Қазыбек би (1665-1765) Сырдария жағасында туған. Жастық шағын Қаратау мен Ұлытау өңірлерінде өткізген. Қазақ жылнамасы бойынша ол Орта жүздің арғын (қаракесек) руынан шыққан. Жоңғарлармен күрестің бірден бір ұйымдастырушысы. Қазыбек би Абылай ханды тұтқыннан құтқаруға көмектескен. 60-жылдары циндер оны өз жағына қаратып алмақшы болған. Бірақ ол Қытай бодандығынан бас тартып, сонымен қатар Абылай ханға да осы тұрғыда жөн сілтеген. Қазыбек би мүрдесі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген. Қазыбек бидің қазақ халқытағдырындағы рөлі туралы былай айтуға болады: ол біртұтас орталықтандырылған қазақ мемлекетінің құрылуы мен бекуіне ықпал еткендердің бірі, оның егемендігі мен жер аумағының тұтастығын қорғаушы. Ол өмір бойы рулар мен хандардың арасындағы билік үшін күрестегі келіспеушілікті тоқтатуға ұмтылып, халықты бірлікке, ынтымақтастыққа, сондай-ақ көрші халықтармен өркениетті қатынастарды, әлі қатаймаған Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтаудың лайықты жолын табуға шақырды.