Ұлы қазақ билері. Қазақ халқы бірлігінің, әділдік пен даналықтың, биік абырой мен адамгершіліктің қайталанбас нышаны ретінде ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Үш ұлы би – Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке билердің ерлікке толы өмірі мен қызметі болып табылады. Олардың өмірі, қызметі өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлгі. Би қарапайым тілмен айтқанда сот деп аударылады. Алайда ХVІІІ ғ. қазақтарда би – бұл шексіз өкілеттілігі бар адам, бұл тәлімгер, әдет пен халықаралық құқықтың асқан білігі, хан кеңесшісі. Олар үшін ең маңыздысы хан, сұлтандардың құқық нормаларын білу болды. Өз тұжырымдарын би фольклормен бекіту керек болды, ал екі жақ келіспеген жағдайда – өткір де мәнді сөздерімен, шешендігімен және қисынды ойларымен өз шешімдерінің дұрыстығына сендіре алатын нағыз бітімгер болуы қажет болды.
Төле би – өз тәуелсіздігі үшін күресу жолында тайпаларға, руларға, жүздерге бөлінген халықты біріктіруді алғаш рет тереңнен ойлаған Тәуке ханның аңызға айналған кеңесшісі. Ол қазақ мемлекеттілігінің бірінші идеологы, асқан шешен, ағартушы, философ, саяси қайраткер, өлең түріндегі көптеген аңыз әңгімелердің авторы және «Жеті Жарғы» алғашқы заңдар жинағы авторларының бірі.
Төле би есімі кеңес дәуіріндегі ресми тарих ғылымында айтылмай келді, алайда халық арасында қарапайым адамдардың әділ және дана қорғаушысы ретінде ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетті.
Төле би Әлібекұлы (1663-1756) қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданы Жайсан жайлауында дүниеге келген. Төле би арабша және парсыша оқыды. 15 жасынан бастап ол күрделі мәселелерді шешуге қатысып, әділдігімен, шешендік өнерімен, қисынды да, тапқыр сөз орамдарымен көзге түсті. Ол өз тәуелсіздігін сақтап қалу жолында жоңғарларға қарсы жеңіс жорықтарын ұйымдастырған Абылай хан бастаған атақты батырларға ұстаз, тәрбиеші болды. Төле би Ұлы жүздің атынан әдет құқығы заңдарының жинағы – «Жеті Жарғыны» жасауға қатысты және осы «Дала конституциясын» құрастыруда үлкен рөл атқарды.
Төле би халықты шыдамдылық пен табандылыққа шақырды. Ол жас кезінде алғаш елшілік міндетті атқаруға қатысқанда жоңғар билеушісіне қарата айтқан сөзін ел аңыз қып айтады: «Сен – қалмақ, ал біз – қазақ. Сен – темір, ал біз темірді балқытатын көмірміз» деген екен. Төле би Тәуке хан билігі кезінде әділдіктің жаршысы болған Әйтеке, Қазыбекпен бірге болғандығын мақтан тұтады және олардың есімдері болашақ ұрпақтарға үлкен өнеге болып қалады.
Қазыбек би (1665-1765) Сырдария жағасында туған. Жастық шағын
Қаратау мен Ұлытау өңірлерінде өткізген. Қазақ жылнамасы бойынша ол Орта жүздің арғын (қаракесек) руынан шыққан. Жоңғарлармен күрестің бірден бір ұйымдастырушысы. Қазыбек би Абылай ханды тұтқыннан құтқаруға көмектескен. 60-жылдары циндер оны өз жағына қаратып алмақшы болған. Бірақ ол Қытай бодандығынан бас тартып, сонымен қатар Абылай ханға да осы тұрғыда жөн сілтеген. Қазыбек би мүрдесі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген. Қазыбек бидің қазақ халқы тағдырындағы рөлі туралы былай айтуға болады: ол біртұтас орталықтандырылған қазақ мемлекетінің құрылуы мен бекуіне ықпал еткендердің бірі, оның егемендігі мен жер аумағының тұтастығын қорғаушы. Ол өмір бойы рулар мен хандардың арасындағы билік үшін күрестегі келіспеушілікті тоқтатуға ұмтылып, халықты бірлікке, ынтымақтастыққа, сондай-ақ көрші халықтармен өркениетті қатынастарды, әлі қатаймаған
Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтаудың лайықты жолын табуға шақырды.
Қазақ даласындағы алғашқы жыраулар кімдер болды?
Абылай ханның кеңесшісі болған жырау кім еді?
Қазақтың дана билері кімдер болды?
Дала көшпенділерінде ақын, жырау не үшін пір саналды?