Кіріспе мәселенің өзектілігі


Сөйлеу тіліне үйретудің қатынастық бағыттылығы қағидасы



бет10/13
Дата28.11.2023
өлшемі314,5 Kb.
#130843
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
СТЖД балалардың сөздік қорын молайту

Сөйлеу тіліне үйретудің қатынастық бағыттылығы қағидасы. Баланы қатынас жасаудың құралдарына ғана оқыту емес, сол құралдарды белсенді түрде тәжірибелік қатынаста қолдануда үйретуге бағытталған.

  • Тұлғалық бағдарлау қағидасын жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасындағы балаларды түзете-дамыту әрекетінде қолдану, білім беру процесін ұйымдастырудың ойын түрін эмоциялық қатынас негізінде көп қолдануды, қимыл белсенділігі тәртібін енгізуді, психикалық және физикалық жүктемені мөлшермен беруді, оқыту материалының баланың күнделікті өмірімен байланысын, көрнекі және дидактикалық құралдарды көп қолдануды қажет етеді.

    Арнайы әдебиеттердегі деректерді, негізгі түзету жұмыс бағыттары мен қағидаларын ескере отырып жалпы сөйлеу тілі дамымауының ІІ деңгейіндегі балалардың сөз түсінігі мен сөз қорын молайтуға және тұрмыстық ситуацияда айналасындағылармен қатынас жасауын дамытуға бағытталған жұмыс барысында қосымша төмендегідей қағидаларды басшылыққа алу тиімді деп санаймыз:

    • Қатынас құралы ретінде тілді нақты өмірлік, тұрмыстық ситуацияда меңгерту. Бұл қағида алдымен балаға күнделікті өмірлік ситуацияда айналасымен қарым-қатынас жасауға қажет категориялар мен ұғымдарды меңгеруге мүмкіндік береді.

    • Сөз қорын молайтуға және сөздің мағыналық жағын түсінуге қажет. Сөздік материалдарды жүйелеуде сөздің сөз өзгерту белгісін мүмкіншілігін ескеру қағидасы.

    Арнайы ұйымдастырылған сабақтардың ерекшелігі – балалардың сөздік қорын дамытуға бағытталған әдістемелік жұмыстарды кешенді әрі мақсатты түрде жүргізілуі. Арнайы ұйымдастырылған сабақтардың мазмұны:

    • Сөз түсінігін дамыту;

    • Сөйлеуін қалыптастыру;

    • Дыбыс айтуын қалыптастыру.



    Дыбыс айтуын қалыптастыру.
    Сөйлеу тілінің дамуының екінші деңгейіндегі балалардың дыбыс айтуының бұзылуы тұрақты болып келеді, фонетикалық-фонематикалық жағы толық деңгейде қалыптаспайды, 16-20 дыбыстарды айтуда әр түрлі кемшіліктер кездеседі:

    • Жеке дыбыстарды айта алмауды, үлгі бойынша қайталамайды;

    • Жеке дыбысты буында сөзде айтады, ауызекі сөйлеу кезінде айтылуы ұқсас дыбыстармен шатастырады (шана – сана, қайшы – қайсы, қозы- қожы, т.б.);

    • Жеке дыбысты дұрыс айтады, сөйлемде дыбыста тастап кетеді (Ағашқа қаға қонды);

    • Дыбыстарды бұзып айтады;

    • Сөздің буындық құрамы сақталғанымен, оның дыбыстық құрамының бұзылуы (ірімшік – іміршік, қуыршақ – құмыршақ, буратино – буритана, т.б.);

    П.А.Каше, Г.В.Чиркина, Т.Б.Филичеваның деректері бойынша ЖСТД балаларда ысқырық, ызың, сонорлы, африкат дыбыстар бұзылады. Көбінесе сонорлы й, л, г, к, х дыбыстарды шатастырады, кейбір дыбыстарды артикуляциасы қарапайым дыбыстармен алматырады (жалау – далау, сиыр – тыил, қарға – қайға, лақ – вақ, т.б.).
    ІІ деңгейдегі балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық жағын дамыту жұмысының негізгі мазмұны:

    • Балаларды тіл дыбыстарын басқа дыбыстардан ажырата білуге үйретеді.

    • Дыбыс бағытын анықтауға, алыстан шыққан дыбысты ажыратуға үйрету.

    • Баланың сөйлеу тілінде бар дыбыстарын дұрыс айтуын анықтау.

    • Жоқ дауыссыз дыбыстарды (п, б, м, т, д, н, к, қ, х, г, ғ), дауысты (а, ә, о, ө, у, ы, и, ұ) дыбыстардың дұрыс айтуын қалыптастыру, қойылған дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде бекіту, машықтандыру.

    • Сөздің дыбыстық, буындық құрамын қалыптастыру, сөздің ырғақтың құрамын шапалақтап көрсетуге үйрету.

    • Құрылымы әр түрлі буындарды қайталауға үйрету.

    Физиология саласында балалар мен жеткіншектерді зерттеу нәтижесінде (М.М.Кольцова) мынадай заңдылық анықталған: егер қолдың саусақтарының қимылы жасына сәйкес болса, онда сөйлеу тілі қалыпты дамиды. Егер де саусақ қимылдары қалыптаспай кешеуілдесе, онда сөйлеу тілі де кешеуілдейді. Сол себепті оқыту тәжірибесі кезінде біз
    Арнайы әдебиеттерде фонематикалық қабылдауын дамыту жұмысы төмендегідей кезектілікпен жүргізу керектігін көрсетеді:

    • Сөйлеу тіліне жатпайтын дыбыстарды тану;

    • Бірдей сөздерді, фразаны, дыбыс жиынтықтарын, дыбыстарды дауыстық жоғарлығына, күшіне, тембріне қарай ажырату;

    • Дыбыс құрамы жақын сөздерді ажырату;

    • Буындарды ажырату;

    • Фонемаларды ажырату;

    • Қарапайым дыбыстың талдау дағдаларын дамыту.

    Әр кезеңдегі жұмыс түрлеріне толығырақ тоқталайық.
    Бірінші кезеңде арнайы ойын, жаттығулар қолдану барысында балалардың әртүрлі сөзсіз дыбыстарды естіп ажырату дағдылары қалыптасады және есту зейінімен есте сақтауы дамиды. Бірінші сабақтарда балаларға мынадай сұрақтар қойылды: Далада не шулап жатыр? Кім сөйлесіп жатыр? Не шиқылдап тұр? т.б. Сабақта әр түрлі ойындарды қолдануға болады.
    1-ойын. Балалар дөңгеленіп тұрады. Одан кейін сылдырмақты әр бала кезек-кезек сылдырлатады. Ортада тұрған бала кімнің артында сылдырлағанын табу керек.
    2-ойын. Үстел үстіне әр түрлі заттар (дыбыс шығаратын ойыншықтар) қойылады. Қарындашпен заттарды ақырын соғып, қандай дыбыс шығаратынына көңіл аудару керек. Содан соң шымылдық артына қойып, бала қандай заттың дыбысы екенін анықтайды.
    Екінші кезеңде балаларды бірдей сөздерді, буынды дыбыстарды дауыстың күшіне, жоғарылығына және тембріне қарай ажыратуға үйрету керек. Дыбыс алыстан, жақыннан, қатты, ақырын естуін анықтау үшін әртүрлі ойын түрлерін кеңінен қолданадық. Мысалы, балаларға үй жануарларының суреттерін көрсетіп (бұзау, лақ, мысық, т.б.), жоғары, төмен, қатты, ақырын дауыстап еліктеуіш сөздерді (му, мә, мяу) айттым. Бала соған сәйкес суреттерді көрсетуі керек.
    Үшінші кезеңде балалар дыбыстық құрамы ұқсас сөздерді ажырата білуге үйренеді. Ол үшін төмендегідей ойынды пайдалануға болады.
    1-ойын. Тақтаға мынадай суреттер қойылады: бор, тор, лақ, бақ, май, тай, асық, қасық, балта, балға, т.б. Тақтаға шыққан балаға бір сурет беріледі, бала аталуы ұқсас суреттің астына қоюы керек. Нәтижесінде тақтада суреттер мынадай ретте орналасуы керек:
    Бор лақ май асық балта
    Тор бақ тай қасық балға
    Төртінші кезеңде буындарды ажыратуға үйренеді. Алдымен мынадай ойыннан бастаған тиімді. Буындарды атайды «ба-ба-ба-па», «ма-ма-мо», «қа-қа-ға», т.б. Балалар артық буынды табу керек.
    Бесінші кезеңде ана тіліндегі фонемаларды ажыратуға үйренеді. Алдымен дауысты дыбыстарды ажыратудан бастайды. Жұмыс тәсілдері. Балаларға суреттерді таратып, (поезд, торғай, жылаған кішкентай бала, т.б.) түсіндірдім: поезд «гу-у-у» деп гуілдейді; бала – «а-а-а» деп жылайды; жылан – «с-с-с» деп ысылдайды. Содан соң сол дыбыстарды кезекпен созып айттым: «а-а-а», «с-с-с» немесе «у-у-у». Бала соған сәйкес суретті көрсетуі керек. Біртіндеп бұл бағыттағы тапсырмаларды күрделендіріп ұсындым. Мысалы, сол дыбыстарды қысқа айттым (а, у, с); балаларға әр түсті текше таратылады. Балалар қызыл текшені «а» дыбысын естігенде, жасылды «у» дыбысын естіген кезде көтеру керек.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет