Кіріспе. Шап өзегі, шап жарығы. Негізгі бөлім


Шап аймағының, шап өзегінің, шап үшбұрышының, шап аралықтың топографиясы. Шап өзегінен өтетін анатомиялық құрылымдар. Ерлерде, әйелдерде және балалардағы ерекшеліктері



бет2/6
Дата27.03.2023
өлшемі99,14 Kb.
#76631
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
анатомия реферат

Шап аймағының, шап өзегінің, шап үшбұрышының, шап аралықтың топографиясы. Шап өзегінен өтетін анатомиялық құрылымдар. Ерлерде, әйелдерде және балалардағы ерекшеліктері.
Шап өзегінің ішкі тесігі, fascia transversa-ның талшықтарынан құралған. Ішкі сакина ұрык шылбырын алып тастағаннан кейін көрінеді. Бұл тесікгін ішкі не fascia transversа-ның астынан және vv. epigastricae interiors етеді. Будайды қысылып қалған шап жарығын және оның сырты бойынша жарык сақинасын кескен кездегі операцияда ескеру керек. Ол кезде жуан артерия a. epigastricae interiors-ны кесіп кетіп закымдап алуы мумкін. Көлденен шандыр ішкі тесік аймағында ұрык шылбырына өтеді және онын кабығын tunica vaginalis communis-ті түзеді. Шап өзгінін бойында т. obdominis intemus nea m. transveersus-тен ұрык шылбырына бұлшык ет талшықтарының шоғыры m. Cremaster шығып, оның бойымен умаға туседі. Funiculi spermatici-тің құрамына: 1. a. deferentalis-пен бірге vas deferens, 2. spermaticae, 3. n. spermaticus (n. genitofemoralis-тің тармағы) шап өзегінің сырткы тесігініің маңында ұрық шылбырына келеді. Құрсақтың алдынғы қабырғасын тап аймағында ішкі жағынан қарағанда, оны кабырғалық іш пердесі ары тұрады және қашарлар мен ойыстар бар. Plica epigastrica-ның бүйір былай орналасқан vasa epigastrica inferiora бойындағы іш пердесінен пайдасы екі ойыстын практикалық маңызы зор. Осы айтылған катпардың сыртында орналасқан ойыс fovea inguinalis lateralis шап өзегінің ішкі тесігіне сәйкес келеді. Екіншісі fovea inguinalis medialis plica epigastrica - нын ішкі жағында орналасқан. Осы ойыстар біріншісі жиі, екіншісі сирек кездеседі, жарык пайда болганда іш пердесі шығатын орын болып табылады. Erep fovea inguinalis lateralis арқылы шықса, онда қиғаш жарық деп, ат ereovea inguinalis medialis аркылы шыкса тік шап жарығы деп аталады. Fovea cupravesicalis-үлкен емес ойыс, ол біріккен куык өзегі кіндік пен ол іш пердесі шығатын жер деп артерияларының арасында да орталасқан, есептелмейді. Алдынгы бүйір қабырғасындағы шап аймағы маңайына беткей және терендегі сақиналарын проекциялау үшін шап жатады үш бұрышолданылады. Шап үшбұрышының қабырғалары: 1. Астынан - шап байламы: 2. Үстінен - шап байламынын сыркы және ішкі 1/3 боліктерінің арасында тік бұрыш еттін сыртына дейін жүргізілген горизонтлды сызык: 3. Медиалды тік бұрыш еттің сырткы шыры. Шап езгінің сырткы сақинасы шап үш бұрышының төменгі медиалды бұрышында және ruberculum pileum манына жатады. Шап өтетінін ішкі сақинасы, шап үш бұрышынын жоғарғы латералды бұрышы pina llica anterior superior-ге жакын орналасады.
Шап өзегінің 4 қабырғасын және 2 сақинасын ажыратады. Шап өзегінің алдыңғы қабырғасын сыртқы қиғаш бұлшықеттің апоневрозы құрайды. Кейбір адамдарда сыртқы қиғаш бұлшықеттің апоневрозы 1 қабатты, қалың мықты сіңірлі талшықтардан, ал кейбіреулерде жұқа, астындағы құрылымы көрініп тұрып, оңай ажыратылып талшықтардан тұрады. Шап жарығында сыртқы қиғаш бұлшықет апонервозы жұқалынады. 74% жағдайда сыртқы қиғаш бұлшықет апонервозы шап өзегі аймағында ішкі қиғаш бұлшықет талшықтарымен нығайады. Ол өзінің төменгі бөлігінде тығыздалады және шап байламын түзуге қатысады. Шап өзегінің төменгі қабырғасын шап байламы ( lig . inguinale ) түзеді. Ол мықын сүйектің жоғары, алдыңғы білігінен шат төмпешігі арасында тартылып орналасқан. Шап байламының ұзындығы 12 - ден 17 см дейін, ал өзінің тығыздығы бойынша шап өзегінің басқа қабырғаларынан тығыз болып келеді. - Шап өзегінің артқы қабырғасын көлденең шандыр құрайды , ол шап байламына жақындыған сайын қалыңдайды және тығыздалады, 0,8-1 - см қалыңдықтағы байламды ( tractus iliopubicus ) түзеді. Құрсақтың латеральды ойысы аймағында шандыр ішкі шап сақинасын түзуге қатысады. Шап өзегінің жоғарғы қабырғасын ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттердің төменгі бос жиектерінің бірігуі нәтижесінде 6- түзіледі. Бұл бұлшықеттердің ішкі жиектері тік бұлшықетке апоневроздык бөліктерімен бекітіледі және тік бұлшықетке қынап түзеді. Шап жарықтарының анатомиясын жақсы білу және хирургиялық жолмен қалпына келтіру әдістерін меңгеру үшін шапаралықты білу керек. Шап өзегінің жоғарғы және төменгі шапаралық қабырғалары арасындағы кеңістік. Шапаралықтың екі пішінін ажыратады: саңылау тәрізді сопақша және үшбұрышты. Саңылау тәрізді сопақша пішіндегі шапаралықтың биіктігі 1–2, ал үшбұрышты 2—3 см. Әйелдерде шапаралық ерлерге қарағанда кішірек. Шап аралығының ұзындығы үлкен болған сайын, шап жарықтарының пайда болу мүмкіндігі артады. Шап байламы тығыз бекітілгендіктен және тартылып тұрғандықтан қозғалыссыз , ал шапаралықтың биіктігі ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттердің төменгі жиектері деңгейінің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады. Жарықтарды хирургиялық жолмен қалпына келтіру әдістерінің барлығы шапаралықты қалпына келтіруге негізделген. Құрсақтың алдыңғы - бүйір қабырғасының бұлшықеттерінің пупартов байламына қатынасы әр түрлі, сондықтан шапаралықтың құрылысы оның орналасу деңгейіне байланысты болады.
Терең шап сақинасы ( anulus inguinalis profundus ) құрсақ қуысының латеральды ойысы түбiнде субперитонеальды орналасқан. Қалыпты жағдайда ерлерде құрсақ қуысы жағынан ұрық шылбырының шап өзегіне , әйелдерде жатырдың жұмыр байламы енетін орын болып табылады, ал патологиялық жағдайларда қиғаш шап жарықтарының шығатын орны. Ішкі шап сақинасының жиектері көлденең шандырдың тығыздалған талшықтарынан түзіледі. Ішкі шап сақинасы сырттан шап байламымен, ішкі жақтан ойысаралық қатпармен және сыртқы кіндіктік қатпармен шектелген. Ер лерде аталык бездiн ұмаға түсуі барсында көлденең шандырдың шапаралыққа тартылуынан су құйғыш тәрізді пішінге келеді. Көлденең шандыр ұрық шылбырының ішкі қабығын ( fascia spermatica interna ) түзеді. Беткі шап сақинасы ( anulus inguinalis superficialis ) сыртқы қиғаш бұлшыкет апоневрозының екі аякшасымен шектеледі: медиаль ды - шат сүйектердің біріккен жері буынының алдыңғы бетіне бекидi және латеральды - шат сүйектің төмпешігіне бекітіледі. Түзілген үшбұрыш жоғарыдан және сырттан апоневроздық талшықтармен сакинаны түзеді, олар пупартов байламының ортасына барып іштің ақ сызығынан жоғары және медиальды ( fibrae intercruralis ) , ал төмен және ішкері lig. reflexum түзеді. Беткі шап сақинасы аркылы өзектен ерлерде ұрық шылбыры не месе әйелдерде жатырдың жұмыр байламы шығады. Беткі шап сақинасының өлшемі орта есеппен ерлерде 2,5 × 1,5 см . Бұл ұма терісінің инвагинациясы кезінде оған сұқ саусақты кіргізуге мүмкіндік береді. Әйелдерде беткі шап сақинасының өлшемі екі есе кіші, сол себепті оларда шап жарықтары аз кездеседі. Шап өзегінің құрамын борпылдақ клетчатка мен одан өтетін ерлер де ұрық шылбыры және әйелдерде жатырдың жұмыр байламы құрайды. Ұрық шылбырының құрамына ұрық шығарушы өзек ( ductus deferens ), қантамырлар ( а. және v.v. deferentalis, a . testicularis, a. cremasterica, plexus venosus pampiniformis ), нервтер ( r . genitalis n. genitofemoralis, plexus sympathicus deferentalis, plexus sympathicus testiculais ), лимфалық тамырлар,  ішперденің семген қынаптық өсіндісінің қалдығы кіреді. Шап өзегі аймағында жоғарыда аталған элементтерді көлденең шандырмен ( ішкі ұрықтық шандыр ) және ішкі қиғаш бұлшықет туындысы аталық безді көтеруші бұлшықетпен ( м . cremaster ) жабылған. Жатырдың жұмыр байламы жатыр мүйізшесінен басталып терең шап сақинасына келеді де, шап өзегіне енеді, әрі қарай одан өтіп,  дәнекер тіндік эле менттерге бөлінеді және үлкен жыныстық еріндер мен шат симфизінде аяқталады. Шап өзегі құрылысының балалардағы ерекшеліктері. Балаларда шап өзегі салыстырмалы қысқа және енді болып келеді. Оның ұзындығы жаңа туған сәбиде 0,5-1,5 см. Ішкі және сыртқы шап сақиналары 1 жасқа дейін бір - біріне қарама - қарсы орналасады және жолы тікелей болады. Жасы ұлғайған сайын шап өзегінің ұзындығы үлкейеді және қиғаш түрге бағытталады. 1 жаста өзек ұзындығы 2,5 см - ге дейін ұзарады, 2—5 жаста 2,5 - нан 4,1 см - ге дейін ұзарады . Қыз балаларда шап өзегі пупартов байламына қатар орналасады, ал ұл балаларда - 5-10 бұрышта болады. Балаларда беткі шап сақинасы қиын анықталады, өйткені, сыртқы қиғаш бұлшықет апоневрозының жоғарғы және төменгі аяқшалары арасындағы фиброзды бөлгіш нашар дамыған. Ол ересектермен салыстырғанда жоғары орналасқан және баланың бойы өскен сайын төменге карай ығысып жылжиды. Беткі шап сақинасының көлемі бір жаста 0,7-1,4 см - ге тең. 15 жасқа дейін - 1 - ден 3 см - ге дейін болады. Терең шап сақинасы су құйғыш тәрізді және көлемі 0,2 - ден 0,4 см дейін болады. Шап өзегінің артқы қабырғасы ( көлденең шандыр балаларда нәзік түрдегі жапырақша жас ұлғайған сайын тығыздалады. Шапаралық өлшемі ұл балаларда ұзындығы 0,5 - ден 7 см - ге дейін , биіктігі 0,5 - ден 1,7 см - ге дейін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет