Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


Шаянтәрізділердің нерв жүйесі



бет107/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   163
Шаянтәрізділердің нерв жүйесі көпқылтанды буылтық құрттардыкіне ұқсас. Ол жұп мидан, жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина - коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Төменгі сатыдағы (желбезекаяқтылар - Branchiopoda класс тармағы) түрлерінің құрсағында екі нерв бағанасы болады, олардың ганглиялары бір-бірімен көлденең комиссурамен жалғасқан сатылы нерв тізбегін құрайды, ал жоғарғы сатыдағыларда екі нерв бағаналары, сонымен қатар ганглиялары да бір-бірімен қосылып, құрсақ нерв тізбегіне айналған, тек көрші ганглилердегі (сегменттердің арасындағы) ұзына бойы коннективтердің жұптығы сақталады да, құрсақ нерв тамырының бастапқыда жұп екендігін көрсетеді. Шаянтәрізділердің әрбір тобында дене сегменттерінің бір-бірімен бірігуіне байланысты жүйке ганглияларының бірігуі және ұзынша келген бағаналардың қысқаруы да байқалады. Мысалы, өзен шаянының антеннула мен антеннаға бастама беретін миынан тыс, денесінің 18 сегментінде 12 ғана нерв түйіні бар, ол: құрсақ тізбегіне бастама беретін - жұтқыншақ асты ганглиясы (3 жұп ауыз аяқтары мен 3 жұп жақаяқтарына сәйкес келетін ганглияларының қосылуы); 5 кеуде ганглиялар (саны дәл осындай жүру аяқтарына сәйкес) және 6 құрсақ ганглилері болады. Крабтар да тек 2 нерв түйіні бар - ми мен кеудедегі жалпы түйін қосындысы (құрсақ түйіндерінің қосылуы нәтижесінде пайда болған). Сонымен қатар, нерв ганглияларының түгелімен бір-бірімен қосылуы ескекаяқты шаяндарға (Copepoda отряды) және бақалшақты шаяндарға (Ostracoda класс тармағы) тән, оларда ас қорыту жүйесін тесіп өтетін жинақты ганглиозды массасы бар.
Жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе миы үш бөлімнен құралған: алдыңғы - протоцеребрум, ортаңғы - дейтоцеребрум және артқы - тритоцеребрум. Протоцеребрум күрделі (фасеттік) және қарапайым көздерді, дейтоцеребрум антеннулаларды нервтендіреді, ал антенналарға баратын нервтер жұтқыншақ маңы коннективтерінен басталады. Шаяндарда жақсы жетілген симпатикалық жүйесі бар, ол ішектің жұмысын реттейді.
Басқа буынаяқтылардағыдай шаянтәрізділердің нерв жүйесінде нейросекрет - гормондарды бөліп шығаратын нейросекреторлы клеткалар орналасқан. Олар организмнің ішкі ортасына, гемолимфаға арнайы сөлдерді шығарып, жеке мүшелердің зат алмасу, түлеу, тағы басқа процестерді реттеп тұрады. Шаяңдардың нейросекреторлы клеткалары протоцеребрум, дейтоцеребрум және құрсақ нерв тізбегінің әр түрлі бөлімдерінде орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет