Кіріспе мәселенің өзектілігі


Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын қалыптастыру



бет11/13
Дата28.11.2023
өлшемі314,5 Kb.
#130843
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
СТЖД балалардың сөздік қорын молайту

Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын қалыптастыру
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөз қорының және грамматикалық жағының даму ерекшеліктері Р.Е.Левинаның, Б.М.Гриншпуннің, С.Н.Шаховскаяның, Н.С.Жукованың, В.К.Воробьеваның, О.Е.Грибованың жұмыстарында қарастырылды. Ресей авторларының мағлұматтары бойынша ЖСТД балаларға тән ерекшеліктерге жататыны:

  • Ана тіліндегі тіл құралдарын меңгеру процессінің баялауы;

  • Енжар сөз қоры, белсенді сөз қорына қарағанда басым, бірақ оларды сөйлеу іс-әрекетінде өздігінен бірден қолдана алмауы;

  • Көбінесе заттың атын білдіретін сөздерді көп қолданып, етістік сөздер зат есімге қарағанда екі есе кем, ал сын есімдерді қолдануы мүлдем шектеулі болуы;

  • Сөздерді шатастыруы;

  • Жалпылама, абстанциялық сөздерді меңгеруінде қиындықтар кездесуі;

  • Жалғау, жұрнақтарды қолдану қиыншылықтары;

  • Сөз жасам, сөз өзгерту дағдыларының толық қалыптаспауы;

  • Сөйлемдегі сөз арасындағы байланыстың бұзылуы (аграмматизм);

  • Сөйлем құрылымының бұзылуы.

ІІ деңгейдегі балалар қарапайым фразаларды меңгере бастайды. Бұл бағыттағы балалармен жүргізілетін түзету жұмысының негізгі міндеттері:

  • Сөз түсінігін дамыту;

  • 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрамын меңгеру;

  • Белсенді сөз қорын молайту;

  • Алғашқы грамматикалық сөйлем категорияларын, түрлерін меңгеру.

Бұл деңгейдегі балалардың сөйлеу іс-әрекетін белсендіру және сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын дамыту жұмысының негізгі мазмұны:

  • 1-3 буыннан тұратын сөздерді дұрыс айтуын бекіту (доп, маса, машина, балапан, қарындаш, қарлығаш, т.б.)

  • Сөз өзгерту дағдыларының қарапайым түрлерін меңгеру (заттарды кішірейтіп айту). Басында балалар ондай сөздерді естіп ажыратуға үйретеді. Сосын ол сөздерді өздігінен сөздерді қолдануға үйренеді. Ол үшін алдымен көлемі бойынша заттарды көріп салыстырады, кейіннен логопед бастаған сөйлемді аяқтайды. Мысалы, «Атамда үлкен кітапбар, балада кішкентай кітапша бар», «Мен үлкен үйде тұрамын, күшігім кішкентай үйшікте тұрады».

  • Ауызекі сөйлеуде әр түрлі грамматикалық категорияларды қолдануға үйрету:

  • Сын есімдерді (үлкен-кішкентай, тәтті, ащы, әдемі, т.б.)

  • Сан есімді (бір, екі, көп, т.б.)

  • Кеңістікті білдіретін сөздерді қолдану дағдыларын қалыптастыру (астында, үстінде, қасында, алдында, т.б.)

  • Есімдіктерді (менің, сенің, оның, менікі, т.б.)

  • Жиі қолданылатын етістік түрлерінауызекі сөйлеуде қолдану (барды, келді, кетті, ішті,ұйықтады,алды, берді, ойнады, т.б)

  • Іс-әрекеті бойынша зат есімдерді табуға үйрету (ұшады – ұшақ, құс; кеседі – нанды; оқиды – кітапты; секіреді -бақа)

  • Заттарды, аңдарды, құстарды сипаттамасы бойынша табу;

  • Аталған сөзге ситуациялық ұқсастығы бойынша сөз табу (шана –қыс; дәптер, кітап - мектеп);

  • Геометриялық фигуралардың аттарын, негізгі түстерді ауызекі сөйлеуде өздігінен қолдануға үйрету (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, шеңбер, қызыл, көк, жасыл, қара);

  • Заттың бөлшектерін атауға үйрету (орындықтың аяғы, арқасы; машинаның дөңгелегі, кабинасы);

  • Үлгі бойынша жай сөйлемдерді құрастыру дағдысын бекіту (Айдос кел. Әсем тұр. айдос келді. Әсем тұрды.);

  • Сөйлемге тұрлаулы мүшелерді қосу арқылы сөйлемді кеңейту (Болат пен Алмас ойнады. Дана доп, қонжық сатып алды.);

  • Есімдік пен етістікті дұрыс қолдануын қалыптастыру (Мен ойнадым, ол ойнады, олар ойнады);

  • Сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету (Не ұшады? – Құс, маса ұшады.);

  • Септік жалғауларды дұрыс қолдануға үйрету.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ІІ деңгейдегі) балалардың сөйлеу түсінігін дамыту жұмысы мына бағыттарда жүреді:

  • Айналасындағылардың сөзін тыңдай білуге үйрету;

  • Заттың атын, іс-әрекетін, кейбір белгілерін анықтауға, түсінуге үйрету;

  • Сөздің жалпылама мағынасын түсінуін қалыптастыру;

  • Айтылуы және мағыналық жағы ұқсас сөздерді ажырату;

  • Диалогтік, монологтік сөйлеуге дайындау жұмыс барысында алдымен балалар логопедтің сұрағына сүйеніп жауап береді.

Логопедтің сұрағында жауаптың мазмұны, жауапқа қажет сөздер болуы керек. Мысалы: Кім отыр? – Ата отыр. Қыз не істеп жатыр? – Қыз ұйықтап жатыр. Бала сұрақты түсініп, өздігінен дұрыс жауап беруін меңгерген соң, етістіктің шақтарын, зат есімнің жекеше, көпше түрін, кеңістікті білдіретін сөздерді, жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыруға, септік жалғауларды мағынасын түсінуге бағытталған әр түрлі тапсырмалар берілді:
1-тапсырма. Әр түрлі айтылуы бойынша ұқсас сөздерді (зат есім) ажыратуға үйрету:
Бас – тас балға – балта
Бал – бар сақа – бақа
2-тапсырма. Суреттен көрсету:
Кім жүгіріп келді? Кім секіреді?
Кім жатыр? Кім ұйықтап жатыр?
3-тапсырма. Қарама-қарсы іс-әрекеттерді ажырату:
Көйлекті шеш – көйлекті ки;
Допты алып бар – допты алып кел;
Есікті аш – есікті жап.
4-тапсырма. Суреттен дұрыс көрсету:
Қыз шашын тарап отыр.
Қыздың шашын тарап отыр.
Сөз түсінігін дамыту жұмысы нәтижесінде ІІ деңгейдегі балалар сөздің кейбір грамматикалық түрлерін, қарапайым, қысқа әңгімелерді, ертегілерді түсіне бастайды.
Бұл кезеңде белсенді сөз қоры тұрмыста қолданатын сөздермен толықтырылады, алайда бұл сөздер нақты түсінікті білдірмей орынды қолданылмайды. Мысалы, балалар заттардың атауларын әрекет атауларымен және керісінше шатастырады. Бір заттардың атауларын ұқсас жағдай бойынша, бала басқа жағдайда осы заттарды кездестірсе басқамен алмастыруы мүмкін (такан-кесе, стакан-кесе; омала-су, орамал-су, т.б.). Бір сөзбен бірдей белгілері бар әр түрлі заттарды атайды және керісінше бір затты әр түрлі жағдайда бала әртүрлі етіп атауы мүмкін. Баланың зиятының даму деңгейі неғұрлым төмен болса, сөздердің негізгі мәтіні күрделі түрде алмастыру соғұрлым күрделі және жиі кездеседі. Сөйлеу тілі дамуының бұл кезеңі әлі де өткен кезеңдегі сипатта болады: сөздердің полисемиясы, сөздердің өзара грамматикалық байланысының жоқтығы, үшбуындық сөздерде буындардың құрамының сақтамауы, дыбыс айтуының қалыптаспауы.
Сөз қорын молайту жұмысын бағдарламадағы көрсетілген лексикалық тақырыптарға сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізу тиімді:

  • Сөздің номинитивті функциясын дамыту;

  • Сөздің мағынасын дамыту;

  • Сөздің ассоциативтік байланысын дамыту;

  • Сөздің семантикалық аясын қалыптастыру, кеңейту;

  • Сөз өзгерту дағдысынқалыптастыру;

  • Сөз қорын бекіту.

Сөздің номинативтік функциясын дамыту заттың атын атаудан басталады, сосын затты оны бейнесімен сәйкестендіріп атайды, басқа заттың арасынан сипаттамасы, белгісі бойынша затты табады.
Жұмыс барысында сөздің нақты мағынасын түсінуге, семантикалық белгілеріне, іс-әрекетіне көңіл бөледі және сұрақ қою арқылы логопед етістік сөздерді ойын барысында бекітуге үйретеді.
Сөздер бір-бірімен байланысып сөз тіркестерін, сөйлем құрайды. Сөз арасындағы байланыс (сөздің валенттілігі деп аталады) балаларда әр түрлі ассоциациялар (айту ұқсастығы, мағыналық, семантикалық белгілері, ұқсастықтары бойынша, т.б.) тудырады және жаңа заттарды атауына, белгілерін айтуға, мағынасы бойынша сөзді табуға ынталандырады. Сондықтан сөйлеу тілін дамыту барысында ассоциативтік байланысты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Көптеген ғалымдар сөз қорын молайтуда оның орны ерекше деп санайды, өйткені ассоциация ой-сананың, психиканың дамуының негізгі механизмі деп есептейді.
Ассоциацияны қалыптастыру зат есім, сын есім, етістіктердің семантикалық аясын құрастыру, кеңейту, синоним, антоним сөздерді меңгеру арқылы іске асады. Бұл бағытта жұмыс жүргізу барысында ескеретін жағдай:

  • Баланың берілген сөзді басқа сөздермен байланыстыра алу мүмкіншілігін ескеру;

  • Ұсынылатын сөз баланың жаңа сөздерді іздеп табуына, сөз өзгертуіне, сөз жасалуына, сөз тіркестерін, сөйлем құрауын ынталандыруна ықпал ететіндей болу керек. Мысалы, біз оқыту тәжірибемізде ынталандыру сөзі ретінде «қуыршақ» суреті беріледі. Ол сөзге балалар «әдемі, үлкен» деген ассоциацияларды айтады. Сосын логопед: Біз Айнашты (қуыршақты) серуенге шығуға дайындық. Не істейміз? – киіндіреміз. Қандай киімдер кигіземіз? – балалар киімдерді атайды (көйлек, пальто, бас киім, т.б.). Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Қуыршақтың пальтосы қандай? – Қызыл, жасыл, әдемі. Қуыршаққа негі жылы пальто кигіздік? (дала суық). Далада қуыршақ не істейді? – ойнайды, жүгіреді, секіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет