Кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі


Мәтінмен жұмыс жасау мынадай кезеңдерге бөлінеді



бет2/3
Дата24.04.2023
өлшемі421 Kb.
#86211
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-94734

Мәтінмен жұмыс жасау мынадай кезеңдерге бөлінеді:
Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;
Мәтінмен жұмыс кезеңі;
Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.
Мәтін алдындағы жаттығулар мен тапсырмалар және соларға сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, сөйлем түрлері, сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері және т.б.) меңгерту.
Мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс кезеңі былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі, жанама ойды таптыру, қорытынды жасату. Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз- мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсінуі керек. Бұл жеке сөздер түсінікті болса, тұтас мәтін де түсініқті болады деген ой туады.
Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, мәтіндегі негізгі ойды казақ тілінде жеткізе білу.
Мәтінді оқып, танысқаннан кейінгі орындалатын жұмыстар: логикалық сұрақтар құрастыру, сөздік жұмыстарын жүргізу, фонетикалық жаттығулар, мәтіндегі пнегатив тұстарды позитивке айналдыру, сөйлем кұрау, мәтінге мәтін мазмұны негізін сақтай отырып, жоспар құру, аударма жасау, мәтінге мазмұнына сай ат қою, диалог, жағдаят құру, мәтіннің мазмұнын құрылған жоспар бойынша айтып беру.
Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде саралау тәсілі қолданылса, жұмыс жүргізу жеңілірек болады. Оқушыларды жұмыс істеу қабілеттеріне және білім деңгейлеріне қарай топтастырып, әр топқа сараланған тапсырма берген дұрыс.
Мысалы, мен өз тәжірибемнен бөлісер болсам, мәтіннен бірнеше сөйлем оқимын, сол сөйлемдердің ішінде мәтіннің мазмұнын білдіретін сөйлемдердің ретін балалар белгілеп шығады, мәтіннің мазмұнына келетін суреттер таңдап алып, соларды пайдалана отырып, мәтін құратамын. Таспаға жазылған мәтінді оқушыларға мұқият бірнеше рет тыңдатып, мазмұнын орыс тілінде айтқызамын, бұл олардың мәтін мазмұнын қаншалықты түсініп отырғандарын аңғартады. Сөздіктерді қолдана отырып топпен мәтінге аударма жасату жұмыстарын жүргіземін.
Мәтін мазмұнымен толық таныспай тұрып, мәтіннің ішіндегі сөйлемдерге сұрақ қою дұрыс емес. Оқушылардың алдында сабаққа қатысты мәтін жатуы қажет. Мәтіннің ішінен таныс емес сөздерді теріп жазып алғаннан кейін, оқытушының көмегімен тілдерін дамыту мақсатында актив сөздер, сөз тіркестері бөлек сөздікке жазылады. Бұлай жазып алу сөздің дұрыс жазылуын, айтылуын тексеруге, өзін-өзі тексеруге, бірін-бірі тексеруге көп көмегі тиеді. Мәтінде берілетін сөздердің ішінде таныс емес сөздер мейлінше аз болғаны дұрыс. Сондықтан мәтін таңдап аларда сыныптың деңгейі ескерілу қажет. Алдыңғы біліммен байланыстырып отыру керек. Бұл жерде алдыңғы білім дегеніміз – үй тапсырмасы емес, жалпы оқушылар алдыңғы сыныптарда өткен білімдеріне сүйене алулары керек. Бұл жерде байланыстылық қағидасы сақталады.
Мәтінмен жұмыс жүргізуде жаңартылған білім беру бағдарламасын негізге алсақ, оқушылар мәтіндегі ойды, оқиғаны өз өмірімен ұштастыруы керек; оқылған мәтінге өз көзқарасын білдіре алуы тиіс; мәтінге әлеуметтік, тарихи, адамгершілік маңыздылығы жөнінен баға бере алуға бағыттауымыз қажет.
Сонымен қатар әр оқуышының психологиялық жағынан жас ерекшелігіне, тәжірибелеріне қарай өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырудың танымдық мәні зор.
Әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, профессор Ф.Оразбаева өзінің «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты зерттеу еңбегінде: «Мәтін – адамдар арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегін құрамайды. Керісінше, жинақталған пікірін, көзқарасын бір-брімен ой жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Адам тілдік қатынаста үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез-келген кезеңінде ойдан құрап, қолдана береді» – деп тұжырымдайды.
Зaмaнaуи оқу сaуaттылығы ұғымы түрлі мәтінді түсінумен aнықтaлaды. Сондықтaн жaңa жүйеде жұмыс жaсaйтын мектеп оқушылaрды түрлі мәтіндермен жұмыс жaсaуғa дaғдылaндыру керек: жaзбa мәтін, электронды мәтін, aудиомәтін. Шығaрмaшыл, құзіретті мұғaлімдер сaбaқты оқушылaрдың тaлaбынa сaй әзірлеуі шaрт. Мәтіндерді топтaстыруғa немесе белгілі бір тaқырыптaр бойыншa жіктеу өте күрделі. Оқушылaрдың сaуaттылығын aрттырудa оқыту үрдісіне жaңa технологияны пaйдaлaнудың нaқты белгілері көрсетіліп отыр. Зaмaнaуи оқыту үдерісіне сaй мұғaлім сaбaқтa тек бaғыт беруші, aл көрсетіліп отырғaн жұмыс жүйесінің әр компоненті оқушы aрқылы іске aсырылaтын және оқушының сaуaттылығын aрттыру мен дaмытуғa тікелей бaғыттaлғaн нaқты, нәтижесін берер жүйедеп сaнaймын.
Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады.
Олар:
1. дыбыстармен жұмыс;
2. сөздіктермен жұмыс;
3. сөздік қорларын жетілдіру;
4. тіл дамыту;
5. ережемен жұмыс;
6. белгілі тақырыптар бойынша тірек сөздерін табу;
7. ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:

  1. Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;

  2. Мәтінмен жұмыс кезеңі;

III. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.

  1. Мәтін алдындағы жаттығулар мен оған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: жекелеген сөздерді дұрыс айтып, жазуды, тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әр түрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері т.б.) меңгерту.

II. Мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы талданады. Мәтіндегі сөйлем құрамына талдау жасау:
1) сөйлем түрлері;
2) сөз тіркестері;
3) сөздердің мағыналарын контекске қарап анықтау;
4) сөйлемдегі сөздердің сөз табына айыру, олардың құрамына талдау жасау т.б. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, сөз,сөйлем мағыналарын айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау.
Мәтінмен жұмыс кезеңін төмендегіше ұйымдастыруға болады: оқыған мәтіннің мазмұнын әңгімелету, мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере білу, жоспар жасату, мәтінді бірнеше бөлімге бөліп, оларға ат қойғызу, мәтіннің негізгі мазмұнын ашу үшін қолданылып тұрған жанама ойлар мен суреттеулерді таптыру, қорытынды жасауға үйрету.
Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз – мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсінуі керек. Сондықтан мәтіннің мазмұнын ашатын жеке тірек сөздерді дұрыс тауып, қолдана білу дағдыларын қалыптастыру қажет.
III. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезеңдегі міндет – мәтін мазмұнындағы негізгі ойды казақ тілінде жеткізе білу. Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:
1. мәтін бойынша логикалық сұрақтар қойып, жауап алу;
2. сөздік жұмыстар;
3. фонетикалық жаттығулар;
4. сөйлем кұру;
5. мәтінге жоспар құру;
6. аударым;
7. мәтінге ат қою;
8. диалог, ситуация құру; 9. мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту.
Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде студенттерді тілді білу деңгейлеріне қарай топтарға бөліп, әр топқа лайықты тапсырма берген жөн. Ол үшін қазақ тілінде мәтінді оқудың ерекшеліктерін меңгерткен жөн:
а) қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы, жазылуы;
ә) ол дыбыстарды айтылу және жазылу жағынан бір-бірінен ажырата білу;
б) сөз мағыналарын контекске қарай талдау (синонимдік қатар, омонимдер, полисемия т.б.). Мәтінді оқуда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1. Дауыстап оқу – студенттің сөздерді дұрыс айту дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар, студенттерге бірінің қатесін бірі түзетуге мүмкіндік береді.
2. Іштей оқу – бұл әдіс бойынша студенттер мәтінді оқып, әңгімелеп беру арқылы өзінің мәтінді басқаның көмегінсіз түсіну деңгейін көрсетеді.
3. Араласып оқу (кезекпен оқу);
4. Мәтінді оқып, аудару;
5. Мәнерлеп оқу.
Оқушыларды шапшаң оқуға дағдыландыру, әрине, өте жақсы. Дегенмен, олардың шапшаң оқуы мәтінді толық түсініп оқыды деген сөз емес. Оқушының мәтінді түсіну қабілетін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып анықтауға болады.
Мысалы:
1. мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару;
2. оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу, қазақ тілінде жеткізуге қиналса, орыс тілінде айтқызу;
3. мұғалімнің сұрағына дайын жауап оқу;
4. берілген мәтіндегі ойды бірнеше сөйлемдер арқылы айтып беру;
5. мәтінді бөлімдерге бөлу;
6. оқыған мәтінге немесе абзацқа тақырып қою;
7. Үлестірмелі кәртішкелерге мәтінді түсінгенін айтуға көмектесетін тірек сөздер жазылады. Мысалы: бірнеше сөйлем оқимын, сол сөйлемдердің ішінде тірек сөздерді дұрыс орналастыру арқылы мәтіннің мазмұнын білдіретін сөйлемдердің ретін студенттер белгілеп, мәтінді айтып беруге қажетті шағын жоспар құрады;
8. Мәтіннің мазмұнына сай ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер келтіріп, мысалдар айту (Отан, батырлар, жыл мезгілдері т.б. тақырыптарға).
9. Магнитофонға жазылған мәтінді оқушыларға тыңдатып, мазмұнын орыс тілінде айтқызу;
10. Сөздіктерді пайдалана отырып, аударма жасауға дағдыландыру;
11. Мәтінге жоспар құрғызып, мәтіннің мазмұнынан түсінгендерін әңгімелету. Осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу студенттердің бағдарлама материалдарын терең меңгерулеріне, азаматтық ой-өрістерін кеңейтуге және патриоттық сезімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, «Тұған жер ұлылыққа үндейді» атты мәтін бойынша мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:
1) Мәтінді тақырыпсыз беріп, оқыту;
2) Қысқаша мазмұнын айтқызу;
3) Әр абзацқа ат қойғызу;
4) Толық мәтінге ат қойғызу;
5) Туған ел туралы мақал-мәтелдер, білгендерінше, айтқызу;
6) Мәтінге жоспар құрғызу;
7) Тірек сөздерін тапқызу: Отан, Егемен Қазақстан, Тәуелсіздік туы, Ұлы дала, ата-жұрт, Ақ Жайық, Орал таулары, Қасиетті мекен;
8) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу;
9) Мәтін бойынша қысқаша эссе жазғызу.


  1. МӘТІН ТАҚЫРЫПТАРЫН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕІ




    1. Мәтіннің оқу арқылы меңгертілуі

Тәуелсіздік туы желбіреп, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғалы, қазақ тілін жан-жақты үйрету, мәнерлі тіл құралының барлық байлығын игерген болашақ жастарды тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Осыған орай бүгінгі жастарымыздың қазақ тіліне деген ынтасын, құштарлығын арттыру,құрметтеу, алған білімін практикалық істе пайдалана білуге үйрету міндет болып табылады.
Тіл дамыту дегеніміз-оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету. Адам ойын ауызша не жазбаша түрде жеткізеді. Сондықтан оқушы тілін дамытуда ауызша не жазбаша бағыттар бір-бірімен байланысты жүргізіледі.
Тіл дамытуда дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру,қазақ тілінің орфоэпиясын меңгеру жұмыстары жүргізіледі. Бұлар ауызша сөйлеу тілінің негізгі мәселесі болып табылады. Бөгде ұлт мектептерінде қазақ тілі сабағының негізгі арқауы-тіл дамыту жұмысы болуға тиіс.
Орыс мектептерінде орыс тілді оқушылардың қазақша тілін дамытуда мынадай әдістермен жұмыс жүргізуге болады:
1.Сөздік жұмсын жүргізу арқылы оқушының тілін дамыту.
2.Мәтінді оқу арқылы тіл дамыту.
3.Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы тіл дамыту.
4.Жаттығулар арқылы тіл дамыту.
Сөздік қоры бай адам ойын жеткізуге ең керек сөзді таңдап қолдана алады.
Сондықтан да оқушылардың сөздік қорын байытып, тіл дамытуда шешуші рөл атқаратын жұмыстардың бірі-сөздік жұмысы. Сөздік ұмысы арқылы оқушының тіл байлығын молайтумен қатар, дұрыс жазуға дағдыландыра аламыз. Оқушылдарға үйрететін жаңа сөздің мағынасын мына жолдармен меңгертуге болады:
1.Затты көрсете отырып, оның атын алдымен қазақша соңынан орысша айту.
2.Сөздің орысша баламасын беру.
3. Сөздердің мағынасын антоним сөздер арқылы түсіндіру.
4.Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, алдыңғы сұрақ-жауап түріндегі әңгіме арқылы жаңа сөздің мағынасын ұғындыру.
Және де осы жаңа сөздерді тек сол сабақта ғана пайдаланып қана қоймай, күнделікті өмірде қарым-қатынаста қолданатын белсенді сөздігіне айналдыру, оқушының сөздік қорын байытудағы негізгі мақсат болып саналады. Осы мақсатқа жету үшін мынандай жұмыстар жүргізілуі керек:

  1. Жаңа сөздердің мағынасын оқушыларға анық түсіндіру.

  2. Жаңа сөздердің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету.

  3. Жаңа сөздерді қолданыста меңгеру.

  4. Жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуын меңгерту.

Жаңа лексикамен таныстыру барысында оқушыларға жаңадан меңгертілуі тиіс сөздердің аудармасымен бірге сөйлем ішінде қолдана білудің үлгілерін де қоса жаздырту, жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, құрылысы жеңіл сөйлемдер ойлатып жаздыру, байланыстырып сөйлеуді дамытуға ықпал етеді.
Жаңа сөздерді оқушылар санасында ұмытылмастай негіздетудің бір тәсілі-сөздік жат жазуын өткізу.Алдыңғы сабақтарда жаздырылған жаңа сөздерді аудиторияның түгел меңгеру деңгейін анықтау мақсатымен әрбір сабақта 5-6 минуттық жазбаша бақылау жұмысын, сөздік жат жазуын өткізуге болады және тексерудің мұндай түрін сабақ сайын бір әдіспен қайталамай, түрлендіріп жүргізу керек. Оқушы бір сабақтың көлемінде 10-15 тарта жаңа сөздермен танысып отыруы тиіс. Ол сөздер есім сөздер, етістік және басқа сөз таптарынан да болуы мүмкін.Оқушының сөздік қорын дамыту үшін түрлі сөз таптарынан бірнеше сөздерді беріп, орыс тіліндегі баламасы арқылы оқушылардың сөздік қорына еңгізіп алып, оның оқушы санасында қалыптасып қалуы үшін, олардың өздеріне белгілі бір тақырыпқа осы сөздерді қатыстырып, шығарма жазуды ұсынған жөн.Сөйтіп оқушы есінде жаңа сөздердің сақталуын қамтамасыз етуге өте үлкен мән беру керек.Міне, сондықтан да орыс тілді оқушының қазақша ойын жеткізуде, яғни тілін дамытуда сөздікпен жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.
Екінші бір тілді үйретуде, оқушы тілін дамытуда мәтіндердің атқаратын қызметі өте күшті.Мәтін оқушыға білім береді.Оқушыны оқуға үйрететін басты құралы, ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді, қазақша сөйлеуге үйретеді. Сондықтан сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтырып, жаттығулар жүйесінде дамытып, тілдің негізін қалыптастыру үшін мынадай жағдайлар қарастырылуы керек.
1.Шағын мәтінмен жеке-жеке сөйлемдердің сапасын саралап салыстыру.
2.Мәтінің мазмұнын түсіну.
3.Мәтіндегі басқы, ортаңғы,соңғы ойларды анықтау.
4.Мәтінді толықтыру не қысқарта білу.
5.Мәтінді баяндай білу, басталар,аяқталар ойды дұрыс жеткізу.
6.Жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу.
7. Мәтіндегі сөздермен түрлі жұмыс жасап, сөздік қорды толықтыру.
Мұндай жүйелі жұмыс оқушының қазақша ойлау қабілетін және тілін дамыту мақсатында үлкен нәтиже береді. Мәтінмен жұмыс оқушының тілдік іскерлігімен қатар, оның жалпы дүние танып білуін қалыптастыруда да ерекше ықпал етеді.
Жеке сөздермен сөз тіркестері құралады.Осылайша жаңа тіркес, сөйлеу, мәтін есте сақталады. Сабақ үстінде оқушылардың тілін дамытуда сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі көрнекі құралдарды пайдаланып түсіндірген тиімді.Сабақты көрнекі құрал арқылы түсіндіргенде,оқушылардың 91пайызы ұқса, тек құрғақ сөзбен түсіндіргенде 24 пайызы ғана ұққан.Көрнекі құралдармен өткен сабақтың тиімділігі:

  1. оқушылар жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді;

  2. сабақты түсіндіру арқылы оқушының ынтасы артады;

  3. тіл дамыту жұмысы ерекше жүргізіледі.

Оқушының сөздік қорын байытып, тілін дамытудағы тиімді жолдардың бірі-суретпен жұмыс.
Сондықтан тілге үйрету,тілдік нұсқаларды оқушыға білгізу және оларды меңгеру жаттықтырудан, жаттығудан басталады.Жаттығулар екіге бөлінеді: тілдік және сөйлесу жаттығулары. Жаттығулар тілдік материалдардың негізінде оқушылардың жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сай беріледі.
Оқушының сөздік қорын молайта отырып, жүйелі сөйлеуге үйретуде жазу жұмысының мәні зор. Өйткені жазу жұмысы арқылы оқушының тілін ұстартып, сауатты жазуға үйрету мақсаты көзделеді. Оқушыларға тілдік тұлғаларды қолдандыруға жаттықтырып, оны сөйлеуде қолдану дағдысын қалыптастырады.Сөйлеу жаттығулары қарым-қатынас жасауға бағытталады. Оған сұраққа жауап беру,өзі сұрақ қоя білу,тілдік жаттығуларда меңгерген сөйлем үлгілерін сөйлеуде еркін қолдану, орысшадан қазақшаға ауыстырып, тақырып бойынша шығарма жазу т.б жатады. Сөйлеу жаттығуларын орындау барысында қазақша сөйлеуге оқушылар әбден жаттығады. Сөйлеудің, сөйлесудің барлық түрлерін меңгерген оқушыны қазақ тілі дамыған деп санауға болады.Ондай оқушылар ойын барлық жағдайда толық жеткізіп, қазақша еркін сөйлей алады.Қазақ тілін үйренген сөздік қоры оған негіз болады.Оқушы тілін дамытуда тақпақ жаттау, өлең айту да пайдалы болып саналады. Сондықтан бұл жұмысты оқтын-оқтын жүргізіп отыру қажет.
Сонымен қатар диалог та тіл дамыту үшін, тілдік орта туғызу үшін қолданылатын басты методикалық әдістердің бірі ретінде сабақтарда ерекше орын алуы керек. Диалог-ауызекі сөйлеудің негізгі формасы.Диалогтер арқылы сөйлеуге үйрету кезінде тілдік нормаларды сақтап, олардың қолдануларына да назар аудару керек.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту үшін әрі өз ойларын жинақтап жеткізе білуге жаттықтырумен мақсатымен түрлі тақырыпқа әңгімелесуге, пікір алысуға, сюжеттік әңгімелер жүргізуге тырысу керек. Сабақтарда қоршаған өмірге жақын жағдайлар туғызу, оқушыларды ауызекі сөйлесуге жаттықтырып отыру ең қажет нәрсе. Қазақ тілін нашар білетін оқушылармен жұмыс жүргізгенде ең бірінші күнделікті қарым-қатынаста қоладылып жүрген сәлеметсіз бе? рұқсат етіңіз, қалыңыз қалай? деген сияқты сөйлемдерге көңіл аударып отыр керек.
Тіл дамытудағы ең тиімді әдіс-сұрақ-жауап әдісі. Осы әдісті жиі қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға болады. Монолог-диалог құрау әдісі. Басты мақсат- өз білімі деңгейінде өз ойын айтқызып, әңгімедегі немесе мәтіндегі оқиғаны ілуге ұмтылу,ынталандыру. Ситуацияға немесе мәтінге байланысты монолог, диалог құруға үйрету. Екі жұп бір-біріне сұрақ-жауап тәсілі арқылы өздерінің білген жауаптарын айтады.
Тіл дамыту, тіл жаттықтыру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру-оқушылардың ойлау қабілетін, ойын дұрыс жеткізудің тиімді жолы екені даусыз. Жоғарыда айтылған тіл дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері оқушылардың оқуына, сөйлеуіне, жазуына, ойлау қабілетінің дамуына әсері мол.

    1. Мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлеріндегі стилистикалық жаттығулардың сипаты

Тіл ғылымында бүгінге дейін зерттеу нысаны болып келген сөз, сөз тіркесі, сөйлем, морфологикалық, лексикалық тұлғалар, фонетикалық құбылыстар
– мәтіннің құрамына енетін тілдік бірліктер. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазіргі қазақ тілі білімінде мәтінді құрылымдық, мағыналық, қызметтік жағынан жан-жақты зерттеу әлі де өте маңызды мәселелердің бірі.
Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері – жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан көрінеді [1,27].
Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – тыңдаушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуге, сол арқылы тыңдаушының логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Өйткені мәтінде тіл бірліктері (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) тегіс қатысады. Сондай-ақ мәтіннің стильге қатыстылығы да ескеріледі [2,120]. Сондықтан мәтінмен жұмыс істеудің стилистикалық бағыттағы жаттығу жұмыстарына ерекше тоқталып өтсек.
Барлық мәтіндер, ең алдымен, лингвистикалық нысан болып табылады. Сондықтан да мәтіндердің типологиясы лингвистикалық тұрғыдан
Танылуы қажет. Лингвистикалық типологияның негізіне лингвистикалық дифференциация алынады. Оның өзі мәтіннің түрін, формасын, жанрлық- стилистикалық ерекшеліктерін, жүзеге асырылу шарттары мен тәсілін білдіреді. Сонымен мәтіннің белгілеріне (әдістемелік тұрғыдан келгенде) мыналар алынады:
1) сөйлеу түрі;
2) сөйлеу формасы;
3) сөйлеу стилі;
4) жанры;
5) сөйлеудің функционалдық-мағыналық типі (сөйлеу тәсілі);

  1. Сөйлеудің эмоционалдығы мен экспрессивтілігі.

Осы айтылғандарды қарастырып көрелік. Біріншісінде, сөйлеудің ауызша жөне жазбаша екеңдігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер
– синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы бір-біріне ұқсастығы экспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер.
Мәтін мазмұнымен толық таныспай тұрып, мәтіннің ішіндегі сөйлемдерге сұрақ қою дұрыс емес. Оқушылардың алдында сабаққа қатысты мәтін жатуы қажет. Мәтіннің ішінен таныс емес сөздерді теріп жазып алғаннан кейін, оқытушының көмегімен тілдерін дамыту мақсатында актив сөздер, сөз тіркестері бөлек сөздікке жазылады. Бұлай жазып алу сөздің дұрыс жазылуын, айтылуын тексеруге, өзін-өзі тексеруге, бірін-бірі тексеруге көп көмегі тиеді. Мәтінде берілетін сөздердің ішінде таныс емес сөздер мейлінше аз болғаны дұрыс. Сондықтан мәтін таңдап аларда сыныптың деңгейі ескерілу қажет. Алдыңғы біліммен байланыстырып отыру керек. Бұл жерде алдыңғы білім дегеніміз – үй тапсырмасы емес, жалпы оқушылар алдыңғы сыныптарда өткен білімдеріне сүйене алулары керек. Бұл жерде байланыстылық қағидасы сақталады.
Мәтінмен жұмыс жүргізуде жаңартылған білім беру бағдарламасын негізге алсақ, оқушылар мәтіндегі ойды, оқиғаны өз өмірімен ұштастыруы керек; оқылған мәтінге өз көзқарасын білдіре алуы тиіс; мәтінге әлеуметтік, тарихи, адамгершілік маңыздылығы жөнінен баға бере алуға бағыттауымыз қажет.
Сонымен қатар әр оқуышының психологиялық жағынан жас ерекшелігіне, тәжірибелеріне қарай өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырудың танымдық мәні зор.
Әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, профессор Ф.Оразбаева өзінің «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты зерттеу еңбегінде: «Мәтін – адамдар арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегін құрамайды. Керісінше, жинақталған пікірін, көзқарасын бір-брімен ой жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Адам тілдік қатынаста үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез-келген кезеңінде ойдан құрап, қолдана береді» – деп тұжырымдайды.
Зaмaнaуи оқу сaуaттылығы ұғымы түрлі мәтінді түсінумен aнықтaлaды. Сондықтaн жaңa жүйеде жұмыс жaсaйтын мектеп оқушылaрды түрлі мәтіндермен жұмыс жaсaуғa дaғдылaндыру керек: жaзбa мәтін, электронды мәтін, aудиомәтін. Шығaрмaшыл, құзіретті мұғaлімдер сaбaқты оқушылaрдың тaлaбынa сaй әзірлеуі шaрт. Мәтіндерді топтaстыруғa немесе белгілі бір тaқырыптaр бойыншa жіктеу өте күрделі. Оқушылaрдың сaуaттылығын aрттырудa оқыту үрдісіне жaңa технологияны пaйдaлaнудың нaқты белгілері көрсетіліп отыр. Зaмaнaуи оқыту үдерісіне сaй мұғaлім сaбaқтa тек бaғыт беруші, aл көрсетіліп отырғaн жұмыс жүйесінің әр компоненті оқушы aрқылы іске aсырылaтын және оқушының сaуaттылығын aрттыру мен дaмытуғa тікелей бaғыттaлғaн нaқты, нәтижесін берер жүйедеп сaнaймын.
Жазбаша мәтінде оны құраушы бірліктердің арасындағы байланыстырушы элементтер айқын білініп, формалды көрсеткіштері мүмкіңдігінше, толыққанды болуға, логикалық ой желісі үзілмей, сақталып отыруға, лексикалық құнарлылығы терең болып, басқа да тілдік формалардың мол болуына мүмкіндік беретіңдей күйде жасалады.
Екіншісінде, қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндер монологтық, диалогтық (кей ретте полилогтық та) болып бөлінеді. Бұл жерде сөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтіңде де, ауызша мәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады.
Үшіншісінде, мәтіннің қандай да бір стильде құрылатыны белгілі. Оқыту барысында функционалды стильдердің ауызекі сөйлеу стилі, ғылыми, ресми іс қағаздары, публицистикалық және көркем әдеби түрі қолданылады. Осы стильдердің әрқайсысының өзіңдік ерекшеліктері белгілі. Олардың мәтіндегі өзіңдік құрылымы бірден көрініп тұруы да мүмкін. Көп ретте, публицистикалық және көркем әдеби стильдерді айыра алмау байқалады. Сондықтан да мәтін стильдерін таныту бағытында жүргізілетін жұмыстардың өзіндік жүйесі жасалынуы керек.
Төртінші, мәтіннің жанрлық ерекшеліктері де танылуы қажет. Жанр, негізінде, функционалдық стильдермен тығыз астасып жатады. Ондай байланыстылықты мынадай сызба арқылы көруге болады:

Мәтіннің бесінші белгісі – сөйлеудің функционалдылығы. Сөйлеуде сипаттама, хабарлама түрлері қолданылатыны белгілі. Бұлардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері әрбір сөйлеу типтерінің құрылымдық- жүйелік заңдылықтарына сәйкес танытылады.


Мәтіннің тағы бір маңызды белгісі – оның эмоционалдық бояулылығы. Бұл жағынан, ғалымдардың пікірінше, мәтіңдер: а) ресми, ә) ресми емес, б) бейтарап болып бөлінеді.
Экспрессивті мәтіндер өз ішінде: 1) экспрессивті-стилистикалық белгілері бар және 2) бейтарап мәтіндер болып бөлінеді. Осының ішіңде, экспрессивтік- стилистикалық белгісі бар мәтіндерге: көркем, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, ғылыми (пікірталастар), құттықтау, қарсы алу сөзі сияқты ресми мәтін түрлері жатады. Ал бейтарап мәтіңдерге: ғылыми, ресми іс қағаздар, публицистикалық стильдің кейбір жанрлары, хроника жатады. Әдістемеші- мамандар әдістемелік тұрғыдан мынадай етіп бөлуді ұсынады: 1) оқуға;

    1. Тыңдауға; 3) ауызекі сөйлеу тілін дамытуға; 3) жазба сөйлеу тілін дамытуға арналған мәтіндер.

Тұжырымдай келгенде, тыңдаушылардың дүниетанымын дамыту мен қалыптастырудың арнайы мақсаттары көзделіп, түрлі өмір, ғылым салаларынан арнайы мәтіндер талданады. Ғылыми мақсат та сол бағытта болады. Ал тіл дамыту мәтіңдер бойынша шығарма, мазмұндама, жоспар, эссе, мәтіңді талдау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі стильдердің қайсысын болсын, тыңдаушы мүмкіңдігінше жетік меңгеруі керек. Ал жазбаша тіл ұстарту жұмыстары стиль тармақтарының ерекшеліктерін тани отырып, сол бағытта құра білу дағдысын қалыптастырады.
Мәтін бойынша тіл дамытуды жетілдіруге негіз болатындай әдістемелік маңызға ие талаптарды атайық:

      1. Тыңдаушының түсініп оқу арқылы баяндау дайындығын қамтамасыз ететін талаптар:

А)қатысымдық міндетті шешуге рналған;
ә) сөйлеушінің көзқарасы;
Б)эмоционалдық бояу;
в) мәнерлілік;
Г) қаратпалық;

      1. Мәтіннің мағыналық құрылымын қамтамасыз ететін талаптар: а) байланыстылық;

Ә) бүтіндік;
Б) исындылық;
в) параттылық.

  1. Мәтіннің түсінікті болуын қамтамасыз ететін талаптар:

А) ақпараттық негізде қабылдау ерекшелігіне байланысты қызығушылық есебі;
ә) тыңдаушының даму деңгей есебі.

  1. Мәтін негізіңде тілдік тәжірибелерді тікелей жетілдіруді қамтамасыз ететін талаптар:

А) мәтіннің көлемі орыңдалатын жұмыстарға сай болуы; ә) меңгерілмеген тілдік материалдың аз болуы;
Б) орын өтілген материалдың жаңа материалмен толықтырылуы, байланысты болуы;
В) материалдың қайталанып есте сақтауға, бекітуге мүмкіндік жасалуы. [2, 122 бет].
Сонымен, тыңдаушылардың сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту үшін мәтін туралы мынадай білім мен дағды қалыптастырылады:

  1. Мәтіңді түсініп оқи білу және есте сақтау;

  2. Мәтіннің құрылымдық ерекшеліктері туралы білім беріп, оның тәжірибесіңде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру;

  3. Мәтіңдегі қайырымдар және олардың мазмұнды, жүйелі баяңдау мақсатыңдағы ерекшеліктерін үйрету арқылы жүйелі мәтін құрай білуге үйрету;

  4. Мәтіннің түрлері бойынша сөйлеуге ауызша, жазбаша жаттықтыру.

Мәтін туралы білім мен тәжірибелік дағды, ең алдымен, оқу мен тындап түсіну әрекетіне байланысты. Оқу мен тындап түсінудің психологиялық- физиологиялық үдеріс ретінде ұқсастығы да, айырмашылығы да бар. Ұқсастығы – ойлау қабілеті үдерістерінде ойлау амалдары деңгейіңде (талдау, салыстыру, айыру, жалпыламалау т.с.с.) Жүретіндігі, айырмашылығы шарт қою және қабылдау деңгейінде байқалады. Табиғи ауызша сөйлеу өзінің қысқалығымен, қайталанбайтындығымен және бір
Ғана рет айтылатындығымен сипатталады. Ал жазбаша оқу кезінде оқылған нәрсеге бірнеше рет қайта оралуға мүмкіңдік бар. Оқу жылдамдығы мен қарқынын оқып тұрған адамның өзі реттейді, оқу уақыты шектелмеген. Оған қоса, оқып тұрған адам анықтама әдебиетін де пайдалана алады. Әдістемелік жағына келетін болсақ, бұл өте маңызды айырмашылық, өйткені жоғарыда көрсетілген ерекшеліктердің салдарынан оқудағы қабілеттер мен дағдылардың деңгейі оқу нәтижесіне шешуші ықпал тигізбейді. Дыбыстау, айту барысында тілдің сипаттамалары одан тыс реттеледі, сондықтан ол үдерістің өзіне де, оның нәтижесіне де айтарлықтай әсерін тигізеді. Осы себепті дыбыстаудағы қабілеттер мен дағдылар тілдік автоматтанудың деңгейіне теңестірілуі қажет. Ол жазбаша сөйлеу әрекетімен байланыстырылады.
Оқудың және айтып дыбыстаудың негізгі мақсаты болып, оқырманның немесе тыңдаушының мәтіндегі мағынаны қабылдауы мен түсінуі есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, қатынастың қолайлы жағдайларында қабылдау, мағыналық қабылдау ретінде анықталуы мүмкін. Мәселен, оқу барысында түсіну – күрделі үдеріс.
Психологтар жазбаша тілді дамыту үшін ана тілінде түсініп оқудың да бірнеше деңгейін белгілейді. З.И. Клычникова мәтінді түсінудің жеті деңгейін:

    1. Жеке сөдерді түсіну деңгейі;

    2. Жеке сөз тіркестерін түсіну деңгейі;

    3. Жеке сөйлемдерді түсіну деңгейі;

    4. Мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну деңгейі;

    5. Мәтіннің жалпы мазмұны мен жекелеген бөлшектерін түсіну деңгейі;

    6. Мәтіннің сезімдік-хабарламалық және бағалау деңгейін түсіну;

    7. Мәтіннің өзгелік ырықты деректерін түсіну деңгейі деп бөліп анықтайды [3,159].

Алғашқы бес деңгей мәтіннің маңыздық жоспарымен, қалған екеуі мәтіннің мазмұндық жоспарымен байланысты. Мәтін мазмұнын игерту мен құрылымдық ерекшелігін танытудың әдіс-тәсілдерін қарастырайық.
Оқулықта берілген лингвистикалық мәтінді оқуы да, оқымауы да мүмкін. Ал егер оқытушы оқулықта берілгенді қайталап беретін болса, сабақтың құндылығы тағы болмайды. Ал оқытушы оқыту материалын басқа еңбектерден алып, тереңірек даярлану мақсатымен, оқулыққа күш салмай, оған қарамай баяндап, содан соң бірден жаттығуларға ауысып, мәтінді үйден оқып келу ғана тапсырылса, мұнда да әдістемелік шалалық болады. Өйткені тыңдаушылар линвистикалық мәтіндермен жұмыс істеуді білмейді.
Егер осы бірінші бағытта, мәтіндермен жұмыс түрлерін: зерттеу бағытындағы оқу; танысу бағытындағы оқу; шолу бағытындағы оқу; іздену
Бағытындағы оқу деп бөлетін болсақ, мәтінмен ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыстың түрі анықталады.
Мысалы, «Сөз тіркесі» туралы лингвистикалық мәліметтер берілген мәтіндермен арнайы жұмыстар жүргізу осы бағытта алынады: 1) берілген мәтінді алдымен, шолу мақсатымен оқытып шығару керек; 2) одан соң оқытушы белгілі бір сұрақ қойып, сол сұрақтың жауабын мәтіннен іздету бағытында оқыту жүргізіледі; 3) одан соң берілтен мәліметтің тілдегі фактілерін анықтау үшін тағы бір танысу мақсатымен оқытып;

  1. Соңында қорыту мақсатымен бір оқытылады. Бұл әрбір кезеңнің жетекші сұрақтары алдын ала жасалады. Өйткені оқытушы оқу мәтінін талдауда екі жақты жұмыс жасайды: біріншісі сабақтың тақырыбына тыңдаушыларды тереңдете енгізу, екіншіден, мәтінді талдау дағдысын қалыптастыру міндетін шешу.

  1. Мәтін қандай стильде жазылған?

  2. Неліктен ресми (ғылыми, көркем-әдеби, публицистикалық, ауызекі) стильде жазылған деп атаймыз?

  3. Мәтіннің негізгі түйіні неде?

  4. Мәтіннің ішкі бөлшектері қандай?

  5. Мәтіннің теориялық және тәжірибелік бөлімдері бар ма? Олардың қалай байланысып тұрғанын анықта т.б. Деген жетекші сұрақтар қойылады.

Тыңдаушылардың мәтін туралы түсінігін арттыру үшін оның құрылымы туралы білім беріледі. Мәтіннің қайырымдарға (абзацтарға), күрделі сөйлем тұтастықтарына, сөйлемдерге бөлшектенетіні белгілі. Сонда, адамның дұрыс құрастырылған сөйлеуінің негізінде, мейлі ол жазбаша түрде ме, ауызекі түрде ме, жекелеген сөздер емес, жекелеген сөйлемдер емес, логикалық және композициялық жағынан үйлескен ерекше тұтастық жатады.

    1. Қазақ тілі сабағында мәтінді оқытудың интерактивті әдісі

Бүгінгі таңда тыңдалым әрекетіндегі интерактивті әдістердің бірі – динамикалық мультимедиалық құралдарды қолдану, бұл сабақтың тиімділігін, ақпараттың мазмұндылығын, көрнекілігін, есте сақталуын арттырады. Мультимедиалық бағдарламаларды пайдалану арқылы түрлі иллюстрациялар, кесте, сызбалар, анимациялық және дыбыстық сүйемелдеулер оқушыға тілдік материалдарды қабылдауын, түсінуін, есте сақтауын жеңілдетуге, танымдық белсенділігін ынталандыруға мүмкіндік береді. Әдіскерлер тіл үйрену барысында мынадай динамикалық мультимедиалық құралдардың түрін қолдануға болатынын айтады:

    1. Презентация – аудиовизуальдық құралдарды пайдалана отырып ақпаратты көрнекті беру. Бұл компьютерлік анимация, графика, видео, музыка және дыбыстық құрылғылардың үйлесіп, бір ортаға ұйымдастырылуы.

    2. Анимация – қозғалыстағы картиналар қатары.

    3. Ойындар – белгілі бір дағды мен ептілікті қалыптастыруға, жағымды психологиялық климат туғызуға мүмкіндік береді.

    4. Бейнефильмдер және бейнетаспалар (күйтабақ ойнатқыш) – қозғалыстағы бейнелерді көрсету арқылы шынайы қатысымдық әрекетті дамытады, оқу материалының қызықты, проблемалы, дәлелді болуын қамтамасыз етеді [17, 36 бет]. Бұл технологиялық құралдардың мүмкіндіктері көп, олар арқылы оқытудың мотивациясы мен тиімділігін дамытуға көмектесетін түрлі жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Қазақ тілі сабағындағы тыңдалым әрекетін жүзеге асыру үшін динамикалық мультимедиалық құралдарды қолданудың негізгі үш түрін көрсетуге болады:

  1. Компакт дискідегі дайын бағдарламалық өнімдер;

  2. Мұғалімнің тікелей өзінің дайындаған өнімдері;

  3. Ғаламтор желісі ресурстарын пайдалану.

Материалдар тез қабылданып, есте сақаталатындай бейнелі, көрнекі етіп беруге мүмкіндік туғызады және оқушыны шаршатпауға ықпал етеді. Оқушының тілді тыңдау арқылы түсінуі – сөздің дұрыс айтылуына, сөйлеу дағдыларын, мәнерлеп оқуды, басқа да грамматикалық және лексикалық дағдыларды жетілдіруге септігін тигізеді. Тіл үйрету мақсатында динамикалық мультимедиалық құралдарда пайдалану мынадай дидактикалық міндетті шешуге көмектеседі:

  1. Түрлі ақпараттың бір нысанда (мәтін, дыбыс, видео) ықпалдасуын қамтамасыз ету;

  2. Тұрақты мотивацияны қалыптастыру;

  3. Оқушының ойлау қабілетін белсенді ету;

  4. Селқос оқушыларды жұмыс істеуге ынталандыру;

  5. Сабақтың көрнекілігін арттыру;

  6. Оқу үрдісін жаңа, қолжетімді материалдармен қамтамасыз ету;

  7. Оқушыны оқу материалдарымен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

  8. Лезде кері байланыс әрекетін қамтамасыз ету;

  9. Оқу үдерісінің қарқындылығын күшейту;

Тыңдалым сөйлеу әрекетінің оқылым әрекетімен де байланысты. Тыңдалым мен оқылым әрекеттері ақпартты қабылдау мен мағынасын түсінуге негізделеді.
Оқылым оқушының тілдік қатысым дағдысын жетілдіруде маңызды рөл атақарады. Бұл жайында: «Оқылым, біріншіден, ой мен мидың жұмысына байланысты болса, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән- мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды», - делінген [15, 176 бет]. Оқушы оқылым арқылы жаңа сөздерді меңгереді, сөздердің дыбысталуына назар аударады. Сөз бен сөйлемнің мағынасын түсінуге, сөзді дұрыс қолдана білуге машықтанады. Оқылымның екі түрлі формада жүзеге асатынын әдіскерлер былай тұжырымдайды: «Іштей оқу – оқылымның негізгі формасы, ол монологтық сипатта болып, көбінесе бір адамға қатысты болады, екіншіден, іштей оқығанда адам мәтіннен ақпартты өзі үшін алады, ол ақпартты алудың ең тиімді жолы болып табылады. Дауыстап оқу – материалды қатты, мәнерлеп, барлық сөйлеу аппаратын іске қосып, айналасындағы адамдарға естіртіп, үнмен оқу. Дауыстап оқу белгілі бір хабарды екінші адамға жеткізгісі келгенде орындалады. Дауыстап оқу дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлеу мәнерін жетілдіруге, оқығанды есте сақтауға негіз бола отырып, іштей оқуға үйрететін алғашқы қадам болып табылады» [15]. Оқылымның негізі – мәтін. Оқылымды меңгеру лексикалық түрлі жаттығулар арқылы жүзеге асады. Біздің тәжірибемізде бұл мәтінге дейінгі жаттығулар, мәтінмен жұмыс, мәтіннен кейінгі жаттығулар деп бөлінеді.
Мәтінге дейінгі жаттығулардың басты мақсаты мәтіннің лексикалық қиындықтарын азайту. Оқушы мәтінмен жұмыс істеуде белгілі бір қатысымдық міндеттерді шешу үшін тілдік материалға сүйене отырып, тілдік бірліктерді жүйелі қолдана білуге үйренеді. Мәтінге дейінгі жаттығулар интерактивті әдістердің топтық, жұптық жұмыс түрі арқылы тақтамен, таратпа материалдармен, мәтіннің үзінділерімен жұмыс істеу арқылы іске асады. Оның мақсаты мәтіннің мазмұнын түсіндірудегі тілдік қиындықтарды шешу, жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын талдау, тілдік түсінікті қалыптастыру. Мәтінге дейінгі интерактивті әдістерді қолдану мәтінді тікелей оқуға дейін, оны тыңдап қабылдауын және түсінуін, ойлау дағдысын белсендіреді. Оқушылар үшін оқылатын мәтіннің мазмұнын алдын ала түсінуге мүмкіндік туады. Бұл кезеңде «Ассоциация», «Мәтіннің ықтимал атаулары», «Ықтимал сөйлемдер» сияқты интерактивті тәсілдер қолданылады.
«Ассоциация». Берілген түсінікке (мәтіннен кілт сөздер) байланысты оған сәйкес келетін 2-3 сөз тауып жазу керек. Оқушылар өздерінің сәйкес сөздерін дәптеріне жазып, әрқайсысы дауыстап оқиды. Мұғалім қайталанбаған сөздерді тақтаға жазып, топтағы оқушылар мәтін мазмұнын ашуға сәйкес келетін сөздерді таңдайды. «Мәтіннің ықтимал атаулары» -оқушылар жұпқа бөлініп, мәтіннің мазмұны не жайында екенін болжап, талқылайды. Әр жұп кезектесіп, өз сөйлемдерін дауыстап оқиды. Мәтін берілген соң, айтылған ықтимал сөйлемдер мәтіннің нақты атымен салыстырылады. «Ықтимал сөйлемдер». Мұғалім оқушыға мәтіннен бірнеше кілт сөздер беріп, 20-30 секундта бірнеше сөз тіркестері, сөйлем құрастыруды тапсырады. Әрбір оқушы өзі құрастырған сөз тіркестері мен сөйлемдерін оқиды. Мәтін оқылған соң, қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес екендігі түсіндіріледі.
Мәтінмен жұмыс кезінде интерактивті әдістерді қолдану семантикалық байланыс түрін табу (антоним, синоним т.б.), зат есім мен сын есімнің тіркесімін екі бағанадан табу, сөйлемді (фразаны) аяқтау, кілт сөздерді табу, мәтінге жоспар құру, мәтінді бірге талдау, салыстыру жасау сияқты жұмыс түрлері оқушының сөздік қорының молайып, қазақша жетік сөйлеуін қалыптастырады, мәтіннің лексика-семантикалық негізін, мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді.
Мәтіннен кейінгі жұмыс. Мәтін оқылған соң, оқушының мәтіннің мазмұнын түсінгенін бақылау мақсатында мынадай интерактивті тәсілдер орындалады: сұрақ-жауап жаттығулары, дифференциалды мазмұндау, мәтінге жағдаят құру, мәтінге ұқсас әңгіме құру, диалог құру, мәтін мазмұнын кеңейтіп және жалғастырып әңгімелеу. Оқылған мәтін жаңа мәтін құруға негіз болады. Көркем шығарма мәтіні бойынша хабарлау мәтіні, суреттеу мәтіні, талқылау мәтінін құруға болады. «Интервью» жұптағы сұқбаттасушы берілген сұрақтарға байланысты бір-бірімен ақпарат алмасады, содан кейін кезектесіп алмасқан ақпарттарын басқа қатысушыларға айтып береді. «Қисынды тізбек». Әр оқушыға сөз, сөз тіркесі жазылған қағаз таратылады. Мұғалім таратылған қағаз иелеріне қағаздағы сөздер бойынша бір-бірімен қатысым арқылы логикалық тізбек құрастыруға тапсырма береді. Тізбек құрастырылып болған соң топтағы қатысушылар әрқайсысы сөйлемдерін оқып, толық әңгіме мәтінін құрайды. Жоғарыдағы аталған әдістерден басқа рөлдік ойындар мен драмалау әдістерін қолдану да пайдалы. «Рөлдік ойындар нақты қатысым әрекеттерін дамытуға, мотивация туғызуға түрткі болуға, ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. Ойын-драмалау оқушылардың бейнелі, мәнерлеп сөйлеуін дамытуға көмектеседі» [22, 321 бет]. Оқушыларды оқылымға үйрете отырып мәтінге дейінгі, мәтінмен, мәтіннен кейінгі жұмыс түрлерін тиімді пайдалану нәтижеге қол жеткізеді. Оқушының тілдік қатысым мен ептілігін дамытып қана қоймайды, олардың қиялын, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін де ұштайды. Сөйлесім әрекетінің оқылым бөлігінде мәтінді меңгергенін тексеру мақсатында тест тапсырмалары түрлерін де беруге болады. Бұл мәтінді оқу арқылы қабылдауға, түсінуге, оқу жылдамдығын дамытуға, таныс емес сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын әртүрлі белгілеріне қарай таба білуге, контекстік, логикалық түсінуге төселдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет