Өзіндік сұрақтар: 1.Насекомдардың ауыз аппараттарының типтері: кеміргіш, сорғыш, т.б. (ірі қандала, бал арасы, жабайы ара, көбелек, қоңыз, таракан).
2.Насекомдардың дене пішіні мен мөлшері, аяқтары, тыныс алу, асқорыту және т.б. жүйелеріндегі ерекшеліктер.
3.Насекомдардың көбею типтері: сыртқы және ішкі ұрықтану.
4.Шала және толық түрленіп даму.
5.Насекомдардың гормондары.
6.Шала түрленіп дамитын насекомдар тобы.
7.Толық түрленіп дамитын насекомдар тобы.
27 лекция
Қармалауыштылар типі-Tentaculata 1.Мшанкалар класы- Bryozoa
2.Иінаяқтылар класы-Brachiopoda
3. Классификациясы
ЕКІ ЖАҚТЫ СИММЕТРИЯЛЫ НЕМЕСЕ БИЛАТЕРАЛЬДЫ СИММЕТРИЯЛЫ BILATERATA Үш қабатты - TRIPLOBLASTICA Екінші реттік ауыздылар - DEUTEROSTOMIA және осыларға жақын жататын жануарлар тобы Жоғарыда сипатталған типтер жалпақ құрттар - Plathelminthes, немертиндер - Nemertini, жұмыр құрттар -Nemathelminthes , скребнилер -Acanthocephala , буылтық құрттар -Annelida , буынаяқтылар - Arthropoda , онихофора -Onychophora, моллюскалар -Mollusca, алғашқы реттік ақуыздар немесе протостомиялар -Protostmia тобына жатады.Бұлардың отногенезінің ерекше белгілері зигота спиральді детерминативті жолымен бөлшектенеді, сондықтан протостомияларды спиралобластика деп те атайды. Гаструланың бластопор (гастропор) тесігі бірден ауызға айналып , аналь тесігі кейін ұрықтың артқы ұшында пайда болады. клеткалардың бөлінуі шектелеген яғни ұрық жапырақшалары 128 бластомерлер сатысында пайда бола бастайды; дене сегменттерінің жұп целомдарын құрайтын мезодермальді жолақтардың және мүшелердің телобласты жолымен құрылуы (эктодерма мен энтодерма қабаттарының аралығындағы бластопора жанында телобласт деп аталатын екі ірі клетка жекеленіп, солардың бөлінуі нәтижесінде мезодерма қабаты және мүшелер дамиды) алдыңғы және артқы ішектің дамуында эктодерма қабатының қатысуы. дамудың алғашқы сатыларының регенерацияға қабілетсіздігі. Ересек пртостомиялардың ерекше белгілері ; қорғаныш қызметін атқаратын қаңқаның сырттай орналасуы (кутикула, хитин, бақалшақ); орталық нерв жүйесі - ганглиозды; паренхиманың басы болуы; целом мен қана айналу жүйесінің нашар дамуы; бұлшықеттердің жиырылуының басты көзі - аргининфосфор қышқылы болып табылады; наркозға айрықша төзімділігмен және қанның төрт тыныс алу пигментімен ( гемоглобин, гемэритрин, гемоцианин, хлорокуорин) ерекшеленеді. Олардың арасыда паразитизм кең тараған (кластардың үштен екісін көптеген паразиттік өкілдері құрайды, ал кейбір кластары түгелімен паразиттер ).
Екінші реттік ауыздылардың немесе дейтеростомиялардың ( Deuterostomia) онтогенезі келесі белгілерімен ерекшеленеді; зигота радиальді жолымен бөлшектенеді, сондықтан дейтеростомияларды радиалобластика деп те атайды; гаструланың бластопор (гастропор) тесігі бірден аналь тесігіне айналып, ауыз тесігі кейін пайда болады (оның пайда болуына бластопордың ешқандай қатысы жоқ); клеткалардың бөліну кезеңі ұзаққа созылады, яғни ұрық жапырақшалары 1000 және одан да көп бластомерлер сатысында құрыла бастайды; мезодерма қабаты және целом қуысы энтероцельді жолымен салынады (мезодерманың бастамасы энтодерма қабатынан оқшауланы шығады); үш жұп целомның уақытша немесе тұрақты жағдайда болуы; алдыңғы және артқы ішектің дамуында эктодерма қабатының сирек қатысуы немесе мүлдем қатыспауы; ұрық жапырақшалары мен мүшелерінің бастамалары эпителиальді клеткалардан құрылуы; нерв тақтасы майысып, эктодермадан бөлініп , ішке қарай батып, нерв түтікшесіне айналады .
Ересек дейтеростомиялардың ерекше белгілері; қорғаныш қызмет атқаратын қаңқаның іштей орналасуы; орталқ нерв жүйесі түтік түрінде құрылуы; паренхиманың нашар дамуы; целом мен қан айналу жүйесінің күшті дамуы; бұлшықеттердің жиырылуының басты көзі - креатинфосфорқышқылы; наркозға өте сезгіштігі; қанның негізгі тыныс алу пигменті - гемоглобин. Дейтеростомиялар арасында паразиттік тіршілік ететін түрлері жоқ есебінде. Екінші реттік ауыздыларға; тікентерілілер - Echinodermata, жартылай хордалылар - Hemichordata, хордалылар - Chordata типтер жатады. Ал, қармалауыштылар - Tentaculata, погонофоралар - Pogonophora, қылтанжақтылар - Chaetognataha бірінші реттік және екінші реттік ауыздылардан эвалюция барысында өзгеше тәуелсіз дамыған типтер деп жорамалдайды. Оларды екінші реттік ауыздыларға біріктіретін негізгі белгілері; эмбриональді дамуы кезінде зигота радиальді жолымен бөлшектенеді; гаструланың бластопор тесігі бірден аналь тесігіне айналып, ауыз тесігі кейін пайда болады; мезодерма қабаты және целом қуысы энтероцельді жолымен салынады. Қармалауыштылар (Tentaculata) типінің өкілдерінде алғашөы реттік ауыздыларға тән көптеген ұқсстық белгілері бар, сондықтан зерттеушілердің көпшілігі қармалаушылар типін жоғарыда көрсетілген екі топты байланыстыратын буыны болу керек деп жорамалдайды.