Кіріспе кіріспе



бет20/29
Дата06.03.2022
өлшемі2,71 Mb.
#27136
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29

Осы жылдары тағдырлары еліміздің тарихымен біте қайнасқан бірқатар ғалымдар мен жазушылар, артист, әншілер қазақстандықтардың жаңа ұрпағына өткен өмір жолдары туралы естеліктерін арнады. Қазақстан зиялылары аға буын өкілдерінің шығармашылық жолы мен тағдыры мәдени дамудың тарихын және осы заманғы мәдениет түрлерінің қалыптасу ерекшеліктерін ашып берді. Сонымен қатар олар өнердің дербес жанрларының, тұтастай алғанда мәдениеттің дамуына қосқан әрқайсысының жеке үлестерін де бейнелеп көрсетеді . Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда қоныс тепкен кеңестік белгілі мәдениет қайраткерлерінің әр жылдары жариялаған естеліктерінде сол жылдары тізе қосып, бірге еткен еңбек пен рухани өмір жайлы айтылады. Авторлардың өздеріне тән жеке әсерлерінің көптүрлілігі соғыс сынағының ауыр жылдарындағы республиканың мәдени өмірінің жалпы кескін-келбеті туралы түсінігімізді кеңейтуімізге және байытуымызға мүмкіндік береді . Тұтастай алғанда, Қазақстанның кеңестік кезеңдегі мәдениет тарихы жөніндегі зерттеулер моральдық жағынан елеулі түрде ескірді. Әйткенмен, бұл бағыттағы жұмыстар өзінің айтарлықтай дерекнамалық мәнін жоймайды. Сандық мәліметтерді жалпылау жөнінен бірсыпыра жұмыстар жүргізілді және ғылыми айналымға кең көлемді деректемелік қорлар енгізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет