Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


БАҚАЛШАҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OSTRACODA



бет116/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

БАҚАЛШАҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OSTRACODA
Бұлар тұщы суларда және теңіздерде, планктон қабатында жүзіп, су түбінде жорғалап, не шөгіндіде көміліп тіршілік ететін өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін шаянтәрізділер. Ұзындығы 0,2-23 мм-ге дейін теңіз формаларында, ал тұщы судағылардікі - 0,3-7,3 мм. Негізгі ерекшеліктері: карапаксы денесін толық жауып тұратын қосжақтаулы бақалшақ түрінде дамыған (класс тармақтың аты да осыдан), дене сегменттерінің саны азайып, сегменттелу іздері жоғалған. Басында науплиальды көзі (күрделі көздері жоқ), сонымен қатар антеннулалары, антенналары, мандибулалары және максилла I, максилла ІІ-шісі орналасады. Екі жұп кеуде аяқтары және бір жұп "тазартқышы" (түрі өзгерген аяғы) болады. Антенналарымен жүзеді, кейде оған антеннулалары да қатысады. Кеуде аяқтары арқылы жорғалап жылжиды. Аяғында желбезек өсінділері дамымаған, бүкіл денесімен тыныс алады. Жүрегі де жоқ. Жұмыртқадан қосжақтаулы бақалшағы бар науплиус личинкасы дамиды. Науплиустың және ересек түрлерінің бақалшағының ішкі қабаты хитиннен, сыртқысы - ізбестен тұрады. Екі жақтауы арқа жағында иілімді буда немесе тісшелерінің көмегімен бір-біріне ұласады. Дененің ортаңғы жағында екі жақтауын мықтап ұстайтын күшті тұйықтағыш бұлшықеті бар.
Ostracoda - класс тармағында дәл осы атты бір ғана отряд бар. Түрлері 2000-ға жуық. Теңіздерде, тұщы суларда кең тараған, ал оңтүстік африкалық Mesocypris terrestris ылғалды тропикалық ормандарында топырақ бетіне түскен жапырақ астында тіршілік етеді. Негізгі өкілдері: Cypris pubera және Heterocypris reptans, шалшық суларда, қоймаларда жиі кездеседі. Ұсақ өсімдік және жануарлармен қоректенеді. Өздері де балықтар үшін қорек бола алады.
Бақалшақты шаяндар кембрий қазбаларынан табылған. Бұлардың белгілі бір түрлері бойынша геологтар мұнай қабаттарын анықтайды.


22 лекция


Моллюскалар типі-Mollusca
1.Моллюскалар типіне жалпы сипаттама
2.Бауыраяқтылар класы
3.Тақтажелбезектілер класы
Моллюскалар (латынша mollus--жұмсақ, былқылдақ) немесе жұмсақ денелілер, олигомерлы көпқылтанды буылтық құрттардан (Polychaeta) тараған, өз алдына жеке оқшауланған тип. 130 000-нан аса түрі бар. Мұхиттарда, теңіздерде, тұщы су қоймаларында және құрлықта тіршілік етеді.
Моллюскалар мынандай белгілермен ерекшеленеді: денесі сигменттерге бөлінбеген, тек кейбір төменгі сатыдағы өкілдерінде метамерияның белгілері байқалады; целом қуысы личинка сатысында жақсы дамып ересек түрлерінде ол жүрек айналасындағы қапшық (перикардия), гонада қуысы (жыныс клеткалары орналасатын қапшық) және саңылаулар немесе синус, лакуналар түрінде қалған; ішкі мүшелерінің арасындағы бос қуыстар дәнекер тканімен (ұлпалармен) толған; екі жақты симметриялы жануарлар, бірақ бауыр аяқты моллюскалар (Gastropoda) өкілдерінің бақалшағы оралуына (бұралуына), соған сәкес дене мүшелерінің де орлуына байланысты, олардың денесі бас, тұлға, аяқ немесе тек тұлға және аяқ (қосжақтаулылар класы) бөлімдерінен тұрады. Көбінесе тұлға бөлімі қапшық тәрізді болып, арқасына қарай өседі, оны ішкі немесе висцеральді қапшық деп те атайды. Аяқ—бұлшықетті, бауыр жағына қарай жалпиып орналасқан, тұлға бөлімінің өсіндісі. Бұлшықеттерінің жиырылып созылып тұруы салдарынан моллюскалар субстрат бойымен баяу жылжиды.
Моллюскалардың денесі кутикула қабатымен қапталынған, ал оның сыртын тек моллюскаларға тән, бірқабатты эпителиден құралған, мантия (византиялық тілде mantion--жабын, шапшанша) деп аталатын үлкен тері қатпаршағы жауып тұрады. Мантия мен дененің аралығында мантия қуысы пайда болып, онда желбезектері, кейбір сезім мүшелері (осфрадиялар) орналасады және бүйрекпен жыныс бездерінің, артқы ішектің тесіктері ашылады. Осы құрылымдар, (жүрек пен бүйректердi қоса) мантия жинағы немесе мантия кoмплексі деп аталады.
Моллюскалардың тағы бір ерекшелгі—бақалшақтың болуы. Ол мантия жабынында орналасқан көптеген түрлі бездердің шығарған секреттерінен түзіледі. Дененің сыртқы жағында орналасып, қорғаныш қызметін атқарады. Бақалшақ үш қабаттан құралады: органикалық заттардан тұратын сыртқы қабат немесе конхиолин қабаты; ізбесті—ортаңғы қалың қабат және жұқа, жылтыр түсті—ішкі інжу немесе перламутр қабаты. Мантия жабыны бақалшақты астарлап жатады.
Басқа омыртқасыздардан ерекшеліктері—ас қорту жүйесіндегі, жұтқыншақ бөлімінде, қоректі ұсақтайтын ерекше аппарат—радула деп аталатын үккіштің болуы тән.
Қан айналу жүйесі жүрекшелер мен қарыншадан тұратын жүрегінің болуымен ерекшеленеді, қан айналу жүйесі ашық, яғни қан өз жолында лакуна мен синус түтіктерінің жүйесінен өтеді. Тыныс алу жүйесі--әдетте алғашқы желбезектер—ктенидиялар түрінде болады, бірақ кейбір түрлерінде олар жойылып, тыныс алу қызметін мантияның жұқа қабаты--өкпе атқарады. Зәр шығару жүйесінің қызметін жүрек маңы қапшығымен (перикардиямен) байланысқан түрі өзгерген целомодукталар немесе бүйректер атқарады.
Нерв жүйесі шашыранды-түйінді. Төменгі сатыдағы моллюскалардың нерв жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақина—коннективадан және төрт ұзына бойлық бағаналардан тұрады, ал жоғарғы сатыдағы моллюскалардың нерв клеткалары шoғырланып дененің әрбір бөлімінде жұп жүйке түйіндерін (ганглияларды) құрайды, олар: жұп бас ганглиясы—церебральді, аяқ—педальді, тұлға—висцеральді, өкпе—плевральді, аралық—париетальді.
Ганглиялардың өзара жалғасуынан жүйке бағаналары түзіледі де бүкіл мүшелерге тарамдалады. Бағаналардың атауы түйіндердің (ганглиялардың) жалғасуына байланысты, мысалы, плевро—висцеральді бағана, церебропедальді т.б.
Моллюскалрдың көпшілігі дара жыныстылар, гермафродиттер де кездеседі. Жыныс деморфизмі байқалмайды. Дамуы көпқылтанды буылтық құрттарға (Polychaeta) ұқсас, яғни жұмыртқаның бөлшектенуі спиральді, детерминативті жолымен жүреді. Төмендегі сатыдағы өкілдерінің жұмыртқасынан трохофора личинкасы, ал көпшілігінде түрі өзгерген трохофоралық личинка-велигер (латынша velum желкен) шығады.
Моллюскалар типі екі тип тармағына бөлінеді:бүйіржүйкелілер—Amphineura және бақалшақтылар—Conchifera.
БҮЙІРЖҮЙКЕЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ--AMPHINEURA
САУЫТТЫЛАР немесе ХИТОНДАР КЛАСЫ--LORICATA, немесе POLYPLACOPHORA
САУЫТСЫЗДАР немесе ЖЫЛҒАҚҰРСАҚТЛАР КЛАСЫ APLACOPHORA немесе SOLENOGASTRES
БАҚАЛШАҚТЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ—CONCHIFERA
МОНОПЛАКОФОРАЛАР КЛАСЫ--MONOPLACOPHORA
БАУЫРАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ--GASTROPODA
АЛДЫҢҒЫЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ--PROSOBRANCHIA
Екіжүрекшелілер немесе ежелгі бауыраяқтылар отряды--Diotocardia немесе Archaeogastropoda
Біржүрекшелілер отряды—Monotocaria
АРТҚЫЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ--OPISTHOBRANCHIA
Жабықжелбезектілер отряды--Tectibranchia
Жалаңашжелбезектілер отряды--Nudibranchia
ӨКПЕЛІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ--PULMONATA
Орнықтыкөзділер отряды--Basommatophora
Сабақшакөзділер отряды—Stylommatophora
ТАҚТАЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР немесе ҚОСЖАҚТАУЛЫЛАР КЛАСЫ--LAMELLIRANCHIA немесе BIVALVIA
Алғашқыжелбезектілер отряды--Protobranchia
Жіпжелбезектілер отряды--Filibranchia
Нағыз тақтажелбезектілер отряды--Eulamellibranchia
Қалқажелбезектілер отряды--Septibranchia
КҮРЕКАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ--SCAPHOPODA
БАСАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ--CEPHALOPODA
ТӨРТЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ--TETRABRANCHIA
Наутилоидтер отряд үсті--Nautiloidea
Аммониттер отряд үсті--Ammonoidea
ҚОСЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ--DIBRANCHIA
Онаяқтылар отряды--Decapoda
Сегізаяқтылар отряды--Octopoda


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет