
өлшемі2,71 Mb.
#27136
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

Өнеркәсіптегі жағдай

Тежеліс тетігінің өзегіне айналған сөз бен іс арасындағы алшақтық әр қилы сипаттарда көрініс тапты. Бұған төмендегі мысалдар жақсы дәлел бола алады. КОКП – нің XXIV – XXVI съездерінде ғылыми-техникалық прогресс туралы көп айтылды. Осыған орай ғылым мен техниканы тұтастыру формасы ғылыми - өндірістік бірлестіктер құру деп танылды 60 – 70 – жылдар ұласқан тұста дүниеге келген мұндай бірлестіктер жаңа техниканың жасалуына ғана емес, оның халық шаруашылығына таралуына да жәрдемдесті. Ғылыми - өндірістік бірлестіктердің құрамына ғылыми және өндірістік бөлшектер енгізілді, яғни ғалымдардың, конструкторлардың, инженерлер мен жұмысшылардың күнделікті еңбегін бір орталыққа тоғыстыруға ұмтылыс жасалды. Қазақстанның халық шаруашылығындағы өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер саны 1971-1985 жылдар ішінде 28-ден 162-ге, осы принциптермен жұмыс істейтін кәсіпорындар 97-ден 610-ға дейін жетті. Барлық шығарылған өнім көлемінің 46,7 проценті және өнеркәсіп пен өндірісте жұмыс істеушілердің 46,8 проценті ғылыми-өндірістік бірлестіктер үлесіне тиді. Бірақ іргетасы берік дұрыс шешімдер тәжірибеге енгізілген сәттен бастап өмігшеңдігінен айырылып қалатын. Мұның себебі мынады: КСРО-да ғылыми-техникалық революция рухында түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғастырыла берді. Ғылыми-техникалық прогресті тұсауламай тұра алмаған мемлекеттік-монополистік меншік экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді. Сондықтан өндірістік бірлестіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет