Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


ҚАРМАЛАУШЫЛАР ТИПІ - TENTAULATA



бет154/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

ҚАРМАЛАУШЫЛАР ТИПІ - TENTAULATA
Жоғарыда көрсетілгендей қармалаушылар типіне протостомиялар мен дейтеростомиялардың белгілері тән, сондықтан бұларды ғалымдардың бірі алғашқы реттік ауыздарға немесе протостомияларға жатқызса, екіншілері - екінші реттік ауыздыларға немесе дейтеростомияларға жатқызады, ал басқалары екі топты байланыстыратын буыны деп еептеледі. Қазіргі кездегі көптеген мәліметтерге қарағанда қармалаушылар типі - целом қуысты жануарлар тобының өз алдында тәуелсіз дамығын бір бұтағы болып табылады. Олар теңіздерде және тұщы суларда бекініп тіршілік ететін, екі жақты симметриялы, целом қуысыты, олигомерлі (аз сегментті) жануарлар. Денесі үш бөлімнен тұрады; - ауыз тесігін жауып тұратын эпистом немесе ауыз алды қалақша бөлімі , екінші - ауыз тесігі орналасқан, кішкентай стома бөлімі. Ауыз тесігін бір немесе екі қатар кірпікшелі қармалауыштары қоршап тұрады . Олар лофофора деп аталатын таға не сақина тәрізді қармалауыш тұғырға бекініп, қорек затын ұстап ауызға қарай жылжыту және тыныс алу қызметін атқарады . Үшінші - тұлға немесе дене бөлімі. Денесінің үш бөліміне сәйкес целом қуысы да үшке бөлінеді; алдыңғы - эпистомальді; ортаңғы - кішкентай стома лофофораға және қармалауыштарға өзектерін жіберетін); артқы - кең тұлға целом қуысы.
Ішегі ілмек тәрізді дамығын, сондықтан аналь тесігі мен ауыз тесігі қатар жатады. Зәр шығару мүшесі нефридиялы, кейде редукцияға ұшыраған. Жыныс бездері кең целом қуысында орналасқан. Жұмыртқадан шыққан, планктонды өмір сүретін личинкасы трохофораға ұқсас.
Қармалауыштылар типі үш класқа бөлінеді: мшанкалар - Bryozoa, иінаяқтылар - Brachiopoda, форонидалар - Phoronidea.
МШАНКАЛАР КЛАСЫ - BRYOZOA
Мшанкалар теңіздерде, тұщы суларда колония түзіп тіршілік, екі жақты симметриялы, целом қуысты жануарлар. Колониялары бір жағынан жұмсақ немесе мүйізделген бұта, жапырақ тәрізді болып келсе, кейде күрделі пішінді қатты қаңқалы болы су асты заттарына бекініп немесе оларды жұқа қабыршақтарымен қаптап жатады. Сонымен қатар, олардың арасында қозғалып тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Мысалы, тұщы суда өмір сүретін Cristatella mucedo су асты өсімдіктердің бойымен жорғалап жылжиды.
Мшанкалардың колониялары сыртқы пішіні жағынан губкаларға, гидройді полиптерге ұқсас болып келеді, сондықтан көп жылдар бойы бұларды ішекқуыстыларға, жұмсақ қаңқасы барларды гидройдтарға, ал қатты қаңқасы барларды маржан полиптерге жатқызып келген. Қазіргі кездегі зерттеулердің нәтижесінде олар жоғарғы деңгейдегі жануарлар қатарына қойылған.
Мшанкалар силур дәуірінен белгілі, қазба түрлерінің саны 15000-дай болса, қазіргі саны 4000-нан аспайды.
Құрылыс ерекшеліктеріне және өмір сүрулеріне байланысты мшанкалар класы екі клас тармағына бөлінеді; тұщы суларда тіршілік ететін жабықауыздылар - Phylactolaemata және теңізде кездесетін жалаңашауыздылар - Gymnolaemata.
Құрылысы мен физиологиясы. Мшанкалар колониясының жеке особьтері- зоойд деп аталады. Олардың ұзыныдығы 1 мм-дей және денесі екі бөлімге бөлінген; жоғарғы - полипид, төменгі - цистид. Нәзік құрылысты полпидте ауыз төңірегінде қорек заттарды жинау және тыныс алу қызметін атқаратын қармалауыштары шоғырланған. Қолайсыз жағдайда полипид қармалауыштарымен бірге түгелдей төменгі цестид бөліміне жиырылып батып кетеді. Полипидтің жиырылуын екі ретрактор бұлшықеттері жүзеге асырады. Бұлшықеттер алдыңғы ұшымен полпидтің қабырғасына, артқысымен цистидтің түбіне бекінеді.
Қапшық немесе тостағанша тәрізді, көлемді цистид бөлімі сыртқы эпителий клеткаларынан түзілген жұқа хитинді кутикуламен немесе көмір қышқыл ізбесті қосылған қатты кутикуламен қапталған. Кейбір түрлеріне кутикуласы мөлдір, құрамында 90% суы бар қоймалжың болып келеді.
Тұщы су мшанкалардың зоойдтарының сыртқы дене қабырғасы жұқа хитинді кутикуласы бар эпидермистен, сақина тәрізді және ұзына бойы бұлшықеттерден және перитонеальді эпителиден түзілген. Ауыз тесігін ауып тұратын эистом бөлімі жақсы дамыған, қармалауыштары екі қатар , таға тәрізді лофофорада орналасқан.
Теңіз мшанкалардың зоойдтарының сыртқы дене қабырғасы қалың кутикуламен қапталған, бұлшықеттері және ауыз қуысын жауып тұратын эпистом бөлімі жойылған. Қармалауыштары ауыз тесігінің айналасында күлте ретінде орналасқан.
Денесінің үш бліміне сәйкес целом құысы да үшке бөлінген, бірінші - эпистомальді, ортаңғы - ауызды айнала қоршаған сақиналы целом, үшінші - бүкіл денені алып жататын тұлға целомы. Теңіз мшанкалардың эпистом бөлімінің жойылуына сәйкес эпистомальді целомы жоқ. Тұщы су мшанкаларында әрбір зоойдтың целом қуысы бір-бірімен жалғасып, жалпы қуыс жасайды, ал кейбір теңіз мшанкаларының зоойдтарының целом қуыстары саңылаулар арқала өзара байланысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет