Жазылым– тіл үйренудің лингвистикалық ерекшеліктерін игеруді қажет ететін, күрделі тілдік құбылыс. «Жазылым әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады, жазылымда сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады, тіл үйренуші сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударады, қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады», - деп тұжырымдалған [15]. Демек, оқушының өз пікірін толық жаза білуі, тілдің графикалық, орфографиялық дағдыларын қалыптастыруы, сауатты жазуға машықтану. Жазылымды меңгертудегі интерактивті әдістердің бірі – тілдік жаттығулар болып табылады. Зерттеушілер тілдік жаттығуларды тілдік және қатысымдық деп бөліп көрсетеді: «Тілдік жаттығулар тілдік бірліктерді фонетикалық, лексикалық, грамматикалық заңдылықтарға сәйкес меңгертуге бағытталады. Қатысымдық жаттығуларде берілген сурет бойынша сөйлем, мәтін құрастыру, аяқталмаған сөйлемді аяқтап жазу, сөздерді басқа сөздермен алмастыру, орны алмасқан сөздерді жүйелі құру сияқта тапсырмалар қамтылады» [20, 363 бет]. Тіл үйрету барысындағы жаттығулар бір- бірімен байланысты жеңілден ауырға қарай сатылап орындалғаны жөн. Жазылымды дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі етіп берілсе, оқушының ойын дәлелдей жеткізіп, сауатты жазуға төселдіреді. Сондай-ақ жазылымды дамытуға арналған жұмыс түрлеріне берілген тақырыпқа шығарма жазу, хат жазу, оқыған материалынан қысқаша резюме жазу, эссе жазу сияқтылары кіреді. Қазіргі уақытта күнделікті сабақта аудио, бейне құрылымдарды пайдалану айтарлықтай нәтижелер беріп келеді. Эссе бір тақырыпқа байланысты өз ойын пайымдап жазу болса, түрлі аудио, бейне таспалар арқылы бейнефильмдер үзіндісіне пікірін жазғызу, диктордың оқыған мәтінінен негізгі ойды тауып жазу сияқты тапсырмалар арқылы жазылым дағдысын дамытуға болады. Эсседе оқушы белгілі тақырып немесе проблемалық сұрақ төңірегінде ойлануға, өз пікірін, қорытындысын сауатты жазып шығуға дағдыланады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы Жолдауында: «Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан және онлайн режіміне оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз» - деген болатын. Бүгінгі ілгерілеп алға басу дәуірінде Елбасының ең алдымен білім беру саласына ерекше көңіл бөлуі заңды құбылыс. Өйткені қазіргі заманымыздағы өркениетті өмірде білімнің рөлі өте зор. Білім жүйесі арқылы негізделетін ұлттың интеллектуалды әлеуеті елдер мен халықтардың прогрессивті дамуының айқындаушы факторы болып табылады. Бүгінгі таңдағы білім қоғамның бүгінін және ертеңін анықтап, оның азаматтарының әлемдегі бәсекелестік күресіндегі алатын орнын белгілейді.
Сондықтан ұлттың бәсекеге қабілеттілігін көрсетудің факторы ретінде білім берудің деңгейін көтеру, ұлттық білім жүйесін одан әрі тереңдетіп жетілдіру, оны әлемдік стандарттар мен қазіргі заманғы әлемдік талаптарға сәйкестендіру және бейімдеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған орай, басқа дамыған елдер сияқты біз де білімнің жаһандану бәсекелестігінің жаңа талаптарына жауап бере алатын жүйесін одан әрі тереңдетіп, жетілдіре бастадық.
Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері – жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан көрінеді [1, 27 бет].
Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – тыңдаушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуге, сол арқылы тыңдаушының логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Өйткені мәтінде тіл бірліктері (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) тегіс қатысады. Сондай-ақ мәтіннің стильге қатыстылығы да ескеріледі [2, 120 бет]. Сондықтан мәтінмен жұмыс істеудің стилистикалық бағыттағы жаттығу жұмыстарына ерекше тоқталып өтсек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы
14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы.
Қазақстан Республикасыны «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы. – «Егемен Қазақстан» 2007, 15 тамыз. №254-256.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012- 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы).
Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы «Ана тілі». -1996.
Аймауытұлы Ж. Псиқолоғия. - Алматы: Рауан, 1995. - 311 б.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б.
Жарықбаев Қ. – Жантану .- Алматы: «Шұғыла» ЖШС, 2008. - 638 б.
Цукерман Г.А., Фокина Н.Е. Поведение младших школьников в коллективной учебной работе// Вопросы психологии. –1983. –№4, Б.211.
Нарқұлова Б.А. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі (5 сыныпматериалдары бойынша) дисс. авторефераты. –Алматы, 2006.
Выготский Л.С. Педагогическая психология.- Москва: Педагогика, 1991. – 480 с.
Сейталиев Қ. Жалпы психология: Оқу құралы. –Алматы: «Білім». 2007.
Жарықбаев Қ. Психология негіздері. –Алматы, 2005.
Зимняя И.А. Педагогикалық психология. –Алматы: TST-company, 2005.
Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S, 2005.
Күзекова З.С. Екінші тіл ретінде қазақ тілі оқулығы теориясының лингвистикалық негіздері. – Алматы. ТОО»Издательство LEM». – 2005.
Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам: Пособие для учителя. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.:АРКТИ, 2004. - С.175-181.
Досмурзаева А.С. Қазақ тілін орыс бөлімдерінде тірек сызбалар арқылы оқыту әдістемесі. Дисс. Алматы. –2002.
Оразбаева Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. –Алматы: РБК, 2000.
Белкин А.С. Ситуация успеха. Как ее создать? -М.: «Просвещение», 1991.