Кіріспе мәселенің өзектілігі



бет9/13
Дата28.11.2023
өлшемі314,5 Kb.
#130843
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
СТЖД балалардың сөздік қорын молайту

Онтогенетикалық қағида – балалардың тілін онтогенездегі ерекшеліктеріне (балалардың сөйлеу тілінің қалыпты жағдайда даму заңдылықтарын ескеру) сүйене отырып дамыту, себебі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілі қалыпты дамыған балалардың бойындағы заңдылықтар бойынша дамиды. Логопедиялық әсер ету әдістемесін құрастыру сөйлеу тілінің түрлері мен функцияларының пайда болу кезектілігін және онтогенездегі баланың іс-әрекет түрлерін ескеріп жүргізіледі. Баланың сөйлеу функциясының қалыптасуының объективті және субъективті жағдайларын талдау, жүргізуші ақаулықты және соның салдарынан күрделенген психикалық дамуының кемістіктерін айқындау көзделеді.

  • Сөйлеу тілінің психикалық дамудың басқа жақтарымен байланысты қағидасы. Бұл қағида сөйлеу тілінің басқа психикалық процестермен қалыптасуының өзара байланысын ашады. Сөзсіз психикалық процестердің (зейін, ойлау, есте сақтау, қабылдау, т.б.) даму барысында сөйлеу тілі дамуы үшін, жазбаша сөйлеу тілін меңгеру үшін қажетті психологиялық қор (база) қалыптасады.

  • Шоғырландыру қағидасы. Түзете-дамыту әрекеті бір лексикалық тақырып ішінде бір кезеңнен екіншіге өту барысында күрделенеді. Осы қағидаға сәйкес, оқыту және тәрбиелеу жұмысында берілген оқыту кезеңдері өзара байланыста болуы қажет: оқытудың мазмұны әр кезеңде балаларды жаңа, күрделі материалды меңгеруге дайындайды.

  • Бірізділік қағидасы. Бір жағдайларда тақырыптық пәнаралық байланыс болса, басқа жағдайларда педагогикалық ойы бойынша жалпы болады. Бұл қағиданың іске асырылу мақсатында оқу материалы қайталанып отырады да, жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда тұрақты біліктер мен дағдылар қалыптасады.

  • Жеке және дифференциалды ықпал ету қағидасы түзете-дамыту әрекетінде сөйлеу тілі бұзылысының құрылымын, этиологиясын, механизмін, бұзылыстың симптоматикасында балалардың тұлға ретінде қалыптасу ерекшеліктерін және танымдық мүмкіндіктерін ескеруді көздейді. Аталмыш қағида жұмыс темпінің жекешелігін өткен кезең материалын толық меңгергенде ғана оқытудың жаңа кезеңіне өтуді көздейді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет