«Ойлан тап»
Іс-әрекетті білдіретін сөздерге заттың атын білдіретін сөздерді табуға үйрету.
Жүгіреді (бала, ит, мысық, ат);
Секіреді (қыз, бақа, мысық);
Жатыр (ата, апа, аға, күшік, ит);
Ұшады (ұшақ, шыбын, торғай, ара, қоңыз).
«Қатемді түзет»
Есту қабілетін дамыту. Сөйлем құрау дағдысын бекіту.
Логопед сөйлемді айтады. Балалар қатесін түзетіп, дұрысын айту керек. Логопед: ит ұшады, мысық сурет салды.
«Бір сөзбен айт»
Балаларға жалпылама атауын қалыптастыру тақырыбы бойынша бірнеше суреттер көрсетеді (ойыншық, үй жануарлары, т.б.). Логопед суреттердегі заттарды дұрыс ата, сосын бұл заттарды бір сөзбен қалай аталатынын айт.
«Заттарды сипатта»
Сын есімдерді белсенді сөйлеуде қолдану дағдыларын дамыту. Логопед балаға суретті көрсетіп, «Бұл не? Қандай?» деген сұраққа жауап беруін сұрайды. Тапсырманы өздігінен бірден орындай алмаса, үлгі бойынша орындаудан бастайды.
Алма қандай? (тәтті, қызыл, дәмді, домалақ)
Пияз қандай? (ащы, сары, домалақ)
Ағаш қандай? (биік, жасыл, жуан)
Көйлек қандай? (әдемі, қызыл)
Қарындаш қандай? (көк, ұзын)
Оқыту тәжірибесінің нәтижесін анықтау:
Оқыту тәжірибесі кезінде қолданылған әдістемелік жұмыстардың тиімділігін тексеру үшін сынаққа қатысқан балаларға алдынғы диагностикалық тапсырмалар берілді. Мысалы: ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған 7-8 жастағы балалардың сөздік қоры қаншалықты дамығанын анықтау үшін «Белгілі бір тақырыпқа байланысты суреттерді атап шығу» әдістемесі қолданылды. Әдістеменің мақсаты - қатысушының қабылдауын, және сөздік қорының қаншалықты жетілгенін анықтау. Орындау ережесі: суреттердің атауын атау. Мысалы, «Отбасы мүшелері» тақырыбында суретке қарап ата, әже, әке, ана, аға, қарындасты көрсетіп, атап шығу.
Тапсырманы орындаған баланың сөздік қорын анықтау үшін келесі көрсеткіштерге көңіл аударылды: суреттерді дұрыс атау, дыбыстарды дұрыс айтуы, ұқсас дыбыстармен шатастырмау, жұмсалған уақыт, көмектің қажет етуі.
Достарыңызбен бөлісу: |