Кіріспе мәселенің өзектілігі



бет4/13
Дата28.11.2023
өлшемі314,5 Kb.
#130843
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
СТЖД балалардың сөздік қорын молайту

Сонымен, сөйлеу тілінің дамымауына көптеген факторлар себеп болатыны белгілі болды. Яғни, сөйлеу тілін, соның ішінде сөздік қорын молайту үшін жан-жақты жағдайды қарастырған жөн.


1.2 Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

Мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда басты назарды сөйлеу тілінің дұрыс дамуына аудару маңызды болып табылады. Өйткені баланың жеке дамуына сөйлеу тілінің тигізетін әсері мол. Сөйлеу тілі үш негізгі қызметті атқарады: коммуникативті, танымдық және реттеушілік.


Л.С.Выготскидің айтуынша, сөйлеу тілі ең алғаш адамдар арасындағы қарым – қатынас құралы, ол кейін ойлау құралы мен іс әрекетін реттеушісі.
Сөйлеу тілінің дамымауы баланың жалпы психикалық дамымауына, қоршаған ортамен қарым – қатынас жасауына, танымдық үрдістерінің қалыптасуына, білім алуына, жалпы толық қанды тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы деп – есту қабілеті мен ой-өрісі қалыпты дамыған балалардың дыбыстық және мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жүйесінің қалыптаспауының бұзылуынан болатын тіл кемістігі.
Дефектология ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері (Н.А.Никашина, Р.А.Каше, Л.Ф.Спирова, Г.И.Жаренкова және т. б.) Р.Е.Левинаның басқаруымен өткен ғасырдың 50 – 60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіл кемістіктерін жан–жақты зерттеулерінің нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Р.Е.Левина жалпы сөйлеу тілінің дамымауын үш деңгейге бөледі:








Қ азіргі кезде ресейлік және отандық логопедтер жалпы сөйлеу тілі дамымауының төртінші деңгейін де белгілеп отыр:




Сөйтіп жалпы сөйлеу тілінің бірінші деңгейін былай сипаттауға болады:


1. Сөздік қоры жоқтың қасы. Былдырлап түсініксіз айтылған сөздерден, басқа дыбысқа еліктеген дыбыстардан (Р – р – р, ш – ш – ш) күнделікті қолданатын кейбір оңай сөздерден тұрады (ту – су).
2. Баланың енжар сөз қоры пайдаланатын сөз қорынан едәуір молырақ болады, бірақ сөз түсінігі тым аз.
3. Байланыстырып сөйлеу қабілеттері мүлдем дамымаған.
4. Сөздің, дыбыстың буынның құрамын сақтап қайталау қабілеті дамымаған.
Кейбір грамматикалық тұлғаларды ажыратылуы бір мезгілде байқалады. Бірақ бұл тек екпінді жалғауына түскен сөздерге және тек кейбір грамматикалық категорияларға қатысты болады. Бұл үрдіс әлі де болса едәуір тұрақсыз екендігін сипаттайды және бұндай баланың сөйлеу тілінің дамуы қатты тежелгендігі анық байқалады.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың сөздік қоры кедей, ол өзі білетін заттардың аттарын атаумен және қимыл–іс әрекеттерін айтып берумен ғана шектеледі [18].
Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанымен грамматикалық құрылысы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының жетілуі қанағаттанарлық емес екендігі сөйлеу материалы күрделенген кезде немесе баланың өзі бұрын сирек естіп, аз қолданған сөздер мен сөз тіркестерін айту қажет болып қалған жағдайда оңай білінеді. Мұндай балалар септік жалғаулар мен көпшіл түрін білдіретін жалғаулардың мағынасын жете түсінбейді. Жұрнақ, жалғауларды пайдаланып сөз өзгерту кездейсоқ жағдай, сондықтан да пайдаланған әр түрлі қателерді көп жібереді. Сөзді тармағында жиі қолданады, ауызша талдап қорыту дәрежесі өте қиын. Тұлғалары, қолданылуы немесе тағы басқа белгілері ұқсас бірнеше заттарды бір сөзбен айту мүмкін. Мысалы: шыбынды, қоңызды, масаны, араны, көбелекті – бір жағдайда осылардың барлығын тек біреуінің ғана атымен атайды, ал екінші бір жағдайда тағы басқа біреуінің ғана атымен атайды. Балалар заттың атын білдіргенмен, оны құрайтын бөлшектерін атауға келгенде қиналады (ағаштың бұтағы, жапырағы, түбірі, тамыры) ыдыс – аяқтардың, жануарлардың төлдерінің аттарын білмейді. Міне осының бәрі бұндай балалардың сөздік қорының тым кедей екендігін көрсетеді.
Заттың атын, түсін, тұлғасын, белгісін білдіретін сөзді орнымен дұрыс қолдануды әр уақытта толық біле бермейтіндігі байқалады. Қолданудағы қимыл іс - әрекетті әртүрлі, тұлға ұқсастығы жақын атау сөздерді шатастырып орын ауыстыруы жиі көрініп қалады (кесу – керту, қашау – қажау), грамматикалық тұлғаларды қолдануда өрескел қателерді жібергендігі арнайы тексеру кезінде белгілі болады [19].
1. Септік жалғауларын алмастыру (дүкеннен бардым – дүкенге бардым)
2. Сөздің жекеше, көпше тұлғаларын және етістіктің түрлерін қолданудағы қателер.
3. Зат есімнің жекеше, көпше түрлерінің өзгеруі кезіндегі (қиярдар – қиярлар)
Буындар мен дыбыстардың орын ауыстыруы, ұқсас буындардың алмастырылуы, қатарласып келген дауыссыз дыбыстардың орналасу заңдылықтары бұзылады. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауының екінші деңгейіндегі балалар:
1. Балалардың белсенді сөз қоры зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерімен толықтырылады.
2. Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен жұрнақтарды пайдалана бастағаны байқалады.
3. Балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.
4. Сөзді түсіну жетіледі, белсенді және енжар сөздіктері толығады.
5. Әлі де көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды.
6. Дыбыстық талдау, жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады.
Тап осы фонематикалық топтағы екі немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбыс немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбысы бір мезгілде алмастырған кезде дифференцияланбаған дыбыстардың айтылуы өзгеше болады (негізінде ысқырып және ызыңдап шығатын, аффрикат, мұрын дыбыстары) Мысалы: сәй – шәй, сәне – шана, қал – қар, ер – ел.
Сонымен бірге балалар барлық сөз таптарын пайдалануды, грамматикалық құрылымының қарапайым түрлерін қолдануды үйренеді, салалас құрмалас пен бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді құрастыруға тырысады. Мысалы: Айдал мектептен келді де шабағын оқуға отылды.
Баланың тілі жетіліп жаңа дыбыстармен толықтырылған әртүрлі буындары бар сөздердің айтылғанда сөздегі дыбыстардың дұрыс, дұрыс емесін және олардың бұзылу ерекшелігін айқындауға болады, сөз тіркесін байланыстырып сөйлеу мүмкіншілігі артады. Бала өмірден алған тәжірибесінің нәтижесінде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы таныс болып қалған заттың атын, түсін, тұлғасын, сапасын, белгісін және хал – жағдайын сөйлеп беруге енді бұрынғыдай қиналмайды. Олар өздерінің үй іші туралы, өзі және достары туралы, айналасында болып жатқан тіршілік туралы емін – еркін әңгімелеп бере алмайды, қысқа әңгімеге құрастырады [20].
Алайда сөйлеу тілінің қалпын жан – жақты мұқият тексерген кезде тілге қатысты жүйенің (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) бір бөлігінің толық дамымауын айқындайтын көріністі көруге мүмкіндік туады.
Бала ауызша сөйлескенде өзінің тілі келмейтін қиын сөзді, нақты сөз тіркесін айтпауға тырысады. Егер осындай балалардың алдарына шарт қойса, онда сөздің және грамматикалық категориялардың қандайын болса да міндетті түрде пайдаланады да, сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер айтарлықтай анық көрінеді.
Бала сөзді емін – еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамыған қатарластарына қарағанда өздігінше сөйлем құрастыру кезінде үлкен қиындық көреді.
Әдеттегідей қиыстыру мен меңгеру қателерінен шығатын аграмматизмдерді дұрыс құрастырылған сөйлемнен де кездестіруге болады. Бұл қателер тұрақты сипат бермейді: грамматикалық тұлғалардың немесе категориялардың әр түрлі жағдайлары дұрыс та, бұрыс та қолдануы мүмкін.
Құрмалас сөйлемді жалғаулығымен және жалғаулықты сөзімен құрастырған кезде қателер жіберілетіні байқалады. Бала сурет бойынша сөйлем құрастыру кезінде қатынасушы кісіні және қимыл іс - әрекеттің өзін жиі көрсетіп дұрыс атап отырса да, сөйлем құрамына қатынасушы кісінің пайдаланған заттың атын кіргізбейді [20].
Балалар барлық сөз таптарын пайдаланады, грамматикалық құрылымының қарапайым түрлерін қодануды үйренеді, салалас - құрмалас пен бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді құрастыруға тырысады.
Сөздік қорының едәуір өскеніне қарамастан, лексикалық мағынасын толық білмейді (шынтақ, білек, өзен, көл, бұлақ) бірнеше сөздерді дәл түсінбейді және дәл қолданбайды (кесу, қию, пішу)
Лексикалық қателердің ішіндегі келесілерді жатқызуға болады.
1. Заттың атын сол заттың бөлшегінің атымен алмастыруы (машина – «дөңгелек», ат – «тұяқ»)
2. Мамандықтың атын сол мамандықтың іс - әрекетін айтады. (дәрігер – укол салады, жүргізуші – машина айдайтын аға)
3. Тексттен заттардың меншікті аттарын атамай олардың сыртқы түрлерінің ұқсатығына және тұрмыстағы қолдануларына қарап жалпы атауларымен атайды (қой – мал, қаз – құс, алма – жеміс)
4. Көлемін білдіретін белгілерінің орнын алмастыру (биік, ұзын, үлкен, дәу, қысқа, жуан)
Орыс тіліндегі зерттеулердің нәтижесіне қарағанда сөйлеу тіліндегі грамматикалық қателердің ішіндегі көп кездесетіндері:

  • Сын есімнен зат есім сөздердің жекеше, көпше түрлерінде және септіктерде дұрыс қиылыспайды.

  • Сан есім зат есіммен дұрыс қалыптаспайды.

  • Жалғауларды қолданғанда кететін қателер: түсіп қалуы, алмастырады, толық айтпайды.

  • Сөздің көпше түрінде септік тұлғаларды қолданғанда кететін қателер.

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауының үшінші деңгейіндегі балаларда сөйлеу тілінің фонематикалық жағы жасының мөлшерімен салыстырғанда артта қалуы байқалады. Сөз ішіндегі дыбыстардың түсіп қалатын тұрақты қателері, қиын күрделі сөздердегі буындардың бұзылуы байқалады: велосипед – сипед, Республика – испублика.
Фонематикалық есту қабілетінің нашар дамуының салдарынан сөздің дыбыстық талдауы және жинақтау бұзылған [20].
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының үшінші деңгейінің сипаттамасы:
-бала байланыстыра сөйлегенде кейбір сөздерді білмейтіндігі және дұрыс қолдана алмайтындығы байқалады. Сөздік қорында зат есім, етістік көп кездеседі де сын есім, үстеу таптары аз кездеседі.
-тілдің грамматикалық жағының дамымағаны байқалады. Септік жалғауларды жұрнақтарды қолдануда қате жібереді. Сөз жасау қабілеті мүлдем дамымаған.
-сөйлегенде көбінесе тек жай сөйлемдерді қолданады, құрмалас сөйлемдер сирек кездеседі.
-бұл деңгейдегі көптеген балаларда сөздің буындарын дұрыс айтпау кемшіліктері сақталады да дыбыстық талдау, жинақтау әдісін меңгеруде қиындық туғызады.
А.В. Ястребова, Т.Б. Филичева, Г.В. Чиркинаның мәліметтері бойынша жалпы сөйлеу тілінің дамымауының үшінші деңгейі 5 – 6 жасар балаларда жиі кездеседі, бұл фразалық сөйлеу тілінде лексика – граматикалық және фонетикалық – фонематикалық дамымауымен сипатталады.
Сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілі компоненттер жүйесінде дыбыс айтуы күрделі бұзылған деп Л.Ф Спирова, А.В Ястребова, Н.Л.Ларинова, Т.Б.Филичева [21] айтты.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың дыбыс айтуы қалыптаспағандықтан оларда сөз құрамындағы дыбыстық талдау мен жинақтауы толық дамымаған және оқу мен жазуды меңгеруіне тікелей әсер етеді. Көптеген авторлар (Р.Е.Левина, Б.М.Гриншпун, Т.Б. Филичева) сөйлеу тілі дамымаған балалардың коммуникативті дағдыларының қалыптасуындағы қиындықтар орын алатынын дәлелдеген. Қарым – қатынас жеткіліксіздігі өз алдына танымдық және сөйлеу-ойлау әрекетіндегі қиындықтарға алып келеді. Сөйлеу тілінің тежелуі бар, яғни сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларға қарым – қатынас жасау қажеттілігінің төмендігі, диалогтық және монологтық сөйлеу тілдерінің қалыптаспауы, қатынас жасауға қызығушылығының жоқтығы, қатынас жағдайында бағдарлау білігінің аздығы тән.
Баланың өз бойындағы кемшілікке теріс көзқарасы, оның қарым-қатынасқа тез түсуіне кедергі болады. Баланың жетілмеген сөйлеу тілін дамытуға бағытталған логопедиялық жұмысты ұтымды ету мақсатымен, түзете - оқыту жұмысы мазмұнында мектеп жасына дейінгілердің коммуникативтік біліктілігін өсіруді алдын – ала қарастырған жөн.
Сөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың барлығына жалпы моторикасының икемсіздігі, оптика – кеңістік гнозисының бұзылуы тән. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың негізгі қимыл біліктері мен дағдылары жеткіліксіз қалыптасқан, қимылдары ырғақты түрде ұйымдастырылмаған, қимыл тежелуі жоғары, қимылды есте сақтауы мен зейіні төмен [ 22].
Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепке дейінгі жастан түзете-дамыту көмегін ұйымдастыруміндеттеріне мүмкіндігі шектеулі баланың мәселелері, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін мамандардың кешенді пән аралық тобының тексеруі; мектепке дейінгі жастағы дамуында сөйлеу тілі, көру және есту, қимыл-қозғалыс аппараты, эмоциональдық-ерік салаларында бұзылыстары бар, оқу, мінез-құлық пен қарым-қатынас салаларында қиындықтары бар және басқада әр түрлі ауытқулары бар балаларға оңалту, беймдеу және қоғамға ендіруге бағытталған медициналық-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық түзету көмегін кешенді түрде көрсету; ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі баланың жеке түзете-дамыту бағдарламасын (ЖДБ) құру және оны жүзеге асыру; мүгедек баланың жеке бейімдеу бағдарламасын жүзеге асыру; жеке, шағын топтық, топтық түрде түзете дамыту сабақтарын өткізу; отбасы жағдайында мүмкіндіктері шектеулі баланы тәрбиелеу мен оқыту туралы ата-аналарға (басқада бала тәрбиесіне жауаптыларға) кеңес беру, оқыту-ағарту жұмыстарын жүргізу; мүмкінді шектеулі балалармен жұмыс істейтін жалпы білім беру мекемелерінің педагогтарына балалардың психикалық және дене даму ерекшеліктері мен даму мүмкіндіктері, оқытудағы кездесетін қиындықтар туралы кеңестер беру мен әдістемелік басқару жұмыстарын жүргізу қажет.
Қазіргі таңда сөйлеу тіліндегі күрделі ақаулықтары бар мектеп жасына дейінгі балаларының саны көбеюде. Бірақ бұл балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымдар жеткіліксіз. Республикамыздың әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты сөйлеу тілінің ақаулықтарын жоюға бағытталған ғылыми дәлеледенген әдістерді қайта құруды талап етеді.
Демек, бұл мәселенің әлеуметтік мағынасы бар екенін ескеріп, әлі толық ұйымдастырылмағандықтан сөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың сөйлеу тілін дамытудың, соның ішінде сөздік қорын молайтудың тиімді жолдарын табу күттірмейтін мәселелердің бірі деп айтуға толық негіз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет